"1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң iс-қимыл жоспары және 1996 жылға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметi шараларының кең ауқымды жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 қаңтардағы
N 56
қаулысын орындау үшiн және шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң басқаруындағы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк меншiкке есеп жүргiзу мен оның пайдалануына бақылау жасауды одан әрi жетiлдiру және жүйеге келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi 1996 жылдың 15 маусымына дейiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне ақпаратты машинамен таратуға арналған Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргiзушi және өзге де субъектiлерiнiң толық мемлекеттiк тiркелiмiн, сонымен бiрге субъектiлер бойынша меншiктiң мемлекеттiк үлесiнiң нысаны бойынша 1-қосымшаға сәйкес, ал қалғандары бойынша - 2-қосымшаға сәйкес беретiн болсын.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi алынған тiркелiмдер үшiн төлем жасасын.
3. Шаруашылық жүргiзушi және өзге де субъектiлердiң мемлекеттiк тiркелiмiн ұстаушы функциясы Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнде сақталсын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 6 маусымдағы
N 716 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасының Статистика және талдау
жөнiндегi мемлекеттiк комитетi заңды тұлғалар бойынша
мемлекеттiк меншiктiң толық (iшiнара) үлестерiмен
беретiн көрсеткiштерiнiң
Тiзбесi
___________________________________________________________________
Рет | Алаңның атауы | Мақсаты
N | |
___________________________________________________________________
1. ОКПО коды ОКПО бойынша объектiнiң бiрдейлiк коды
2. Аты Объектiнiң атауы
3. СОАТО коды СОАТО бойынша аумақ коды
4. 1-аумақ Аумақ атауы (облыс/аудан)
5. 2-аумақ Аумақ атауы (аудан/елдi мекен)
6. Пошта Пошта индексi
7. Мекен-жай Көшенiң атауы және офис үйiнiң нөмiрi
8. Телефон Офистiң телефоны
9. Директор Директордың фамилиясы, аты-жөнi
10. ОКОНХ коды ОКОНХ бойынша салалар коды
11. Сала Салалар атауы
12. СООГУ коды СООГУ бойынша басқарма органының коды
13. Министрлiк Басқарма органының атауы
14. КФС коды КФС бойынша меншiк нысанының коды
15. Жекеменшiк Меншiк нысанының атауы
16. КОПФ коды Ұйымдық-құқықтық нысанының коды
17. КТП коды Кәсiпорын үлгiлерiнiң коды
18. Жарғылық қор Жарғылық қордың мөлшерi, теңге
19. Құрылтайшы Құрылтайшының атауы
20. Құрылтайшының коды ОКПО бойынша объектiнiң бiрдейлiк коды
21. Үлес Құрылтайшының жарғылық қордағы үлесi %
22. Банк Банк атауы
23. Шоты Есеп айырысу шотының коды
24. Нөмiрi Салық төлеушiлердiң тiркеу нөмiрi
25. Саны Жұмыс iстейтiндердiң орташа саны, адам
26. Негiзгi қорлар Негiзгi қорлардың құны, мың теңге
27. Пайда Баланстық пайда, мың теңге
28. Көлем Өндiрiс көлемi, мың теңге
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 6 маусымдағы
N 716 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасының Статистика және талдау
жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жеке шаруашылық жүргiзушi
субъектiлер бойынша (мемлекеттiк меншiктiң үлесiнсiз)
беретiн көрсеткiштерiнiң
Тiзбесi
___________________________________________________________________
Рет | Алаңның атауы | Мақсаты
N | |
___________________________________________________________________
1. ОКПО коды ОКПО бойынша объектiнiң бiрдейлiк коды
2. Аты Объектiнiң атауы
3. СОАТО коды СОАТО бойынша аумақ коды
4. 1-аумақ Аумақ атауы (облыс/аудан)
5. 2-аумақ Аумақ атауы (аудан/елдi мекен)
6. Пошта Пошта индексi
7. Мекен-жай Көшенiң атауы және офис үйiнiң нөмiрi
8. Телефон Офистiң телефоны
9. Директор Директордың фамилиясы, аты-жөнi
10. ОКОНХ коды ОКОНХ бойынша салалар коды
11. Сала Салалар атауы
12. КФС коды КФС бойынша меншiк нысанының коды
13. Жекеменшiк Меншiк нысанының атауы
14. КТП коды Кәсiпорын үлгiлерiнiң коды
15. Құрылтайшының коды ОКПО бойынша құрылтайшының бiрдейлiк коды
16. Саны ОКОНХ және КТП бойынша аралық саны