Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi iс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Оңтүстiк Топар кен басқармасы" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiнiң жарғылық қорынан 60 процент мөлшерiндегi бөлiгiн сату үшiн Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне берсiн.
2. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Оңтүстiк Топар кен басқармасы" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiнiң жарғылық қорынан 60 процент мөлшерiндегi бөлiгiн ескертiлген шартпен белгiленген инвесторға - "Алаш" акционерлiк қоғамы фирмасының басқарушысына сатсын.
3. "Оңтүстiк Топар кен басқармасы" акционерлiк қоғамы акциялары мемлекеттiк пакетiнiң сатылмаған бөлiгi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң иелiгiнде қалдырылсын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
орынбасары