Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы мемлекеттiк қызметтердi реформалау жөнiндегi комиссия туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 3 мамыр N 686. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.06.06. N 855 қаулысымен. ~P000855

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанынан Мемлекеттiк қызметтердi реформалау жөнiндегi комиссия мына құрамда құрылсын: 
     Қажыгелдин Ә.М.       - Қазақстан Республикасының
                             Премьер-Министрi (Комиссия төрағасы)
 
     Есiмов А.С.           - Қазақстан Республикасы
                             Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары
                             - Қазақстан Республикасының
                             Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк
                             комитетiнiң төрағасы, Комиссия
                             төрағасының орынбасары<*>

     Шөкеев Ө.Е.           - Қазақстан Республикасының Экономика
                             министрi

     Павлов А.С.           - Қазақстан Республикасының Қаржы
                             министрi

     Колпаков К.А.         - Қазақстан Республикасының Әдiлет
                             министрi

     Қасымов А.Қ.          - Қазақстан Республикасы Үкiметi
                             Аппаратының Басшысының орынбасары -
                             Аумақтық даму бөлiмiнiң меңгерушiсi,
                             Комиссия мүшесi<*>

     Райымов С.Р.          - Мемлекеттiк қызметтi реформалау
                             жөнiндегi комиссия хатшылығының
                             меңгерушiсi<*>

     Дорофеева В.Н.        - Комиссия хатшылығының сектор
                             меңгерушiсi, жауапты хатшы <*>

     Бегахметов Т.Қ.       - Қазақстан Республикасы Үкiметi 
                             Аппаратының басшысы<*>

     ЕСКЕРТУ. Комиссия құрамы толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1996.08.26
              N 1051 қаулысымен.   P961051_  
     Ескерту. Комиссия құрамына өзгерiстер енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.
              12.02. N 1465 қаулысымен.   P961465_  
     ЕСКЕРТУ. Құрам толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1997.02.06. N 161 
              қаулысымен.  

      2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк қызметтердi реформалау жөнiндегi Комиссияның қызметiн ұйымдық-ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында саны 5 адамнан тұратын, Комиссия Хатшылығының меңгерушiсi басқаратын Комиссия Хатшылығы құрылсын. 
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк қызметтердi реформалау жөнiндегi Комиссия Хатшылығы меңгерушiсiнiң лауазымы республикасы Үкiметi Аппараты бөлiм меңгерушiсi бiрiншi орынбасарының лауазымына теңестiрiлген, Комиссия Хатшылығының қызметкерлерiне республика Үкiметi Аппараты қызметкерлерi үшiн көзделген еңбек ақы тәртiбi мен өзге де жағдайлар қолданылсын. Комиссия Хатшылығы Қазақстан Республикасы Президентiнiң резиденциясына орналастырылсын. 
      3. Үкiмет құрамына енбейтiн министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, орталық атқарушы органдар, жергiлiктi атқарушы органдар, басқа да мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк қызметтердi реформалау жөнiндегi Комиссия үшiн қажеттi ақпараттарды талап етуi бойынша берсiн, оның жұмысына практикалық көмек көрсетсiн.
     4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк қызметтердi реформалау жөнiндегi Комиссия туралы Ереже бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi

                                     Қазақстан Республикасы
                                          Үкiметiнiң
                                     1996 жылғы 3 маусымдағы
                                        N 686 қаулысымен
                                           Бекiтiлген

           Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы
           Мемлекеттiк қызметтердi реформалау жөнiндегi
                         Комиссия туралы
                            Ереже

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк қызметтердi реформалау жөнiндегi Комиссия (бұдан әрi - Комиссия) өзiнiң қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Президент пен Үкiметтiң актiлерiне және осы Ережеге сәйкес жүзеге асыратын консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. 
      2. Комиссия қызметiнiң негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасында қоғамның, мемлекеттiң мүдделерi мен қазiргi халықаралық стандарттарға жауап бере алатын мемлекеттiк басқарудың тиiмдi жүйесiнiң қалыптасуына жан-жақты мүмкiндiк жасау болып табылады. 
      3. Комиссияның негiзгi мақсаттары мыналар: 
      мемлекеттiк басқару органдарының жүйелерiн, әкiмшiлiк басқарудың нысандары мен әдiстерiн, кадрлық жұмыс жүйелерiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар жасау; 
      орталық және жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының қызметiне жүйелi талдау жасау және оны жақсарту жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу; 
      орталық және жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарын реформалау барысын талдау және үйлестiру; 
      құрылымдар мен мемлекеттiк қызметтiң орталық және жергiлiктi персоналдарын басқаруды ұйымдастыруды ретке келтiретiн жаңа нормативтiк актiлер, ережелер, процедуралар әзiрлеу, қолданылып жүрген актiлердi қарау, оларды өзгерту жөнiнде ұсыныстар даярлау; 
      мемлекеттiк қызметтердi ұйымдастыру және реформалау мәселелерi бойынша конференциялар, мәжiлiстер, зерттеулер мен басқа да шаралар ұйымдастыру және өткiзу; 
      республиканың мемлекеттiк қызметшiлерiн даярлау және қайта даярлау үшiн халықаралық жобаларды үйлестiру; 
      Комиссия қызметiнiң негiзгi түрлерi және мемлекеттiк қызметтердi реформалау барысы бойынша есеп берулер әзiрлеу болып табылады. 
      4. Комиссия: 
      Үкiмет құрамына енбейтiн министрлiктерден, мемлекеттiк комитеттерден, орталық атқарушы органдардан, жергiлiктi атқарушы органдардан, басқа да мемлекеттiк органдардан оның құзырына жататын мәселелер бойынша қажеттi ақпараттарды талап етуге; 
      мемлекеттiк қызметтер мәселелерiн пысықтайтын ведомстволық және ведомствоаралық органдардың қызметiнде республика Үкiметi шешетiн мемлекеттiк қызметтердiң реформалануы және қалыптасуы проблемаларын қарауға және талқылауға қатысуға; 
      мәселелер кешенi және жекелеген бағыттар бойынша комиссиялар, жұмыс топтарын құруға, оның құзырына жататын мәселелердi шешу үшiн белгiленген тәртiпте ғылыми ұжымдарды, ғалымдарды, отандық және шетелдiк мамандарды тартуға; 
      оның құзырына жататын мәселелерi бойынша белгiленген тәртiппен конференциялар, мәжiлiстер шақыруға, басқа шаралар өткiзуге; 
      республика Үкiметiне, министрлiктерге, басқа да орталық және жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарына мәселелердi қарау туралы ұсыныстар енгiзуге; 
      өз қызметiнiң мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiмен, Парламент және Үкiмет аппараттарымен, басқа да орталық және жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарымен, ғылыми ұжымдармен, ғалымдармен, мамандармен, тиiстi халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимыл жасауға өкiлеттi. 
      5. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Комиссияға тiкелей басшылықты жүзеге асырады. Комиссия жұмысы жоспарға құрылады. Комиссия әзiрлеген материалдар Премьер-Министрге тапсырылады және белгiленген тәртiпте Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Президентiнiң қарауына енгiзiлуi мүмкiн. 
      6. Комиссия Хатшылығының меңгерушiсiн және оның басқа да қызметкерлерiн лауазымға тағайындау және лауазымнан босату республика Үкiметiнiң қаулысымен жүзеге асырылады. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады