Директивтiк кредиттер және өзара қарызды iшкiреспубликалық есептеу нәтижесi бойынша берiлген кредиттер жөнiндегi заңды тұлғалардың берешектерiн сату туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 28 мамыр N 652

      "1996 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2700 U952700_ Заң күшi бар Жарлығын орындау үшiн және директивтiк кредиттер мен өзара қарызды iшкiреспубликалық есептеу нәтижесi бойынша берiлген кредиттер жөнiндегi берешектердi қайтару мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жанындағы Кәсiпорындарды қайта құру жөнiндегi агенттiк заңды тұлғалардың директивтiк кредиттер және өзара қарызды iшкiреспубликалық есептеу нәтижесi бойынша берiлген кредиттер жөнiндегi берешектердi сату жөнiндегi уәкiлдi орган болып белгiленсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жанындағы Кәсiпорындарды қайта құру жөнiндегi агенттiк Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп, 20 күндiк мерзiмде заңды тұлғалардың қарыздарына саудаластық жүргiзу тәртiбi туралы ереженi әзiрлеп, бекiтсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару

 

жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жанындағы Кәсiпорындарды қайта құру

жөнiндегi агенттiк арқылы заңды тұлғалардың директивтiк кредиттер

және өзара қарызды iшкiреспубликалық есептеу нәтижесi бойынша

берiлген кредиттер жөнiндегi берешектерiн сатуға әзiрлеудiң қоса

берiлiп отырған Тәртiбi бекiтiлсiн.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрi

                                   Қазақстан Республикасы

                                         Үкiметiнiң

                                   1996 жылғы 28 мамырдағы

                                      N 652 қаулысымен

                                         бекiтiлген


       Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару

       жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жанындағы Кәсiпорындарды

       қайта құру жөнiндегi агенттiк арқылы заңды тұлғалардың

       директивтiк кредиттер және өзара қарызды iшкiреспубликалық

       есептеу нәтижесi бойынша берiлген кредиттер жөнiндегi

             берешектерiн сатуға әзiрлеу тәртiбi


          I. Заемшы кәсiпорындардың директивтiк кредиттер

                 бойынша қарыздарын реттеу тәртiбi



 
       1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заемшы кәсiпорындардың директивтiк кредиттер бойынша қарыздарын реттеу мақсатында директивтiк кредиттерге қызмет көрсететiн екiншi деңгейдегi банктерге (бұдан әрi - банктер) мыналарды ұсынсын:
      а) кредиттi пайдаланған уақытының барлығына жылына 10 процент өсiм есептей отырып, банктерге заңды тұлғалардан берешектi толық көлемiнде төлеттiру құқығын бере отырып, заңды тұлғалардың бiр бөлiгiнiң негiзгi қарыз сомасындағы берешегiн iрiктеп сатып алу;
      б) келiскен жағдайда банктер берешегi негiзгi қарыз сомасы мен кредиттi пайдаланған барлық уақытында жылына 10 процент өсiм сомасында өтеуге жататын заңды тұлғалардың тiзбесiн облыстық қаржы басқармалары бекiткен есеп-қисаппен қоса жасасын. Бұл тiзбенi банктер 1997 жылдың 30 мамырына дейiн Қазақстан Республикасының қаржы министрлiгiне жiберуi үшiн облыстық қаржы басқармаларына берсiн.
      в) 1997 жылдың 30 мамырына дейiн банктер заңды тұлғалар берешектерiн әрбiр сатып алу бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң облыстық басқармасымен шарт жасассын (1-қосымша).
      Банк өтеген кезде әрбiр заңды тұлға бойынша негiзгi қарыз бен кредиттi пайдаланған барлық уақытында жылына 10 процент өсiм мөлшерiндегi берешек сомасын Қазақстан Республикасының қаржы министрлiгi банк берешегiнiң сомасын осы заңды тұлғаның жалпы берешегiнiң сомасына (негiзгi қарыз және барлық бұрын есептелген проценттер) кемiтсiн;
      г) берешегiн сатып алу мақсатқа сай емес деп танылған заңды тұлғалар бойынша банктер 20 күн мерзiмде облыстық қаржы басқармаларына қабылдау-өткiзу актiсi бойынша мынадай құжаттарды бередi:
      шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң берешегiне билiк жасау құқығы туралы Қазақстан Республикасының қаржы министрлiгiне сенiм хат (2-қосымша);
      кредиттiк шарттар (банк - заемшы кәсiпорын, түпнұсқа);
      кепiлмен қамтамасыз ету туралы құжаттар.
      Банктер осы Тәртiптiң барлық шарттарын орындаған жағдайда Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi банктiң барлық берешегiн баланстан тыс есептеуден алып тастасын.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.05.06. N 795
               қаулысымен.
      2. Облыстық қаржы басқармалары 20 күн мерзiмде берешегiн банктер сатып алмайтын заңды тұлғаларға (3-қосымша) мыналар ұсынылсын:
      а) берешектердi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жанындағы Кәсiпорындарды қайта құру жөнiндегi агенттiк (бұдан әрi - Агенттiк) арқылы өткiзiлетiн саудаластық арқылы сату туралы келiсiм жасасу (4-қосымша);
      б) 20 күн мерзiмде заңды тұлғалармен жасалған келiсiмдердi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне жiберу;
      в) келiсiм жасамаған немесе жасаудан бас тартқан шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге талап қою (5-қосымша);
      г) талап шарттарын орындаудан бас тартқан жағдайда Қазақстан Республикасының тиiстi соттарының шаруашылық iстерi жөнiндегi алқаларына талап арызын беру (6-қосымша), сот органдарының аталған шаруашылық жүргiзушi субъектiлер бойынша тиiстi шешiмдерi осы кәсiпорындар бойынша қарыздарды сату құқығына сенiм хат, сондай-ақ кредиттiк шарттар, кепiлмен қамтамасыз ету құжаттары соттардың шешiмдерiн орындау жөнiнде шаралар қабылдау үшiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне жiберiледi.
 
         II. Заемшы кәсiпорындардың өзара қарызды iшкiреспубликалық
             есептеу нәтижесi бойынша берiлген кредиттер жөнiндегi
                     қарыздарын реттеу тәртiбi
 
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заемшы кәсiпорындардың өзара қарызды iшкiреспубликалық есептеу нәтижесi бойынша берiлген кредиттер жөнiндегi қарыздарын реттеу мақсатында осы кредиттерге қызмет көрсететiн банктерге мыналарды ұсынсын:
      а) кредиттi пайдаланған уақытының барлығына жылына 10 процент өсiм есептей отырып, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi банктерге заңды тұлғалардан берешектi толық көлемiнде алу құқығын, сондай-ақ кепiлге берiлген мүлiкке алу құқығын бере отырып, заңды тұлғалардың бiр бөлiгiнiң негiзгi қарыз сомасындағы берешегiн iрiктеп сатып алу;
      б) келiскен жағдайда банктер берешегi негiзгi қарыз сомасы мен кредиттi пайдаланған барлық уақытына жылына 10 процент өсiм сомасында өтеуге жататын заңды тұлғалардың тiзбесiн облыстық қаржы басқармалары бекiткен есеп-қисаппен қоса жасасын. Бұл тiзбенi банктер 20 күн мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының қаржы министрлiгiне жiберуi үшiн облыстық қаржы басқармаларына берсiн;
      в) 20 күн мерзiмде банктер заңды тұлғалар берешектерiн әрбiр сатып алу бойынша Қазақстан Республикасы қаржы министрлiгiнiң облыстық басқармасымен шарт жасассын (1 а-қосымша);
      Банк өтеген кезде әрбiр заңды тұлға бойынша негiзгi қарыз бен кредиттi пайдаланған барлық уақытына жылына 10 процент өсiм мөлшерiндегi берешек сомасын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасы қаржы министрлiгiмен жасалған кредиттiк шарттың сомасы бойынша банк берешегiнiң сомасын осы шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң жалпы берешегiнiң сомасына (негiзгi қарыз және барлық бұрын есептелген проценттер) кемiтсiн;
      г) берешегiн банктер өтемейтiн заңды тұлғалар банктерге (2 а-қосымша) заңды тұлғаның берешегiн Агенттiк өткiзетiн саудаластықтан сату туралы келiсiм жасау ұсынылсын (3 а-қосымша);
      д) жасалған келiсiм мен банк сенiм хат (4 а-қосымша) Қазақстан Республикасының қаржы министрлiгiне жiберу үшiн 20 күн мерзiмде облыстық қаржы басқармасына берiлсiн;
      е) келiсiм жасамаған немесе жасаудан бас тартқан барлық заңды тұлғалар бойынша банктер қаржы басқармаларымен бiрге банктiң атынан талап қою (5 а-қосымша);
      ж) талап шарттарын орындаудан бас тартқан жағдайда облыстық қаржы басқармаларымен бiрге банктiң атынан Қазақстан Республикасы тиiстi соттарының шаруашылық iстерi жөнiндегi алқаларына талап арызын беру (6 а-қосымша), сот органдарының заңды тұлғалар бойынша тиiстi шешiмдерi, сондай-ақ осы шаруашылық жүргiзушi субъектiлер бойынша қарыздарды сату құқығына банктiң сенiм хат соттарының шешiмдерiн орындау жөнiнде шаралар қабылдау үшiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне жiберiледi.
      Банктер осы тәртiптiң барлық шарттарын орындаған жағдайда Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi банктiң барлық берешегiн баланстан тыс есептеуден алып тастасын және олармен бұрын жасалған кредиттiк келiсiмдердiң күшiн жойсын.

 

     Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi аталған шарттар

бойынша шешiмдер қабылданбаған жағдайда Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлiгiмен кредиттiк шарттар жасаған банктерден

берешектердi банктердiң корреспонденттiк шоттарынан толық көлемде

(проценттер мен өсiмдi есепке ала отырып) алып қоюға сот органдарына

шағымдансын.


     Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:

     10 күн мерзiмде заемшы кәсiпорындардың қарыздарын реттеу

жөнiндегi тиiстi облыстық қаржы басқармаларына өкiлеттiк берсiн;

     1996 жылдың 20 қыркүйегiне дейiнгi мерзiмде және директивтiк

кредиттер мен өзара қарызды iшкiреспубликалық есептеу нәтижесi

бойынша берiлген кредиттер жөнiндегi қарыздарды сатуға қажеттi

тиiстi құжаттарды олардың түсуiне қарай Агенттiкке беретiн болсын,

сондай-ақ қарыздарды сату тәртiбi туралы шартта жасассын.

     ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.05.06. N 795

              қаулысымен.


          III. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi

               басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жанындағы

               Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру жөнiндегi

               агенттiк саудаластығына қойылған заңды

               тұлғалардың есептесу тәртiбi



 
       4. Заңды тұлғалардың директивтiк кредиттер және өзара қарыздарды iшкiреспубликалық есептесу нәтижесi бойынша берiлген кредиттер жөнiндегi талап қоюға ұсынылған берешектер көлемi кредиттiк шарттарға сәйкес есептеледi.
      5. Заңды тұлғалардың Агенттiк саудаластығына қойылған директивтiк кредиттер жөнiндегi берешектер көлемi негiзгi қарыздар мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң арнаулы қарыз шотына дебеттелген проценттер сомасынан, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң қолданылып жүрген қайта қаржыландыру ставкасы бойынша дебеттелген негiзгi қарыз сомасына қосымша проценттен құралады.
      6. Агенттiктiк саудаластығына қойылған өзара қарыздардың iшкiреспубликалық есебiнiң нәтижелерi бойынша берiлген кредиттер бойынша заңды тұлғалардың берешектерiнiң көлемi аталған кезеңде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қолданылып жүрген қайта

 

қаржыландыру ставкалары бойынша есептелген негiзгi қарыз бен

проценттердiң сомасынан қалыптасады, бұған баланстан тыс есепке

жатқызылған сәттен бастағандағы жылдық проценттердiң 20 процентi

қосылады.

     7. Есептесулер 1996 жылғы 15 қыркүйектегi жағдай бойынша

әзiрленедi.



     ЕСКЕРТУ. Қаулы III-тарау мен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1996.08.22.

              N 1045 қаулысымен. 


P961045_
 



                                       1,1а қосымша


                             ШАРТ


     Алматы қаласы                     1996 жыл "__"_____________


     Ереже негiзiнде iс-қимыл жасайтын, бұдан әрi "Қаржыминi" деп

аталатын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi атынан облыстық

қаржы басқармасының бастығы ____________________ және Жарғы

негiзiнде iс-қимыл жасайтын, бұдан әрi "Банк" деп аталатын

"____________________" акционерлiк банкi атынан басқарма

төрағасы________________төмендегiлер туралы осы шартты жасады.


                1. Шарттың мәнi


     1.1. Банк бұрын жасалған кредиттiк шарттар бойынша, атап

айтқанда, кредиттi пайдаланудың барлық уақытында (қосымшаға сәйкес,

қосымша осы шарттың ажырамас бөлiгi болып табылады) негiзгi қарыздың

сомасы есебiнен 10 проценттiк жылдық аударымымен тiкелей заемшылар

үшiн Қаржыминi алдындағы берешегiн өтеудi жүргiзедi.


                2. Тараптардың мiндеттерi


     2.1. Банк 1996 жылғы __________________дейiнгi мерзiмде негiзгi

қарыздың сомасында кредиттi пайдаланудың барлық уақытында 10

проценттiк жылдық аударымымен тiкелей заемшылар үшiн (қосымшаға

сәйкес)

___________________________________________________________________

___________________________________________теңгенi құрайтын

____________________ақшалай қаржыны Қаржыминiнiң шотына аударуға

мiндеттi.

     2.2. Қаржыминi төлем тапсырмасымен расталған ақшалай қаражаттың

түсуi негiзiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы "___"

__________________ N ____қаулысымен бекiтiлген тәртiпке сәйкес Банк

берешегiн азайтуды жүргiзедi.


                3. Тараптардың жауапкершiлiгi



 
       3.1. Банк Қаржыминiнiң шотына ақшалай қаражатты уақтылы

 

аудармаған жағдайда әрбiр кешiктiрген күн үшiн осы шарттың

2.1.-тармағына сәйкес жалпы соманың ________% есебiнде өсiм төлейдi,

бiрақ ___________% артық емес.

     3.2. Барлық даулы мәселелер Қазақстан Республикасының

заңдарында белгiленген тәртiппен шешiледi.

     3.3. Осы шарт бiрдей заңдылық күшi бар 2 (екi) данада жасалған.

     3.4. Шарт оған қол қойған күннен бастап күшiне енедi және

тараптардың осы Шартта қарастырылған мiндеттемелерiн орындағанға

дейiн қолданылады.

     3.5. Осы Шартқа өзгертулер мен толықтырулар тараптардың

келiсiмi бойынша жазбаша түрде қабылданады.

     3.6. Осы шартты бiр тарапты бұзуға жол берiлмейдi.


                  4. Тараптардың заңдық мекен-жайы


     Қазақстан Республикасының               Акционерлiк Банк

        Қаржы министрлiгi

     ________________________                __________________

     ________________________                __________________

     ________________________                __________________


                                         2 қосымша


                           СЕНIМХАТ


__________қаласы                     1996 жыл "___"_________

     "__________________" акционерлiк банкi осы сенiмхатпен

199__жылғы "  "_______________ N ______кредиттiк шартқа сәйкес

______________________________________________________________

     теңге сомасындағы

_______________________________________________берешегiн иелiк етуге

(борышқор-шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң атауы)

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне сенiм бiлдiредi.

     Осы сенiмхат Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiктi басқару

жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң жанындағы Кәсiпорындарды қайта

ұйымдастыру жөнiндегi агенттiк ұйымдастыратын қарыздар

саудаластығының бүкiл кезеңiнде күшiн сақтайды.


     Басқарма төрағасы


     Бас бухгалтер                        ____________________


                                       2а қосымша


                            ХАБАРЛАМА


                                        _________________________

                                        _________________________

                                        _________________________

                                        _________________________

     ___________қаласы          1996 жыл " " ____________________

     ____________________акционерлiк банкi 199__жылғы ""_________

     ____ N __________кредиттiк шартқа сәйкес жалпы сомасы_______

     ______________________________________________теңгеге

     Сiздiң берешегiңiз Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiктi

басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң жанындағы Кәсiпорындарды

қайта ұйымдастыру жөнiндегi агенттiк арқылы өткiзiлетiн қарыздар

саудаластығына қойылғаны туралы хабарлайды.

     Осыған байланысты Сiзге 5 күндiк мерзiмде келiсiм жасау

ұсынылады.


     Басқарма төрағасы

     ______________                           _______________


       М.О.


                                        3 қосымша


                           ХАБАРЛАМА


                                        _________________________

                                        _________________________

                                        _________________________

                                        _________________________


     ___________қаласы          1996 жыл " " ____________________


     ____________________облқаржыбасқармасы 199__жылғы ""_________

     ____ N __________кредиттiк шартқа сәйкес жалпы сомасы_______

     ______________________________________________теңгеге

     Сiздiң берешегiңiз Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiктi

басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң жанындағы Кәсiпорындарды

қайта ұйымдастыру жөнiндегi агенттiгi арқылы өткiзiлетiн қарыздар

саудаластығына қойылғаны туралы хабарлайды.

     Осыған байланысты Сiзге 5 күндiк мерзiмде келiсiм жасау

ұсынылады.


     Облқаржыбасқармасының бастығы

     ______________                           _______________

      М.О.


                                         4, 3а қосымша


                              КЕЛIСIМ


     ___________қаласы                   "__"_____________1996 жыл


     Бұдан әрi Қаржыминi деп аталатын Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлiгi___________________________ облыстық қаржы

басқармасының бастығы ___________________________________________

атына, бұдан әрi "Банк" деп аталатын ____________________________

_________________________________ акционерлiк банкi басқарма

төрағасы ____________________________атынан және бұдан әрi

"Борышкер" деп аталатын _________________________________________

атынан осы келiсiмдi жасады.


 
       1. Борышкер Банкiнiң алдындағы берешегiн қарыздарды жоюды жүзеге асырушы өкiлеттi орган - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң жанындағы Кәсiпорындарды қайта құру жөнiндегi агенттiк арқылы жүзеге асыруға келiсiм бередi.
      2. Проценттер мен есептелген айыппұлдың өсiмi ескерiлiп берешектi жоюға қойылған сома айқындалады және борышкер Банкi мен облыстық қаржы басқармасының тарапынан расталады, есептеу осы келiсiмге қоса берiледi,_____________ қосымша.
      3. Қарыздарды сатудың құны Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк

 

мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң жанындағы

Кәсiпорындарды қайта құру жөнiндегi агенттiк ұйымдастыратын қарыздар

саудасында аукциондық жолмен айқындалатын болады.

     4. Осы келiсiм тараптардың келiсiмiнсiз өзгертуге жатпайды.

     5. Осы келiсiм біреуi банкi үшiн, екiншiсi Борышкер үшiн,

үшiншiсi - қаржы басқармасы үшiн, Қазақстан Республикасының Қаржы

министрлiгiне беру үшiн 3 данада жасалады.


     Қаржыминiнен            Банкiден             Борышкерден

     _____________          __________          ______________

     _____________          __________          ______________


                                      5, 5а қосымша

                               __________________________

                                  (кәсiпорынның атауы)

                               __________________________

                                  (басшының аты-жөнi)

                               __________________________

                                  (заңды мекен-жайы)

     __________________________________________ сомаға


                              ТАЛАП


"  "______________N_______кредиттiк келiсiмге (шартқа) сәйкес

Сiзге ______________________________________________________

                 (мақсаттар)

____________________________________________________________

_____________________________________________________үшiн

  (хабарлануы туралы, кредиттi қайтару туралы, қойылған

   төлемдiк тапсырмалар туралы көрсету керек).

_____________________________  _____________________________

     (қамтамасыз етуге)

__________________________________теңге мөлшерiнде

____________________________________________________________

      (директивалық кредит, өзара есептесу бойынша

____________________________________________________________

кредит, айналымдағы қаражаттарға кредит екендiгi көрсетiлсiн)

кредиттiк ресурстар берiледi.

     Кредиттi өтеу мерзiмi __________________________________

болғанына қарамастан Сiз шарт бойынша қабылданған мiндеттеменi

кредиттiк берешектердi өтеу бөлiгiнде орындамадыңыз, оның үстiне

Сiзге ескерту-затта мазмұндалған Сiзге қызмет көрсетушi банкi мен

қаржы басқармасының талаптарын қанағаттандыру шаралары қолданылған

жоқ.

_____________________________ жағдай бойынша Сiздiң

________________________________________________________________

     (шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң атауы)

берешегi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң алдындағы

кредит бойынша_________________________________________________

_______________________________________ теңгенi құрайды.

кредит бойынша проценттерi ____________________________________

_____________________________________________теңге 1996 жылғы

" "__________хабарлама қағаз арқылы Сiз Қазақстан Республикасы


Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитеттiң жанындағы кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру жөнiндегi агенттiк өткiзетiн қарыздар саудасында Сiздiң қарызыңызды жүзеге асыру туралы жасалған келiсiм туралы хабардар болдыңыз, әйтсе де аталмыш ұсыныстың шарты да Сiздiң тарапыңыздан орындалмады.
      Осы айтылғандардың негiзiнде Сiзден пайда болған берешектерiн жою жөнiнде шұғыл шаралар қолдануыңызды не болмаса Сiздiң қарызыңызды жүзеге асыруға келiсетiндiгiңiз туралы келiсiм жасауыңызды сұраймыз, өйтпеген жағдайда __________________ облыстық қаржы басқармасы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының шаруашылық iстерi жөнiндегi алқасына хабарласуға мәжбүр болады, соның нәтижесiнде Сiз қолданылып жүрген заңда белгiленген мемлекеттiк баж

 

салығын төлеу жөнiнде қосымша шығынға отырасыз.

     Осы Талапқа жауапты бiздiң мекен-жайымызға заңмен белгiленген

бiр ай мерзiмде жолдауыңызды сұраймыз.

     Осы талапты қарау үшiн қажеттi құжаттар Сiзде бар.


     Қосымша:  1. Анықтама-есептесу 1 парақта

               2. Хабарлама-хат

               3. __________________


     Қаржы басқармасының

          бастығы                 _____________


                                          N 6, 6а қосымша

                                          Шаруашылық iстерi

                                          жөнiндегi алқа

                                          _____________________

                           Талапкер:      _____________________

                           Жауапкер:      _____________________


                         ТАЛАП АРЫЗ

________________________________________________________сомаға

____________________________________________N _________________

кредиттiк келiсiммен __________________________________________

_______________________________________________________________

     (шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң атауы)

_______________________________________________теңге сомаға

кредит ұсынды.

     Кредиттiк қайтарылуын қамтамасыз ету ретiнде______________

_______________________________________________________________

      (кепiлдiктiң атауы)

кепiлдiк, кепiл ұсынылды.

     Кредиттi өтеу мерзiмi _____________________________келгенiне

қарамастан _____________________________________________________

                (шаруашылық жүргiзушi объектiнiң атауы)

шарт бойынша қабылданған мiндеттеменi кредиттiк берешектердi өтеу

бөлiгiнде орындалады, оның үстiне жауапкер ескерту-хаттарда

мазмұндалған талаптарды қанағаттандыру шараларын қолданбады.

     " " ______________жағдай бойынша мерзiмi өткен берешектердiң

сомасы _________________________________________теңгенi кредиттiк

берешек ______________________________________теңгенi

кредит бойынша процент _________________________теңгенi

құрайды.

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________


сондай-ақ берешектердi Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң жанындағы кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру жөнiндегi агенттiк өткiзетiн қарыздар саудасы арқылы жүзеге асыру туралы келiсу туралы келiсiм жасалғандығы туралы хабарламаның негiзiнде

 

_______________________________тек _____________________________

____________пайдасына кредит және пайдаланғаны үшiн процент бойынша

сомасы __________________________________________________________

теңге берешектi өндiрудi не болмаса берешектердi Қазақстан

Республикасы Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк

комитетiнiң жанындағы Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру жөнiндегi

агенттiк өткiзетiн қарыздар саудасы арқылы жүзеге асыруға

келiсетiндiгi туралы келiсiм жасауға мiндеттеудi

                      СҰРАЙМЫЗ


     Қосымша:

     1. ____________________________ кредиттiк келiсiмнiң

     2. ____________________________ кепiлдiк хатының;

     3. ____________________________ хатының;

     4. Анықтама-есеп айырысудың;

     5. Банкке төленгендiгiн растайтын төлемдiк құжаттың;

     6. Жауапкерге талаптардың;

     7. Талаптардың жiберiлгендiгi туралы квитанциялардың;

     8. Талап арыз көшiрмесi жауапкерге жолданғандығы туралы

        растаудың;

     9. Хабарлама хаттардың көшiрмелерiнiң _______парақ құжаттар

        көшiрмесi.


     Қызметi                                      Аты-жөнi






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады