Мүлiктi бағалау үшiн негiзгi базаны одан әрi жетiлдiру мақсатында және инфляция қарқынының бәсеңдеуiне байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
"Қазақстан Республикасында негiзгi қорларды (құрал-жабдықтарды) индекстеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 21 қазандағы N 1178 P941178_ қаулысна (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 44, 475-бап) мынадай толықтыру мен өзгерту енгiзiлсiн:
1-тармақ "1 шiлдедегi жағдай бойынша жылына екi рет" деген
сөздерден кейiн "ал 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1996 жылғы 1
қаңтардан бастап жылына бiр рет" деген сөздермен толықтырылсын;
аталған қаулымен бекiтiлген Кәсiпорындардың, ұйымдар мен
мекемелердiң негiзгi қорларын (құрал-жабдықтарын) индекстеу тәртiбi
туралы ереженiң 2-тармағындағы ("тұрғын үйлерден басқалары") деген
сөздер ("оның iшiнде тұрғын үй қоры иелiгiндегi") деген сөздермен
ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
орынбасары