1. 1996 жылы Қазақстан Республикасының қаржы секторын құрылымдық қайта жаңғырту үшiн халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкiнiң займын тарту мақұлдансын.
2. Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкiнiң қаражаты 180 млн. АҚШ доллары сомасында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң депозиттiк шотына түсетiн болып белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мен Қаржы министрлiгi бiрлесiп осы бағдарламаны Қазақстан Республикасының 1996-1998 жылдарға арналған басым бағдарламалар мен жобалардың тiзбесiнде ескеретiн болсын.
4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне банк секторын қалыптастыру жөнiндегi жұмыстарды жүзеге асыру мен Халықаралық Қайта жаңарту және Даму Банкiмен келiсiлген негiзгi элементтердi:
Тұранбанк қызметiн сауықтыру;
банктердi жетiлдiру мен банктерге, тиiстi халықаралық стандарттарға көшу;
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiн институционалдық дамыту;
проблемалық займдар мен проблемалық банктер жөнiндегi iс-қимыл жоспары бойынша жүзеге асыру ұсынылсын.
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1996 жылдың 31 маусымына дейiн:
Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдаудың мемлекеттiк қорына берiлген өтелмеген кредиттер проблемасын шешу;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнен немесе Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кепiлдiгiне кредит алған кәсiпорындардың, ұйымдардың берешектерi проблемаларын шешу жөнiндегi iс-қимыл жоспарын әзiрлесiн.
6. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Халықаралық
Қайта жаңарту және Даму Банкiнiң банкроттық туралы Қазақстан Республикасы Заңын қабылдау мәселесi жөнiндегi шарттарын орындауды қамтамасыз етсiн. 7. Займды дайындауды және сатуды үйлестiру мен оған бақылау жасау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жанындағы Шет ел капиталын пайдалану жөнiндегi комитетке жүктелсiн. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары