"Қазагрореммаш-холдинг" ауыл шаруашылығы машиналарын жасау және агросервис мемлекеттiк холдинг компаниясының құқықтық мұрагерлiк мәселелерiн реттеу туралы<*> ЕСКЕРТУ. Қаулыға өзгерiстер енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.11.18. N 1600 қаулысымен. ~P971600

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 28 маусым N 833

      "Шетел кредиттерiн өтеудi қамтамасыз ету жөнiндегi құқықтық мұрагерлiк мәселелерiн реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 11 қаңтардағы N 51 P960051_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "Қазагрореммаш - холдинг" ауыл шаруашылығы машиналарын жасау және агросервис мемлекеттiк холдинг компаниясының герман кредитi есебiнен алынған жабдықтар жөнiндегi берешегi қосымшаға сәйкес "МБК" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi (бұдан әрi - "МБК" ЖШС) және "Агропищемаш-Мефам" қазақстан-голланд-герман бiрлескен кәсiпорнының балансына берiлсiн. <*>
      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi 7 612 980 (жетi миллион алты жүз он екi мың тоғыз жүз сексен) немiс маркасы сомасындағы герман кредитiн "МБК" "ЖШС" және "Аропищемаш-Мефам" бiрлескен кәсiпорнына қайта ресiмделсiн. <*>
      3. "Аропищемаш-Мефам" бiрлескен кәсiпорны:
      1996-2000 жылдар iшiнде негiзгi қарыздың және барлық қосымша төлемдердiң кредит валютасымен немесе қайтару сәтiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi белгiлеген бағам бойынша теңгемен республикалық бюджетке қайтарылуын қамтамасыз етсiн;
      бiр ай мерзiмде қажеттi кепiлдемелiк және кепiлдiк мiндеттемелердi көрсете отырып кредиттiк ресурстардың республикалық бюджетке қайтарылуы жөнiнде Қаржы министрлiгiмен шарт жасассын. <*>
      4. Қазақстан Экспорт-импорт банкi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң келiсiмi бойынша банктiк сараптаманың негiзiнде бiр айлық мерзiмде "МБК" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiмен 1998-2002 жылдардың iшiнде "МБК" ЖШС тарапынан негiзгi борыш пен несие валютасында немесе төлем күнгi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген бағам бойынша теңгеде, барлық iлеспе төлемдердi республикалық бюджетке қайтаруды қамтамасыз ету үшiн қажеттi кепiлдiктер мен кепiл мiндеттемелердi ұсыну арқылы шетелдiк несиенi өтеу жөнiндегi несиелiк шарт жасассын. <*>
      5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
      "Қазагрореммаш" акционерлiк қоғамын "Агропищемаш-Мефам" бiрлескен кәсiпорнына кiретiн мүлiктiң мемлекеттiк үлесiне иелiк ету, пайдалану және басқару құқығымен "Агропищемаш-Мефам" бiрлескен кәсiпорнына қазақстан тарапынан құрылтайшы етiп белгiленсiн;
      "Алматыпищереммаш" акционерлiк қоғамының мемлекеттiк үлесiн өндiрiстiк алаң, офистiк үй-жай, тұрмыстық және қойма үй-жайы, байланыс құралдары түрiнде "Агропищемаш-Мефам" бiрлескен кәсiпорнына герман кредитiнiң өтелу мерзiмi аяқталғанға дейiн пайдалану

құқығымен берсiн.
     6. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi қайта
өңдеу салаларын дамыту бағдарламаларында ауыл шаруашылығы тауар
өндiрушiлерi үшiн жабдықтар дайындау жөнiндегi "Агропищемаш-Мефам"
бiрлескен кәсiпорнының мүмкiндiгiн ескерсiн.

     Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрiнiң
          орынбасары
                                      Қазақстан Республикасы
                                           Үкiметiнiң
                                      1996 жылғы 28 маусымдағы
                                           N 833 қаулысына
                                                 қосымша
     ЕСКЕРТУ. Қосымша өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.11.18. N 1600
              қаулысымен.

         "Қазагрореммаш-холдинг" ауыл шаруашылығы машиналарын
         жасау және агросервис мемлекеттiк холдинг компаниясының
         Герман Федеративтiк Республикасы берген кредит бойынша
         берешегiн қайтару жөнiндегi құқықтық мұрагер-ұйымдары
                        мен кәсiпорындарының
                             Тiзбесi
___________________________________________________________________
  Ұйымның, кәсiпорынның      |     Жабық       | Немiс маркасындағы
        атауы                |      түрi       |      сомасы
___________________________________________________________________
"МБК" ЖШС" 
<*>
                    Шағын наубайхана,
                               шағын диiрмен,
                               макарон өндiрiсi
                               жөнiндегi желi       1251392,1
"Агропищемаш-Мефам" БК         Металл өңдейтiн
                               жабық, ғимаратқа
                               арналған жабдықтар,
                               өндiрiстi
                               бағдарламалық
                               қамтамасыз ету       6361587,9 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады