Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 28 мамырдағы N 652 қаулысына толықтыру енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 22 тамыз N 1045

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Директивтiк кредиттер және өзара қарызды iшкiреспубликалық есептеу нәтижесi бойынша берiлген кредиттер жөнiндегi заңды тұлғалардың берешектерiн сату туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 28 мамырдағы N 652 P960652_ қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 24, 207-бап) бекiтiлген Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жанындағы Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру жөнiндегi агенттiк арқылы заңды тұлғалардың директивтiк кредиттер және өзара қарызды iшкiреспубликалық есептеу нәтижесi бойынша берiлген кредиттер жөнiндегi берешектерiн сатуға әзiрлеу тәртiбiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      мынадай мазмұндағы III тараумен толықтырылсын:
      "III. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару
       жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жанындағы Кәсiпорындарды қайта
       ұйымдастыру жөнiндегi агенттiк саудаластығына қойылған заңды
       тұлғалардың есептеу тәртiбi
      4. Заңды тұлғалардың директивтiк кредиттер және өзара қарыздарды iшкiреспубликалық есептесу нәтижесi бойынша берiлген кредиттер жөнiндегi талап қоюға ұсынылған берешектер көлемi кредиттiк шарттарға сәйкес есептеледi.
      5. Заңды тұлғалардың Агенттiк саудаластығына қойылған директивтiк кредиттер жөнiндегi берешектер көлемi негiзгi қарыздар мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң арнаулы қарыз шотына дебеттелген проценттер сомасынан, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң қолданылып жүрген қайта қаржыландыру ставкасы бойынша дебеттелген негiзгi қарыз сомасына қосымша проценттен құралады.
      6. Агенттiк саудаластығына қойылған өзара қарыздардың iшкiреспубликалық есебiнiң нәтижелерi бойынша берiлген кредиттер бойынша заңды тұлғалардың берешектерiнiң көлемi аталған кезеңде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қолданылып жүрген қайта

 

қаржыландыру ставкалары бойынша есептелген негiзгi қарыз бен

проценттердiң сомасынан қалыптасады, бұған баланстан тыс есепке

жатқызылған сәттен бастағандағы жылдық проценттердiң 20 процентi

қосылады.

     7. Есептесулер 1996 жылғы 15 қыркүйектегi жағдай бойынша

әзiрленедi".


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады