1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi он күн мерзiмде Павлодар 1-ЖЭО балансында тұрған мүлiктi өткiзу-қабылдау актiсi бойынша Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi комитетiне берсiн.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрлесiп 1996 жылғы 15 шiлдеге дейiн Павлодар 1-ЖЭО-ны қаржылық және экономикалық сауықтыру үшiн қажеттi инвестициялық қажеттiлiгiн айқындасын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi, Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бiр ай мерзiмде Павлодар 1-ЖЭО сыртқы және iшкi қарыз мiндеттемелерiн өтеу тетiгiн әзiрлесiн.
4. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк
комитетi 1996 жылғы 1 тамызға дейiн Павлодар 1-ЖЭО-нiң мүлiктiк кешенiн жекешелендiру жөнiнде ашық тендер өткiзсiн. 5. Осы қаулының орындалуына бақылау Премьер-Министрдiң орынбасары Г.Г. Штойкке жүктелсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi