Мұнай операцияларын мiндеттi сақтандыруды ұйымдастырудың тәртiбi мен оны жүргiзудiң шарттары туралы Ереженi бекiту туралы<*> ЕСКЕРТУ. Бұл қаулының күшi Үкiметтiң ерекше өкiмi шыққанға дейiн тоқтатыла тұрсын - ҚРҮ-нiң 1996.10.01. N 1198 ~P961198 қаулысымен.

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 18 шiлде N 916

      "Мұнай туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 28 маусымдағы N 2351 K952351_ қаулысын (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 11, 77-бап) орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Мұнай операцияларын мiндеттi сақтандыруды ұйымдастырудың

 

тәртiбi мен оны жүргiзудiң шаралары туралы ереже бекiтiлсiн (қоса

берiлiп отыр).

     2. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi

министрлiгi, Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi,

Мемлекеттiк сақтандыруды қадағалауларымен шұғылданатын барлық жеке

және заңды тұлғалардың жыл сайын мiндеттi сақтандыру жүргiзуiн

қамтамасыз ететiн болсын.


     Қазақстан Республикасы

       Премьер-Министрiнiң

          орынбасары


                                       Қазақстан Республикасы

                                             Үкiметiнiң

                                       1996 жылғы 18 шiлдедегi

                                          N 916 қаулысымен

                                             бекiтiлген


          Мұнай операцияларын мiндеттi сақтандыруды ұйымдастырудың

                 тәртiбi мен оны жүргiзудiң шарттары туралы

                                  ЕРЕЖЕ



 
       1. Осы Ереже отандық және шетелдiк жеке және заңды тұлғалармен, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдардан мұнай операцияларын мiндеттi сақтандыруды ұйымдастырудың тәртiбi мен оны жүргiзудiң шарттарын айқындайды.
      "Мұнай операциялары" ұғымына барлауға, өндiруге, сондай-ақ соларға байланысты бiрыңғай технологиялық тiзбекке, мұнайды сақтауға және оны тұрба құбыры көлiгiмен айдауға қатысты барлық жұмыс кiредi.
      2. Мұнай операцияларын сақтандырудың мақсаты мұнай мен газды барлаумен, өндiрумен, сақтаумен, өңдеумен және тұрба құбырымен тасымалдаумен айналысатын кәсiпорындардың осы Ережеде көзделген сақтандыру жағдайларынан болған залалын толық немесе iшiнара өтеу түрiндегi мүлiктiң мүдделерi мен жауапкершiлiгiн сақтандырып қорғау болып табылады.
      3. Мұнай операцияларын мiндеттi сақтандыруды сақтандырудың осы түрiн жүргiзуге заңда белгiленген тәртiппен лицензия алған сақтандыру ұйымдары (бұдан әрi мәтiнде "Сақтандырушы") жүргiзедi.
      Мұнай операцияларын мiндеттi сақтандыруды жүргiзу құқығына лицензияны Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сақтандыруды қадағалауы бередi.
      Сақтандырушы лицензия алу кезiнде заңда көзделген құжаттардан басқа мынадай мәлiметтердi ұсынуы тиiс:
      үшiншi бiр тұлғалардың алдындағы және қоршаған табиғи ортаны ластағаны үшiн азаматтық құқықтық жауапкершiлiк бойынша экономикалық жағынан негiзделген және халықаралық практикада қабылданған сомалар шегiне сай келетiн сақтандыру жауапкершiлiгi;
      халықаралық практикада жалпы қабылданғанға сәйкес келетiн әзiрленген тарифтiк ставкалар;
      алғашқы үш жылға арналған мұнай операцияларына мiндеттi сақтандыру жүргiзудiң бизнес-жоспары.
      Мұнай операцияларын мiндеттi сақтандыру туралы қолданылып жүрген заңдарға және осы Ережеге сәйкес сақтандырушымен сақтанушының арасында жасалған сақтандыру шартының негiзiнде жүзеге асырылады.
      4. Мiндеттi сақтандыруға жалпы алынған, лизинг бойынша пайдаланылған, басқа мердiгерлердi тартуды қоса алғанда, тек мұнай операциясын жүргiзуге байланысты кәсiпорын иелiгiндегi мынадай мүлiктер жатады:
      үйлер, ғимараттар, берiлiс қондырғылары;
      труба құбырлар;
      бұрғылау тұғырларының корпустары мен тетiктерi, бұрғылау және өндiру процесiнде пайдаланылатын баржалар мен жүзгiлер, олардың бортындағы труба құбыры, сондай-ақ арнаулы қондырғылар мен өзге де керек-жарақтар;
      геологиялық барлау және iздестiру жұмыстары кезiнде қолданылатын мамандандырылған құрылғылар мен жабдықтар;
      мұнай және газ скважиналарын пайдалану мен оларға қызмет көрсету жөнiндегi босалқы бөлшектер, агрегаттар және басқа да материалдар;
      бұрғылау ерiтiндiлерi немесе резервуарлардағы қабатты флюйдтар;
      арнайы қоймаларда сақталатын және мұнай-газ труба құбырларында тасымалданатын дайын өнiм;
      аяқталмаған өндiрiс пен күрделi құрылыс объектiлерi;
      басқа да мүлiк.
      Мiндеттi сақтандыруға, сондай-ақ мыналар жатады:
      сақтандырушы сақтандырылған скважиналарды бақылауды қалпына келтiруге немесе бақылауды қалпына келтiруге әрекет жасаған, сақтандырылған скважиналарды қалпына келтiруге немесе олардың кез келген учаскесiндегi қайталап бұрғылауға, қираған (бүлiнген) мүлiктi жарақтардан арылтуға, бұзуға, тастауға, нығайтуға байланысты шеккен күтпеген шығыстар;
      жер-суды және биологиялық ресурстарды қалпына келтiрудi қоса

 

алғанда, қоршаған ортаға келген залалдың зардаптарын жоюға байланысты

шығыстар;

     үшiншi бiр тұлғалар - азаматтар мен заңды тұлғалардың алдындағы

жалпы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiк.

     5. Сақтандыруға мыналар жатпайды:

     топырақты қоса алғанда, жер, топырақтың бетiн қорғау

объектiлерi, қорғаныс жабындылары мен суақылар;

     жолдар, тротуарлар, кiрмелер, ұшу-қону алаңдары, темiр жол

алаңдары, каналдар, бөгеттер, кiдiрмелер, айлақтар, көпiрлер, доктар

мен туннелдер;

     жердегi, әуедегi, теңiздегi көлiк құралдары;

     тасымалдау кезiндегi тауарлар немесе мүлiк;

     өңдеу, өндiру немесе әзiрлеу жұмыстары кезiндегi катализаторлар

мен жұмсалатын материалдар;

     кесiп құлатылмаған ағаш, көпжылғы көшеттер мен тамырлы өнiм;

     мал, құс, балық және басқа тiрi жәндiктер;


 
       қолдағы ақшалар, аса құнды металл құймалары, монеталар, чектер, маркалар, асыл тастар, өнер шығармалары, көне құнды заттар, бағалы қағаздар, облигациялар, кез келген түрдегi құжаттама, деректердiң компьютерлiк банктерi, қолжазбалар, жоспарлар, сызбалар, жобалар, шаблондар мен модельдер.
      6. Мұнай операцияларын мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру жауапкершiлiгінiң ауқымына сақтандыру оқиғасы салдарынан болған шығынды өтеу жөнiндегi сақтандырушының мiндетi кiредi, оған мыналар жатады:
      су тасқыны, боран, дауыл, нөсер жауын, бұршақ жауын, найзағай түсу, жер сiлкiнiсi, өрт, жарылыс, су шаю, мұнай мен газдың ауаға тарауы, көршi үй-жайдан су басу, жылыту жүйесiнiң, су құбыры мен канализация желiлерiнiң бүлiнуi, көлiк құралдарының ақаулары, аварияға немесе күтпеген оқиғаға байланысты электр қуатын тоқтату, скважинаның бақылаудан шығып кетуi салдарынан жойылу немесе бүлiну жағдайынан сақтандырылған мүлiктi қалпына келтiру жөнiндегi шығыстар;
      күтпеген жерден мұнай мен газдың ауаға тарауынан, кратерлердiң, грифондар немесе қазан шұңқырлардың кездейсоқ пайда болуынан, өрт немесе жарылыс салдарынан бүлiнген жер астында пайдаланылған бұрғылау мен басқа жабдықтарды қалпына келтiру жөнiндегi шығыстар;
      бақылаудан шығып кеткен сақтандырылған скважиналарды бақылауды қалпына келтiру немесе бақылауды қалпына келтiруге әрекет жасауға, сондай-ақ сақтандырылған скважиналардан жер бетiне немесе теңiз бетiне аққанда өрттен сақтауға немесе сақтауға әрекет жасауға, сақтандырылған скважиналардың бақылаудан шығып кетуi салдарынан басқа скважиналарда болған өртке немесе сақтандырылған скважиналардың өртенуiне немесе бақылаудан шығып кетуiне қауiп төндiрген баса өртке байланысты сақтандырушы тартқан шығыстар;
      егер скважинаның бүлiнуi мен жойылып кетуi скважинаның бақылаудан шығып кетуi салдарынан орын алғандағы немесе бұрғылау, жөндеу жабдықтары мен бұрғылау платформалары бұзылғандағы, болмаса олардың жердiң беткi қабатындағы немесе теңiз түбiнде жердегi, судағы, әуедегi, көлiк құралдарының, найзағай түсуiнiң нәтижесiндегi жарылыстан, дауылдан, қатты желден, су тасқынынан, бұрғылау мұнарасының дерриктердiң, мачттардың құлауынан, жер сiлкiну, вулкандардың әрекетiнен, цунами, зәкiр және зәкiр шынжырларымен, бояулармен немесе балық ұстайтын аулармен соқтығысып қалғандағы қайталай бұрғылау мен сақтандырылған скважиналарды немесе кез келген учаскелерiн қалпына келтiру жөнiндегi шығыстар;
      аварияның тiкелей зардабын жою жөнiндегi шарт бойынша белгiленген ластанған аумақ мөлшерiн қайта қалпына келтiруге байланысты шығындар;
      үшiншi бiр тұлғалардың өмiрiне, денсаулығы мен мүлкiне (сақтанушы-кәсiпорынның қызметкерлерiнен басқа) сақтандыру шарты мен заңда көрсетiлген шектегi белгiленген мөлшерде келтiрiлген зардапқа төлем жасауға байланысты шығындар;
      тәуелсiз сараптама жүргiзуге кеткен шығындар.
      Үйлер, ғимараттар және басқа мүлiктер өрт және кенеттен болған апатта оларды бөлшектеп немесе жаңа орынға көшiруге байланысты сақтандырылады.
      7. Скважина: егер кенеттен әрi күтпеген жағдайда геологиялық себептер бойынша бұрғылау ерiтiндiсiнiң мұнайдың, газдың немесе судың тасқыны пайда болып, ол скважинадан жер бетiне, теңiз түбiне немесе басқа да су қоймаларына қосылса әрi мұндай тасқын айтарлықтай жылдам болмаған болса;
      ауаға тарауды болдырмауға арналған кәсiпшiлiкте бар превенторлар мен өзге де жабдықтарды пайдалану арқылы тоқтатылған;
      бұрғылау ерiтiндiсiнiң параметрлерiн өзгерту арқылы немесе тампондаушы құрал арқылы тоқтатылған;
      кәсiпшiлiк үшiн және де қоршаған тиiстi пайдалы қазбаларды өндiру үшiн қауiпсiз пайдаланылған жағдайда бақылаудан шыққан деп есептеледi.
      8. Скважинаны бақылауға алу бұл жөнiнде мемлекеттiк тау-кен техникалық қадағалау органдарының немесе өзге де өкiлеттi органдардың тиiстi хабарламасы берiлген сәттен қалпына келтiрiлдi деп есептелiнедi.
      9. Мұнай операцияларын сақтандыру шарты дегенiмiз - екi жақты келiсiм, оның күшiне енуiне байланысты сақтандырушы сақтандыру оқиғасы басталған кезден оның салдарынан болған зардаптардың орнын толтыруға мiндеттенедi, ал сақтанушы сақтандыру төлемдерiн белгiлеген көлемде әрi уақытында төлеуге мiндеттенедi. Шартта сондай-ақ жоғарыда санамадан айтылған тәуекелдер бойынша сақтандырушының жауапкершiлiгiн төмендетпейтiн тараптардың басқа да мiндеттерi көзделуi мүмкiн.
      Сақтандыру шарты белгiленген нысанға сай сақтанушының жазбаша өтiнiшiнiң негiзiнде жасалады, онда мынадай реквизиттер ескерiледi:
      сақтанушының атауы, мекен-жайы мен телефоны, лауазым иесiнiң аты-жөнi;
      тозығы алынып тасталған негiзгi қорлардың құны, бұған мүлiктiң құны (үйлер, ғимараттар, берiлiс құрылғылары, мұнай-газ құбырлары, машиналар, жабдықтар мен басқа да бұрғылау жұмыстары мен жалға алынып, лизинг бойынша пайдаланылатын тараптардың мердiгерлерi тартылған басқа да меншiк тұрғысында өндiрiс мақсатында қолданылатын негiзгi құралдар) баланс жасалған соңғы тоқсанның алғашқы айының бiрiншi күнiндегi аяқталмаған күрделi құрылыстың құны қосылады;
      баланс жасалған, соңғысы қосылып 4 тоқсан iшiнде бухгалтерлiк мәлiметтер негiзiнде есептелген дайын өнiмнiң орташа жылдық қалдығының құны;
      пайдаланудағы скважиналардың саны;
      алып жатқан алаң;
      қоршаған табиғи орта, халықтың саны мен тығыздығы, алаңды пайдалану сипаты (тұрғын үйге салынатын ауыл шаруашылығына, орманға қоғамдық көлiкке берiлетiн орын және т.б.) топырақтың жер үстi, жер үстi және жер асты суларының сипаты, судың жергiлiктi табиғи қайнарлардан алынатындығы туралы мәлiметтер;
      өндiрiс үдерiсiнiң, пайдаланылатын шикiзат пен материалдардың түрлерiнiң, өндiрiлетiн өнiмдердiң сипаты туралы мәлiметтер.
      Сақтандырушы өзi берген мәлiметтердiң сенiмдiлiгiне, уақтылылығына және толықтығына жауап бередi.
      Арыздың бiрiншi данасы сақтандыру төлемi есептелiп болған соң сақтандырушының қолындағы iсте қалады, ал екiншiсi сақтандыру төлемiнiң сомасы көрсетiлiп әкелiнгеннен кейiн бес күннен кешiктiрiлмей сақтандырушыға қайтарылады.
      10. Сақтандыру шарты бiр жыл мерзiмге жасалады, оның мерзiмi мүлiктiң жыл сайынғы қайта есептелуi, жауапкершiлiк сомасы және жылдық төлемдерiмен ұзартылуы мүмкiн немесе шартқа сәйкес кен орнын игеру мерзiмiне жасалады.
      Мұнай операцияларын сақтандыру шарты сақтандырушының есеп шотына сақтандыру төлемi келiп түскен күннен күшiне енедi.
      11. Мұнай операцияларын мiндеттi сақтандыру шарты әр жылдың 1 наурызына дейiн немесе шартта айтылған аумақтағы мұнай операциялары бойынша жұмыстардың тiкелей басталуына дейiн жасауға тиiс.
      Сақтандырушылардың мұнай операцияларын мiндеттi сақтандыруды уақтылы жүргiзулерiне бақылауды Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi, Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi, Мемсаққадағалауы жүзеге асырады.
      12. Сақтандыру төлемiн есептеу халықаралық тарифтiк ставкаларға сәйкес, әрi әрбiр нақты сақтандыру шартының тәуекелдiк дәрежесi бойынша және осы Ереженiң 9-тармағына сәйкес сақтандырушының берген мәлiметi негiзiнде тараптардың келiсiмдерi бойынша жүргiзiледi.
      Ставкалар әрбiр жеке кәсiпорындарда алынған алдын алу шараларды өткiзу есебi бойынша сараланады.
      Сақтандырушылар мұнай операцияларын мiндеттi сақтандыру бойынша түскен сақтандыру төлемдерiнiң кем дегенде 80 процентiн сақтандыру резервтерiне, ал қайта сақтандырылған жағдайда өзiнiң меншiк ұсталымының көлемiнен алынған төлемдерден аударуға мiндеттi. Мұнай операциялары мiндеттi сақтандыру жөнiндегi сақтандыру резервтерi арнайы шотта қалыптасады және сақтандырудың тек осы түрi бойынша ғана сақтандыру өтемдерiн төлеуге жұмсалады.
      13. Сақтанушы өзiне бұл белгiлi болған сәттен, сақтандырушыға сақтандыруға алынған тәуекел жөнiндегi өзгерiстер туралы дереу мыналарды хабарлауға мiндеттi:
      кәсiпшiліктегi жұмыстың тоқтағаны немесе олардың сипатындағы елеулi өзгерiстер туралы;
      бұрғылау немесе өзге де сақтандырылған жұмыстардың контрактiсiне отыру және қосымша беру туралы;
      бұрғылау жабдықтары немесе кәсiпшiлiктi үшiншi бiр тұлғаларға беру туралы, тiптi мұндай беру уақытша болса да;
      бұрғылау немесе өзге де сақтандырылған жұмыстардың жүргiзiлу шарттары жөнiндегi тараптардың мiндеттемелерiнiң өзгеруi туралы немесе олардың мерзiмдерiнiң елеулi өзгеруi туралы.
      Сақтанушы сақтандыру шартына отырған соң сақтандырушының келiсiмiнсiз тәуекелдiк дәрежесiн өсiруге әкелiп соқтыратын қандай да болмасын әрекет жасауға немесе оған жол беруiне құқығы жоқ.
      Сақтандырушының келiсiмiнсiз сақтанушы тәуекелдiк дәрежесiн өсiрген жағдайда, сақтандырушы сақтандыру шартын тоқтатып, оның тәуекелдiк дәрежесiне сәйкес қайтадан жасалуын талап етуге құқылы.
      14. Сақтанушының мүлкi мына төмендегiдей мөлшерде сақтандыруға жатады:
      шартқа отыру сәтiндегi нақты құны мөлшерiнде - үйлер, ғимараттар, берiлiс құрылғысы, мұнай-газ құбырлары, машиналар, жабдықтар мен басқа негiзгi құралдар;
      өзi өндiрген және кәсiпорын сатып алған тауарлы-материалдық құндылықтар, жартылай фабрикаттар, тозығын шығарып тастағандағы нақты құны мөлшерiнде;
      аяқталмаған құрылыс саласындағы объектiлер шартқа отыру сәтiндегi нақты өндiрiлген материалдар мен еңбек шығынының мөлшерiнде;
      жалға берушiге жататын бухгалтерлiк есепке алу деректерi бойынша оның баланс құнының негiзiндегi лизинг бойынша алынған басқа мүлiк.
      15. Құзыреттi органдардың уақытша (тұрақты) пайдалану құқығына берiлген шарты мен басқа құжаттар айқындаған, сақтандырушы iс-қимыл жасайтын аумағындағы мүлiк сақтандырылған деп есептеледi.
      16. Сақтандыру төлемдерi бiр рет толық мөлшерде төленедi немесе тараптардың келiсiмi бойынша уағдаласқан мерзiмде екi кезеңде төленуi мүмкiн.
      Уақтылы төленбеген сақтандыру төлемдерiнiң сомаларын сақтандырушы Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес өндiрiп алады.
      Жинақтау және қайтару сипатындағы шарттар бойынша сақтандыру төлемдерiнен басқа мұнай операцияларын мiндеттi сақтандыру жөнiндегi сақтандыру төлемдерi өндiрiлген өнiмдердiң шығынына жатқызылады.
      17. Сақтандыру өтемiн төлеу жөнiндегi мәселенi шешу үшiн сақтанушы мынадай құжаттарды ұсынады:
      сақтандыру жағдайы туралы өтiнiш;
      шарт пен сақтандыру полисi;
      Мемкентехқадағалаудың аймақтық бөлімшелерi мен басқа да құзыреттi органдардың залалдық мөлшерi туралы ресми қорытындысы;
      сот органдарының тиiстi қаулылары, шешiмдерi, үкiмдерi.
      18. Сақтандыру оқиғасы болған кезде сақтанушы:
      сақтандыру жағдайы жөнiнде дереу сақтандырушыны хабардар етуге;
      сақтандырылған скважиналардың бақылаудан шығып кетпеуiн болдырмау жөнiнде және оларға бақылау жасауды қалпына келтiру үшiн барлық мүмкiншiлiктi қолдануға;
      кәсiпшiлiк пен жұмыстың қауiпсiздiгiн өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк комитеттiң, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi жанындағы мемлекеттiк өрттен қорғау қызметi бас басқармасының ережелерi мен нұсқауларына сәйкес заңдарда қамтамасыз етуге;
      сақтандырылған скважинаның iлкiмiндегi стандартты үлгiдегi атқылауға қарсы превенторларды орнату мен тиiстi тексерудi жүзеге асыруға;
      осы жағдайға және осы жергiлiктi жерде мұндай жұмыстарды жүргiзудiң күнделiктi тәжiрибесiне сәйкес сақтандырылған жұмыстарды жүргiзудi қамтамасыз етуге;
      сақтандырылған объектiнi тиiстi бiлiктiлігi бар қызметкерлер құрамымен толықтыруға;
      қоршаған ортаны ластауды болдырмау жөнiнде осыған арналған арнайы жабдықтарды пайдалана отырып, барлық шараларды қолдануға;
      сақтандырылған мүлiктi сақтау жөнiнде шығынды болдырмау және азайту жөнiнде шаралар қолдануға;
      сақтандырылған жағдайдан кейiнгi бүлiнгенi бар және бүлiнбегенi бар қалған мүлiктердi сақтандыратын өкiл келгенге дейiн сақтауға;
      сақтандырушыға сақтандырылған бүлiнген объектiлердi қарап немесе зерттеп шығуға шығынның себебi мен мөлшерiне қатысты тексеру жүргiзу, сақтандырылған мүлiктi сақтап және шығынын азайту жөнiндегi шараларға қатысуына мүмкiндiк беруге;
      сақтандырушының талабы бойынша бүлiнген немесе жойылған мүлiктердiң себебiн анықтап және мөлшерiн бағалау үшiн қажеттi барлық мәлiметтердi жазбаша түрiнде беруге мiндеттi.
      19. Сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы сақтандыру жағдайы болғаны туралы сақтанушының өтiнiшiн алғаннан кейiн үш күннiң iшiндегi мерзiмнен қалмай белгiленген үлгiдегi актiнi жасап, Мемкентехқадағалау бөлiмшелерiмен бiрлесiп шығынның есебiн шығарады. Қажет болған жағдайда басқа бiлiктi органдарды қатыстыра отырып, акт және шығын есебi сақтандырушыға барлық тиiстi құжаттар берiлген жағдайда ғана 20 күн аралықтағы мерзiмде жүргiзiледi.
      Шығынның себебi мен мөлшерi толығымен анықталғаннан кейiн ғана орнын толтыру өтемi төленедi.
      Мұнай операцияларын мiндеттi сақтандыру жөнiндегi сақтандыру өтемi белгiленген сақтандыру сомасы шартының мөлшерiнде төленедi.
      Залал мөлшерiн сақтандырушы зардап шеккен мүлiктiң нақты құны негiзiнде скважинаның бақылаудан шығып кеткендiгiнен қоршаған ортаның ластануын, үшiншi тарапқа залал келтiруден болған шығынның мөлшерiн растайтын тексеру деректерiмен және басқа құжаттармен анықтайды.
      20. Сақтандыру өтемi мына жағдайда төленедi:
      14-тармаққа сәйкес мүлiк толық жойылып кеткен кезде қалғандарының құнын алып тастағандағы оның нақты құны мөлшерiнде;
      мүлiк iшiнара бүлiнген кезде - шығындарды қалпына келтiру мөлшерiнде.
      Сақтандыру жағдайы басталған кезде бүлiнген немесе жойылған

 

мүлiктiң нақты құны қалпына келтiру шығыстарынан асып кететiн болса,

онда толық жойылып кету орын алады.

     Егер шартқа отыру кезiнде мүлiктiң құны сақтанушының өтiнiшiнде

нақты сомадан төмен көрсетiлгенiн тексеру анықталған жағдайда, онда

сақтандыру өтемiнiң сомасы соған сайма-сай төмендейдi.

     Қалпына келтiру шығыстарына мыналар кiредi:

     жөндеу жұмыстарына арналған материалдар мен босалқы бөлшектер

шығыстары;

     жөндеу жұмыстарының төлемi жөнiндегi шығыстар;

     жөндеу орнына жеткiзiлген материалдар жөнiндегi және

сақтандырылған нәрселердiң сақтандыру жағдайы болар алдындағы қалпына

келтiру шығыстары.

     Қалпына келтiру шығыстарына мыналар кiрмейдi:

     сақтандыру объектiлерiн өзгерту немесе жақсартуға байланысты

қосымша шығыстар;

     уақытша немесе қосымша жөндеу жұмыстарына байланысты немесе

қалпына келтiрудегi шығыстар;

     қажеттi шығыстардан тыс өндiрiлген шығыстар.


 
       Бөлiктердi, тораптарды, агрегаттар мен бөлшектердi жөндеу процесi кезiндегi құнының бағасынан тозу құны алынып тасталады.
      21. Сақтандыру оқиғасының басталуына орай бақылаудан шыққан скважинаға бақылау жасауды қалпына келтiруге немесе бақылаудан шыққан скважинадағы өрттi сөндiруге, болмаса қалпына келтiруге дейiнгi сәтте өрттiң пайда болуына немесе өрттiң сөндiрiлiп бiтуiне кеткен шығыстар, сондай-ақ мұнай-газ құбырларындағы қалпына келтiру мен өрттi сөндiруге кеткен шығыстар да төлеуге жатады.
      Мұндай шығыстарға мыналар кiредi:
      материалдардың құны;
      егер бұл жабдықтар сақтанушыда болуға тиiстi емес жағдайдағы, арнаулы жабдықтарды жалға немесе жалдауға алу жөнiндегi шығыстар;
      скважинаға бақылау қоюға немесе скважиналардағы өрттi сөндiруге мамандандырылған тұлғалар мен фирмалардың орындаған қызметтерi мен жұмыстарының құны;
      скважинаға бақылауды қалпына келтiру қажеттiгiне байланысты бұрғылау және өзге жұмыстарды орындау жөнiндегi шығыстар;
      скважинаға бақылауды қалпына келтiруге немесе өрттi сөндiруге қажет болған жауапкершiлiктiң көрсетiлген шегiнен аспайтын деңгейде жүргiзiлген басқа да орынды шығыстар;
      скважинаның iшiндегi жабдықты алып шығуға кеткен шығыстар;
      қайталап бұрғылау операциясы жөнiндегi шығыстар.
      Барлық оқиғаларда өтем беруге тек қана қайталап бұрғылауға кеткен нақты шығыс жатады. Егер сақтанушы қайталап бұрғылауға сақтандыру жағдайы басталған сәттен 540 күн өткенше немесе осы шарт бойынша оның мерзiмдi уақыты өткенше мұнда бұл күннiң ең аз уақыты алынады, кiрiспейтiн болса, онда сақтандырушы тiптi мұндай шығыстардың осы сақтандыру шартының жағдайына сәйкес өтем төлеуге жататынына қарамастан, қайталап бұрғылауға қатысты шығыс жөнiндегi сақтандыру өтемiн төлеу мiндетiнен босатылады.
      22. Сақтанушының үшiншi бiр адамның алдындағы азаматтық жауапкершiлiгiне байланысты пайда болған шығыстары былай төленедi:
      үшiншi бiр адамның денсаулығы мен мүлкiне келтiрiлген зиян үшiн;
      үшiншi адамның өзiне қарасты жылжымайтын мүлiктiң пайдалануға мүлдем жарамай қалғаны үшiн өтемақы төлеу түрiнде;
      табиғатты қалпына келтiру шараларын жүргiзгенi үшiн оған жинаудың құнын қоса немесе қоршаған ортаны ластайтын заттарды, ашық теңiздегi мұнай дақтарын ұстап қалу, қоршаған ортаның одан әрi ластануын болдырмау, адамдарды мал мен жылжымалы мүлiктердi (сақтанушының өзiне жұмыс iстеушi адамды қоспағанда) көшiруiн қосып, егер мұндай көшiру бiлiктi мемлекеттiк органдардың өкiмi бойынша немесе мұның қажеттiлiгi сақтандыру жағдайынан басталуына себеп болса.
      Бiрiншi жеке немесе заңды тұлғаларға сақтандырылғаннан артық сомаға зиян келтiрiлген кездегi өтем әр зардап шегушiге (егер төлем талап ету бiр уақытта болса) шартта көрсетiлген сома шегiнiң мөлшерiнде әр адамға келтiрiлген зиянның сайма-сай көлемiмен төленедi.
      23. Егер сақтандыру оқиғасы мына жағдай салдарынан болса, онда сақтандыру өтемi төленбейдi:
      Каспий теңiзi деңгейiнiң көтерiлуi салдарынан су басып кетсе;
      әскери iс-қимылдар мен оларға байланысты әскери сипаттағы шаралар заң актiлерiнiң тәртiбiнде белгiленгендей солай деп табылса;
      сақтанушының iс-қимылы, сақтандыру оқиғасына себептi заңда белгiленген тәртiппен әдейi iстелiнген қылмыс немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық деп мойындалса;
      ядролық энергияны кез келген нысанда пайдалану және осылай пайдаланудың себеп салдарынан;
      бомбаларды, миналарды, снарядтарды немесе өзге де қаруларды сақтау немесе пайдалану;
      әскери немесе азаматтық өкiметтiң немесе өзге әкiмшiлiк органдардың өкiмi бойынша тәркiлеу, реквизициялау, тұтқындау, мүлiктердi құрту немесе бүлдiру;
      сақтанушының немесе оның қарамағындағы жұмыс iстеушi тұлғалардың пиғылдары мен қатаң сақтанбаушылығы;
      жарылғыш заттарды сақтау немесе пайдалануға байланысты болған тұтаныс немесе жарылыс;
      мұнай немесе газ (жоспарлы және басқа) атқылау салдарынан қоршаған ортаның ласталуы, бақылаудан шығып, өздiгiнен болған атқылау жағдайынан басқа;
      үшiншi бiр адамның денсаулығына келтiрiлген зиян, егер бұл жағдай ол адамның ақыл-есiн жоғалтып, қатты қорқуы, естен тануы түрiнде болса, егер бұлар сол адамдардың тiкелей дене зақымдануымен байланысты болмаса;
      сақтандырылған скважина үстiнен бақылау орнату жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу мен оны қалпына келтiруге әрекет ету, егер оны сақтандыру аумағында iстейтiн өкiметтiң инспекция органдарымен қадағалау әкiмi бойынша бақылаудан шыққан деп хабарланса, бiрақ осы аталмыш сақтандыру шартының жағдайына сәйкес бақылаудан шығып кеткен деп есептелмеген болса;
      сақтандырушы заңдарды, Үкiмет қаулыларын, Премьер-Министрдiң өкiмдерiн, Қазақстан Республикасы Өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк комитеттiң, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Мемлекеттiк өрттен қорғау бас басқармасының, басқа да мемлекеттiк қадағалау органдарының бұйрығын, сондай-ақ өндiрiс жұмыстарының технологиясын бұзып немесе сақтаудың ережесiн орындамаса. Аталған бұйрықтар мен ұйғарымдардың орындалмау фактiсi тиесiлi мемлекеттiк органдардың құжаттары негiзiнде анықталады.
      24. Кез келген жағдайда да мына төмендегiдей себептерге байланысты болған жәйттерден болған залалдарға өтем берiлмейдi:
      бос тұрып қалудан, сақтандырылған жабдықтарды уақытша пайдаланудың мүмкiн еместiгiнен және басқа жанама шығындарға;
      ұрлыққа байланысты бос тұрып қалудан, мүлiктердiң жоғалуы немесе өзге де мүкәммалдық шығындарға;
      iшкi ақаудан, мотордың жарылысынан немесе өзге ұқсас себеп салдарынан жабдықтың зақымдануына;
      жабдықты жобалауда, құрастыруда немесе осындай жабдықтардың дизайнында кеткен қателерге.
      25. Сақтандыру өтемi төленген сақтандыру шарты, онда аталған мерзiмнiң соңына дейiн шартта көрсетiлген сақтандыру сомасы мен сақтандыру өтемi үшiн төленген сома айырмашылығы мөлшерiнде күшiн сақтайды. Егер сақтандыру өтемi сақтандыру сомасының толық мөлшерiнде төленсе, онда шарттың күшi тоқтатылады.
      26. Сақтанушыға жойылған немесе бүлiнген мүлiк үшiн сақтандыру өтемiн төлеген сақтандырушының, сақтанушыға зардап шегуге жауапты адамнан әлгi сома мөлшерiндегi өтемдi өндiрiп алу талабы жатады.
      27. Мұнай операцияларын сақтандыру жөнiндегi тараптардың қатынастарынан туындайтын даулар Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдарға сәйкес сот тәртiбiмен шешiледi.
      28. Осы Ережеден туындайтын сақтандырушының сақтандырушыға қоятын талабы Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексiнде (жалпы бөлiм) белгiленгендей мерзiмi ескiргенге дейiн сақталады.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады