Әлiбекмола және Кеңқияқ /тұзды/ мұнай кен орындарын игеру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 25 шiлде N 930. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.01.31. N 134 қаулысымен.

      Ақтөбе облысындағы Әлiбекмола және Кеңқияқ /тұзды/ мұнай кен орындарын пайдалануға берудi жылдамдату мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

      1. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрлесiп конкурс шартында Әлiбекмола және Кеңқияқ /тұзды/ мұнай кен орнын игеру жөнiндегi мұнай компаниясын айқындасын.
      2. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi конкурс нәтижесiнiң негiзiнде Әлiбекмола және Кеңқияқ /тұзды/ мұнай кен орнын игеруге үкiметтiк лицензия беру үшiн қажеттi материалдарды әзiрлесiн.
      3. "Мұнай кен орындарын беру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 5 тамыздағы N 680 қаулысының;
      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1995 жылғы 13 қаңтардағы N 10 өкiмiнiң күшi жойылған деп танылсын.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады