Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 26 қыркүйектегi N 1284 қаулысының жүзеге асырылу барысы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 12 мамыр N 578. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1996.10.04. N 1234 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi "Телерадио хабарлары мен деректер берудiң ұлттық спутниктiк жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 26 қыркүйектегi N 1284 P951284_ қаулысы негiзiнен мақсатты жүзеге асырылуда екенiн атап өтедi.
      Құрылатын инфрақұрылымдарды неғұрлым тиiмдi пайдалану және телерадио хабарлары мен деректер берудiң ұлттық спутниктiк жүйесiн (ТҰСЖ және ДБ) 1997 жылдың бiрiншi тоқсанында iске қосуды сөзсiз қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Үкiметiнiң ТҰСЖ және ДБ жобасы жөнiндегi жұмыс тобының жобаға дауыстық байланысты енгiзу туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. "Қазақстан телекоммуникация консорциумы" акционерлiк

қоғамының негiзгi мiндеттерi спутниктiк телерадио хабарларын, дерек
беру мен дауыстық байланысты ұйымдастыру болып табылады деп
белгiленсiн.
     3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар
министрлiгi бiр ай мерзiм iшiнде "Қазақстан телекоммуникация
консорциумы" акционерлiк қоғамына дауыстық байланыс саласында қызмет
жүргiзуге рұқсат беру мәселесiн қарасын және тиiстi лицензияны
ресiмдесiн.

     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады