Қазақстан Республикасының әлеуметтiк экономикалық дамуының индикативтiк жоспарларын әзiрлеу мен iске асыру тәртiбiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Респубикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 14 мамыр N 596. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.03.21. N 432 қаулысымен. ~P990432

      Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарларын қалыптастыру жөнiндегi өзара iс-қимылын ретке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының

 

индикативтiк жоспарларын әзiрлеу мен iске асырудың қоса берiлiп

отырған тәртiбi бекiтiлсiн.

     2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi,

министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, өзге де орталық және

жергiлiктi атқарушы органдар бекiтiлген тәртiпке сәйкес Қазақстан

Республикасының 1997 жылға және бұдан кейiнгi жылдарға арналған

әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарларын жасайтын

болсын.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрi

                                    Қазақстан Республикасы

                                          Үкiметiнiң

                                    1996 жылғы 14 мамырдағы

                                         N 596 қаулысымен

                                               Бекiтiлген


         Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық

           дамуының индикативтiк жоспарларын әзiрлеу мен

                         жүзеге асыру

                           Тәртiбi



 
       1. Осы Тәртiп Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарларын әзiрлеу мен iске асыру ұғымын, ұйымдастырушылық және методологиялық негiздерiн, сондай-ақ орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың өзара iс-қимылының мазмұнын, тетiктерiн айқындайды.
 
              I. Жалпы ережелер
 
      2. Индикативтiк жоспар Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң іс-әрекетi мен мемлекеттiк реттеу шараларының нәтижесiнде қол жеткiзуге болатын елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының аса маңызды мақсатты көрсеткiштерiнен (индикаторлардан) тұратын құжат.
      3. Әлеуметтiк-экономикалық дамудың индикаторлары ретiнде экономиканың дамуын, құрылымын және тиiмдiлiгiн, қаржы ахуалын, ақша айналымын, тауарлар мен құнды қағаздар рыногын, бағаның өзгеруiн, сыртқы экономикалық байланыстарды, жұмыспен қамтамасыз етудi, халықтың тұрмыс деңгейiн, экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды сипаттайтын көрсеткiштер пайдаланылады. Көрсеткiштердiң нақты тiзбесi индикативтiк жоспарды әзiрлеу кезiнде әлеуметтiк-экономикалық дамудың жоспарланатын кезеңге арналған мақсаттарға, мiндеттерге және басымдықтарға сәйкес айқындалады.
      4. Шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң белгiленген мақсаттарға жетуi үшiн экономикалық қызметiне реттеушi ықпал ететiн негiзгi құралдар құқықтық регламенттеу мен экономикалық тетiктер жүйесi (бюджет, салық, ақша-кредит және сыртқы экономикалық саясаты, бағалар мен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң және халықтың кiрiстерiн қалыптастыру саясаты, мемлекеттiк орталықтандырылған инвестициялар, мемлекеттiк сатып алулар жүйесi болып табылады). Экономикалық реттеушi тетiктер тiзбесi мен iс-қимыл бағдары, реттеушi тетiктер нақты сақтық мәнi елдiң жоспарланатын кезеңге арналған әлеуметтiк-экономикалық дамуының ұсынылатын мақсаттарына, мiндеттерiне және басымдықтарына сәйкес индикативтiк жоспарды қалыптастыру барысында айқындалады.
      5. Индикативтiк жоспарлау осы мақсаттарға сәйкес келетiн әлеуметтiк-экономикалық дамудың мақсаттарын, мiндеттерiн, басымдықтарын, индикаторларын қалыптастыру үрдiсiн, жоспарланатын кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясаттың негiзгi бағыттары және белгiленген нәтижелерге қол жеткiзу мақсатында әлеуметтiк және экономикалық үрдiстерге мемлекеттiк ықпал ету шараларын бiлдiредi.
      6. Индикативтiк жоспарлаудың негiзгi мақсаты ұлттық экономикалық серпiндi дамуын және оның құрылымдық қайта құрылуын қамтамасыз ету, дағдарыс құбылыстарының алдын алу және баяулату, елдiң экономикалық қауiпсiздiгi мен қорғаныс қабiлетiн қамтамасыз ету, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қызметiн алға қойылған жалпы ұлттық әлеуметтiк-экономикалық мiндеттердi шешуге бағдарлау болып табылады.
      7. Әлеуметтiк-экономикалық даму үрдiстерiнiң бiрлiгi мен мақсаттылығын қолдау үшiн индикативтiк жоспарлау төмендегi негiзгi талаптарды:
      республика экономикасын мемлекеттiк реттеу құралдарын тиiмдi пайдалануды;
      рыноктық тетiктердiң қызметi негiзiнде экономикалық өзiн-өзi реттеуiнiң жоғары деңгейiн, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң экономикалық бастамалар көтеруiне кеңiнен жол ашуды қамтамасыз етудi;
      әлемдiк тәжiрибеде жалпы қабылданған талдау әдiстерi мен дамуға болжам жасаудың қолданылуын;
      тиiмдi аймақтық саясаттың қамтамасыз етiлуiн қанағаттандыруға тиiс.
 
             II. Индикативтiк жоспарлау жүйесi
 
      8. Әлеуметтiк-экономикалық мiндеттердi шешу ұзақтығына қарай индикативтiк жоспарлау жүйесi стратегиялық (ұзақ мерзiмдi), орта мерзiмдi және жылдық жоспарлардан тұрады. Шешiлетiн мiндеттердiң маңыздылығына қарай индикативтiк жоспарлар макродеңгейде, аймақтық және салалық деңгейлерде жасалады.
      9. Стратегиялық (ұзақ мерзiмдi) жоспар 10-15 жылға жасалады және ұлттық экономиканың дамуының ұзақ мерзiмдi, алдағы мақсаттарын, мiндеттерiн және басымдықтарын, оларды iске асыру кезеңдерiн және мемлекеттiк әлеуметтiк-экономикалық саясаттың жалпы бағыттарын айқындайды.
      10. Кешендi түрде қарауды және ресурстарды артықшылықпен шоғырландыруды талап ететiн аса iрi, маңызы бар әлеуметтiк-экономикалық және ғылыми-техникалық проблемалар бойынша стратегиялық жоспар құрамында мемлекеттiк бағдарламалар жасалады. Олар өндiрiстiк-ресурстық әлеуметтiң өзгеруiн болжамдық бағалауды ескере отырып, осы проблемалардың кезең-кезеңмен шешiлуiн қарастырады, проблемаларды шешу мақсатында әлеуметтiк-экономикалық үрдiстерге өзара байланысты шаралар кешенiн және мемлекеттiк ықпал ету әдiстерiн құрайды. Мемлекеттiк бағдарламалар онда қойылған мақсаттарға қол жеткiзуге қажеттi кезеңге жасалады.
      11. Орта мерзiмдi жоспар (3-5 жылға) әлеуметтiк-экономикалық дамудың ұзақ мерзiмдi мақсаттары мен мiндеттерiн iске асыруға бағытталған мемлекеттiк әлеуметтiк-экономикалық саясатты және экономикалық реттеушi тетiктер жүйесiн айқындайды, стратегиялық жоспарларға, мемлекеттiк бағдарламаларға енген өлшеулердi (индикаторларды) нақтылауды қамтамасыз етедi және экономика мен әлеуметтiк саладағы шаралардың жоспарланатын кезеңге арналған барлық кешенiн бейнелейдi.
      12. Жылдық (ағымдағы) жоспар ағымдағы жылдың макроэкономикалық теңдестiру проблемасын шешуге, қажет болған жағдайда экономикалық реттеушi тетiктердi және қалыптасқан жағдайды ескерiп, орта мерзiмдi жоспарда белгiленген басқа да шараларды түзетiп отыруға бағытталған. Әлеуметтiк-экономикалық дамудың аса маңызды индикаторына тоқсандарға бейiмделiп болжам жасалады.
      13. Шаруашылық дамытудың ерекше, төтенше жағдайларына байланысты кезеңдерде (әлеуметтiк-экономикалық дағдарыстар, iрi табиғи және техногендiк апаттар) осы кезеңдердiң және шешiлуге тиiстi әлеуметтiк-экономикалық проблемалардың ерекшелiгiмен айқындалатын мерзiмдерге арналып арнаулы бағдарламалар мен жоспарлар жасалады.
      14. Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарлары жалпы ұлттық мақсаттар мен мiндеттердi, мемлекеттiк экономикалық саясаттың негiзгi бағыттарын және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң оларды жүзеге асыру жөнiндегi шараларын айқындайды.
      15. Облыстардың және Алматы қаласының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарлары - аймақтық проблемаларды шешуге бағытталған, өз қаржы көздерi есебiнен қаржыландырылатын бөлiгi бойынша дербес әзiрлейдi және жүзеге асырады, ал жалпы ұлттық проблемаларды шешуге және мемлекеттiк орталықтандырылған қаражаттар есебiнен қаржыландыруға қатысты бөлiгi бойынша Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарында айқындалған индикаторлар мен ресурстар қабылданады.
      16. Салаларды әлеуметтiк-экономикалық дамытудың индикативтiк жоспарлары салалық саясаттың негiзгi бағыттарын, саланы дамытудың түйiндi проблемаларын шешу жөнiндегi ұйымдастыру-техникалық және экономикалық шараларын айқындайды.
      17. Кәсiпорындар мен ұйымдар даму жоспарларын қолданылып жүрген заңдарға сәйкес мемлекеттiк әлеуметтiк-экономикалық саясат, экономикалық реттеулер, мемлекеттiк және салалық бағдарламалар, iшкi және сыртқы рыноктардағы сұраным, өнiмдердi, жұмыстарды (қызмет көрсетулердi) мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi келiсiм-шарттар тұрғысынан дербес жасайды және iске асырады.
 
          III. Индикативтiк жоспарлардың құрамы
 
      18. Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспары мемлекеттiк әлеуметтiк-экономикалық саясаттың негiзгi бағыттары туралы баяндамадан, республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуының аса маңызды көрсеткiштерiнен (индикаторлардан), Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк әлеуметтiк-экономикалық саясаттың негiзгi бағыттарын iске асыру жөнiндегi iс-қимыл жоспарынан, экономикалық реттеушi жүйеден, жоспарланатын кезеңде iске асырылатын мемлекеттiк бағдарламалардан тұрады.
      19. Мемлекеттiк әлеуметтiк-экономикалық саясаттың негiзгi бағыттары туралы баяндама Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң экономикалық қызметiнiң бағдарламасы, бюджеттiк жоспарлау, экономикалық реттеулер жүйесiн жетiлдiру үшiн негiз болып табылады және оған мынадай тауарлар кiредi:
      алға қойылған мақсаттарға қол жеткiзуге, экономика мен әлеуметтiк саланың қазiргi проблемаларына, олардың пайда болу себептерi мен макроэкономикалық индикаторларға ықпалына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң экономика мен әлеуметтiк саланың түйiндi проблемаларын шешу жөнiнде қолданып отырған шараларының тиiмдiлiгiне баға бере отырып, қалыптасқан әлеуметтiк-экономикалық жағдайға және өткен кезеңге арналған жоспардың iске асырылуына талдау жасау;

 

     жоспарланатын кезеңге арналған негiзгi мақсаттар, мiндеттер

және басымдықтар, олардың сандық және сапалық сипаттамасы;

     жоспарланатын кезеңдегi алға қойылған мақсаттарға қол жеткiзу

және ел экономикасының түйiндi проблемаларын шешу жөнiндегi

мемлекеттiк әлеуметтiк-экономикалық саясаттың негiзгi бағыттары.

     Бұл тарауда мынадай бағыттар айқындалады:

     а) макроэкономикалық саясат:

        ақша-кредит,

        салық салу және бюджет саясаты;

     б) құрылымдық-мекемелiк қайта құрулар:

        меншiк қатынастарын өзгерту,

        мемлекеттiк меншiктi басқаруды жетiлдiру,

        рыноктарды және рыноктық инфрақұрылымды дамыту,

        монополияға қарсы және баға саясаты,

        кәсiпкерлiктi дамыту;

     в) сыртқы экономикалық саясат:

        елдiң төлем балансын нығайту,

        сырттан алып пайдалану және сыртқы қарызды басқару саясаты,

        сыртқы экономикалық қызметтегi тарифтiк және тарифтiк емес

        реттеу саясаты,

        Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерге,

        басқа да елдерге қатысты саясаты,

        шетел инвестицияларын тарту саясаты;

     г) экономикалық саясат;

     д) инвестициялық саясат;

     е) ғылыми-техникалық саясат;

     ж) материалдық өндiрiстiң аса маңызды салаларын және олардың

        инфрақұрылымын дамыту;

     з) әлеуметтiк саясаты:

        әлеуметтiк қорғау,

        кiрiстер саясаты,

        жұмыспен қамту саясаты,

        бiлiм беру,

        денсаулық сақтау,

        мәдениет,

        тұрғын үй саясаты;

     и) экологиялық саясат;

     к) аймақтық саясат.


 
       20. Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының аса маңызды көрсеткiштерi (индикаторлары) елдiң экономикасындағы бағыт-бағдарды, конъюнктуралық және құрылымдық өзгерiстердi, қаржы ахуалын, халықтың тұрмыс деңгейiн, экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды және т.б. сипаттайды, оған қол жеткiзу үшiн жоспарланатын кезеңде реттеулердi барлық экономикалық жүйесi жұмылдырылады.
      Көрсеткiштердiң нақты құрамын жоспарланатын кезеңнiң ерекшелiгiне қарай Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi айқындайды және онда негiзiнен болжам жасалатын үрдiстердi бейнелей алатын неғұрлым маңызды макроэкономикалық сипаттамалар болуға тиiс.
      Аса маңызды көрсеткiштер экономика мен әлеуметтiк салаларда мемлекеттiк реттеу саясатын әзiрлеу мен жүзеге асыру үшiн негiз болып табылады.
      21. Мемлекеттiк экономикалық саясаттың негiзгi бағыттарын iске асыру жөнiндегi үкiметтiң iс-қимыл жоспары экономиканы реттеу жөнiндегi заңды және нормативтiк базаларды құруға және жетiлдiруге, аса маңызды әлеуметтiк экономикалық, соның iшiнде экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған шаралар кешенi мен орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға берiлген тапсырмалардан тұрады.
      22. Экономикалық реттеу жүйесi заттай, құндық және нормативтiк көрсеткiштер кешенiнен тұрады, солар арқылы мемлекет индикативтiк жоспарда белгiленген мақсаттарға қол жеткiзу мүддесi үшiн экономикаға ықпал етедi.
      Экономикалық реттегiштер жүйесiне мыналар кiредi:
      қызметтiң жекелеген түрлерiн лицензиялау, өнiмдердiң жекелеген түрлерiн экспорттау мен импорттауға арналған лицензиялар;
      меншiктiң барлық түрлерiнiң кәсiпорындарында конкурстық және контракт негiзiнде орналастырылатын өнiмдi (жұмыстар мен қызмет көрсетулердi) мемлекеттiң мұқтажы үшiн сатып алу көлемi;
      жекелеген салаларды, аймақтарды, кәсiпорындарды, ғылыми-техникалық прогрестiң басым бағыттарын қолдауға, сондай-ақ мемлекеттiк бағдарламаларды iске асыруға қажеттi орталықтандырылған қаржылық және валюта қаражаты, кредиттер;
      осы қаржыларды пайдалана отырып жүзеге асырылатын орталықтандырылған инвестициялар көлемi және маңызды құрылыстар тiзбесi, сондай-ақ сырттан алынатын қарыз көлемi және қаржыландырудың сыртқы көздерi есебiнен iске асырылатын жобалар тiзбесi;
      салық ставкаларының, амортизациялау нормалары мен есептеу тәртiбiнiң кредит үшiн проценттердiң, кеден бажының, салымдардың және т.б. өзгеруi;
      мемлекеттiк кәсiпорындардың жұмыс iстеуiнiң және экономикалық реформаны жүзеге асырудың шарттарын айқындайтын көрсеткiштер;
      халықты мекен-жайы бойынша әлеуметтiк қорғау мен әлеуметтiк проблемаларды шешу шаралары.
      23. Мемлекеттiк бағдарламалар ұзақ мерзiмдi индикативтiк жоспар құрамында неғұрлым маңызды әлеуметтiк-экономикалық проблемаларды шешу үшiн жасалады. Орта мерзiмдi және жылдық жоспарларды жұмыстың мазмұны мен қаржыландыру көлемi қаржыландырудың нақты жағдайына байланысты реттелiп отырады.
      24. Салалардың, облыстардың және Алматы қаласының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарының құрамын Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарының негiзiнде салалық және аймақтық ерекшелiктердi ескере отырып тиiстi орталық және жергiлiктi атқарушы органдар айқындайды.
      25. Кәсiпорындар мен ұйымдардың индикативтiк жоспарларының құрамын Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға жеткiзiлген үлгiлер мен көрсеткiштер негiзiнде өздерi дербес жасайды.
      26. Экономиканы басқарудың барлық деңгейлерiнде жасалатын индикативтiк жоспарлар құрамында Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген көлемде жұмылдырушы қуаттарды құру, дамыту және сақтау, жұмылдырушы резервтiң материалдық құндылықтарын жаңарту көзделуге тиiс.
 
             IV. Индикативтiк жоспарларды жасаудың
                    тәртiбi мен мерзiмдерi
 
      27. Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарын орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының қатысуымен Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, облыстар мен Алматы қаласының индикативтiк жоспарын - тиiстi жергiлiктi атқарушы органдар, салалардың индикативтiк жоспарын - орталық атқарушы органдар жасайды.
      Стратегиялық жоспарлар кәсiпорындар мен ұйымдардың қатысуынсыз жасалады, орта мерзiмдiк және жылдық жоспарлар кәсiпорындар мен ұйымдардың қатысуымен жасалады. Стратегиялық жоспарлар бекiтiлер алдында мiндеттi түрде экологиялық сараптауға тапсырылады.
      28. Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарының макроэкономикалық көрсеткiштерiн жасауды Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiмен өзара iс-қимылда (келiсiм бойынша) Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мен Қаржы министрлiгi жүзеге асырады.
      29. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, кәсiпорындар мен ұйымдардың жоспарлау жөнiндегi жұмыстарына әдiстемелiк басшылықты және үйлестiрудi Қазақстан Республикасының экономика министрлiгi жүзеге асырады.
      30. Стратегия және орта мерзiмдiк жоспарлар жасаудың тәртiбi мен мерзiмдерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң арнаулы қаулыларымен айқындалады.
      31. Жылдық жоспар төмендегiдей ретпен жасалады:
      Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар жоспарланатынның алдындағы жылдың 1 мамырына дейiн Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мен қаржы министрлiгiне орта мерзiмдi индикативтiк жоспарда белгiленген мемлекеттiк экономикалық саясатты нақтылау және нақтылану мүмкiндiгi жөнiнде ұсыныстарды (республикалық бюджеттен қаржыландыруға қатысты бөлiгi бойынша), Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi белгiлеген экономиканың тиiстi салалары мен секторларының аса маңызды көрсеткiштер бойынша даму болжамын ұсынады.
      Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мен Қаржы министрлiгi жоғарыда аталған ұсыныстарды, сондай-ақ әлеуметтiк-экономикалық процестердi дамытудың болжамдалатын бағыттарын ескере отырып жоспарланатынның алдындағы жылдың 15 мамырына дейiн Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының кеңейтiлген болжамын және келесi жылға арналған мемлекеттiк бюджеттiң кiрiстерi мен шығыстарының негiзгi параметрлерiнiң болжамын жасайды.
      Жоспарланатынның алдындағы жылдың мамырының қалған мерзiмi iшiнде Қазақстан Республикасының экономика министрлiгi мүдделi орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен мемлекеттiк бюджеттiң макроэкономикалық көрсеткiштерiн және кiрiстерi мен шығыстарының негiзгi параметрлерiнiң болжамын, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң ақшалай-кредит саясатын қосқандағы экономикалық саясаттың негiзгi бағыттарын келiседi.
      Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жоспарланатынның алдындағы жылдың 1 маусымына дейiн орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға мемлекеттiк әлеуметтiк-экономикалық саясаттың негiзгi бағыттарының түзетiлген нұсқасын, сондай-ақ рыноктық конъюнктураны сипаттайтын аса маңызды параметрлердi, мемлекеттiк бағдарламаларды жүзеге асыру жөнiндегi негiзгi көрсеткiштердi, жоспарланатын жылға арнап республикалық бюджеттен инвестициялық жобаларға және тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) мемлекеттiк сатып алуға арналған қаражат мүмкiндiгiн, сондай-ақ индикативтiк жоспар жасау үшiн нысандар мен көрсеткiштердi хабарлайды.
      Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар бiр апта мерзiм iшiнде индикативтiк жоспар жасауға тартылатын кәсiпорындар мен ұйымдарға осы ақпаратты хабарлайды.
      Экономиканың мемлекеттiк емес секторларының кәсiпорындары мен ұйымдарына (бақылау пакетi мемлекет қолында тұрған акционерлiк қоғамдардан басқа өндiрiстiк кооперативтерге, шаруашылық серiктестiктерiне) жергiлiктi атқарушы органдардың тарапынан хабарлайды.
      Кәсiпорындар мен ұйымдар, алынған ақпараттардың негiзiнде өзiнiң даму жоспарын өз бетiнше қалыптастырады және өздерiнiң келесi жылға арналған ниеттерi туралы жоспарланатынның алдындағы жылдың 1 шiлдесiнен кешiктiрмей тиiстi орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға хабарлайды.
      Акциялардың бақылау пакетi мемлекет қолында тұрған мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдар, акционерлiк қоғамдар келесi жылға арналған өздерiнiң ниеттерi туралы Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi айқындайтын көрсеткiштердiң шектеулi тiзбесi бойынша тиiстi орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға хабарлайды.
      Экономиканың мемлекеттiк емес секторындағы кәсiпорындар мен ұйымдар өздерiнiң ниеттерi туралы сауалнама жүргiзу тәртiбiмен мемлекеттiк басқарудың жергiлiктi органдарына хабарлайды. Әлеуметтiк-экономикалық дамуды талдау мен болжамдауға қатысты сауалнама жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi айқындайды.
      Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар кәсiпорындар мен ұйымдардың ниеттерi туралы жинақталған ақпаратты жоспарланатынның алдындағы жылдың 1 тамызынан кешiктiрмей Экономика министрлiгiне хабарлайды.
      Экономика министрлiгi мен қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiнiң қатысуымен тамыз айында экономикалық реттеушiлер жүйесi мен мемлекеттiк мұқтаждықтарды ресурстық қамтамасыз етудi қоса есептегендегi индикативтiк жоспар мен бюджет көрсеткiштерiнiң өзара байланысын жүргiзедi.
      Республиканың әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарының жобасы республикалық бюджет жобасымен бiр мезгiлде жоспарланатынның алдындағы жылдың қыркүйегiнен кешiктiрiлмей Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсынылады.
      Индикативтiк жоспардың жобасы Қазақстан Республикасының Үкiметiне қаралғаннан кейiн Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қатысуымен оны жетiлдiрудi қамтамасыз етедi және оның ақырғы нұсқасын жоспарланатынның алдындағы жылдың қарашасынан кешiктiрмей Үкiметке ұсынады.
      Өнiмдердi әзiрлеу, өндiру, жеткiзу, қорғанысты, қауiпсiздiктi және құқықтық тәртiптi қамтамасыз ету үшiн жұмыстар мен қызмет көрсетулердi орындау (мемлекеттiк қорғаныс тапсырысы) жөнiндегi жоспарларды құру Қазақстан Республикасының заңында белгiленген тәртiпте жүзеге асырылады.
 
            V. Индикативтiк жоспарларды қараудың және
                      қабылдаудың тәртiбi
 
      32. Қазақстан Республикасының Үкiметi жоспарланатынның алдындағы жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Мемлекеттiк экономикалық саясатты жүзеге асыру жөнiндегi iс-қимыл жоспарын, құрылысы мемлекеттiк орталықтандырылған қаржыландыру көздерiнiң есебiнен жүзеге асырылатын объектiлердiң тiзбесiн, басқа да реттеушi көрсеткiштердi бекiтедi.
      33. Облыстар мен Алматы қаласының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарлары "Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлеттi және атқару органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, салалар тиiстi орталық атқарушы органдардың басшылары тарапынан қаралады және бекiтiледi.
      34. Кәсiпорындар мен ұйымдар үшiн Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспары ұсыным сипатында болады. Экономиканы дамытудың негiзгi индикаторлары шаруашылық жүргiзушi субъектiлер үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шекте олардың өз дамуының жоспарлары мен бағдарламаларын жасау кезiнде бағдар болып табылады.
      35. Акциялардың бақылау пакетi мемлекеттiң қолындағы мемлекеттiк кәсiпорындар мен акционерлiк қоғамдар үшiн салалық және аймақтық индикативтiк жоспарлар оларды жүзеге асыру үшiн республикалық және жергiлiктi бюджеттен, соларға теңестiрiлген басқа көздерден бөлiнген қаражат бөлiгiнде орындауға мiндеттi болуы мүмкiн.
      36. Өнiмдердi (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) мемлекеттiк сатып алулар Қазақстан Республикасында тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) мемлекеттiк сатып алулар жүйесi туралы Ережеге және жергiлiктi атқарушы органдардың сол секiлдi ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.
 
            VI. Индикативтiк және бюджеттiк жоспарлаудың
                        өзара қарым-қатынасы
 
      37. Индикативтiк жоспарларды әзiрлеу кезiнде оларды алдағы жылы жүзеге асыру үшiн қажеттi қаражат көлемi мен экономикалық реттеушiлер жүйесi республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң кiрiстерiмен және шығыстарымен өзара байланысады.
      Бюджеттердiң кiрiс бөлiгi макроэкономикалық көрсеткiштерден туындап жоспарланады, ал шығын бөлiгi әлеуметтiк-экономикалық дамудың индикативтiк жоспарының мақсаттарына, мiндеттерiне және басымдылықтарына бағдарланады.
      38. Қазақстан Республикасының Үкiметi республикалық бюджеттiң жобасын Қазақстан Республикасының алдағы жылға арналған әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарымен бiр мезгiлде қарайды.
 
           VII. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың
                облыстардың және Алматы қаласының
                әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк
                жоспарларын қалыптастыру жөнiндегi өзара iс-қимылы
 
      39. Облыстардың және Алматы қаласының аумақтарында орналасқан меншiктiң барлық нысандарындағы кәсiпорындар мен ұйымдардың тиiстi облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерiне аймақтың орта мерзiмдi және қысқа мерзiмдi кезеңдерге арналған әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарының жобасына өздерiнiң ниеттерiн ұсынуы IV бөлiмде мазмұндалған тәртiпте жүзеге асырылады.
      Акциялардың бақылау пакетi мемлекеттiң қолындағы мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдардың, акционерлiк қоғамдардың ниеттерi жергiлiктi атқарушы органдарға ұсынылар алдында мiндеттi түрде тиiстi орталық атқарушы органдардың индикативтiк жоспарларының жобаларына ұқсастырылуы және байланыстырылуы қажет.
      Облыстардың және Алматы қаласының Әкiмдерi кәсiпорындар мен ұйымдардың ниеттерiн жинақтап қорытады, және облыстар мен Алматы қаласының әлеуметтiк-экономикалық дамуының негiзгi көрсеткiштерiн әзiрлейдi және тиiстi түсiндiрме жазбамен, есептеулермен және негiздемелермен бiрге Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiне ұсынады.
      Сонымен бiр мезгiлде жергiлiктi атқарушы органдар Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiне орталық атқарушы органдарымен келiспеушiлiк қалған көрсеткiштердiң тiзбесiн тапсырады.
      Егер тиiстi аумақтарда орналасқан кәсiпорындар мен ұйымдар, концерндердiң, корпорациялардың, консорциумдардың, жалдамалы кәсiпорындардың және т.б. (бұдан әрi - бiрлестiк) құрамына кiрсе, көрсеткiштер жалпы бiрлестiк бойынша берiледi.
      Егер бiрлестiктердiң құрамына кiретiн кәсiпорындар Қазақстанның бiрнеше облыстарының аумағына орналасса, олардың қызметiнiң көрсеткiштерi тиiстi аумақтар бойынша жеке-жеке ұсынылады.
      Бiрлестiктердiң құрамына қызметiнiң сипаты жағынан әр алуан салаларға жататын бiрнеше кәсiпорындар мен ұйымдар кiретiн жағдайда көрсеткiштер салалық кенiште ұсынылады.
 
            VIII. Индикативтiк жоспарларды жасауды ақпараттармен
                                 қамтамасыз ету
 
      40. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Еңбек министрлiгi, Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi және оның жергiлiктi жердегi органдары, мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (келiсiм бойынша), өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдар әлеуметтiк-экономикалық дамудың индикативтiк жоспарын жасау үшiн қажеттi ақпараттық-статистикалық материалдарды, сондай-ақ олардың белгiленген мерзiмге жүзеге асырылу барысына талдауларды Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiне және облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерiне ұсынады.
 
           IХ. Индикативтiк жоспардың жүзеге асуын бақылау
 
      41. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi тоқсан сайын, Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының ағымдағы жоспарын жүзеге асырудың барысы туралы Үкiметке ақпарат бередi.
      42. Қазақстан Республикасының Үкiметi әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарының орындалуы туралы Қазақстан Республикасының Президентiне ақпарат бередi.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады