"Байқоңыр Лтд" бiрлескен кәсiпорнының қызметiне Қазақстан Республикасының шетел инвестициялары туралы заңдарын қолдану туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 9 тамыз N 989. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.07.31. N 1190 қаулысымен. ~P971190

      "Шетел инвестициялары туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы N 266 Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Бiрлескен кәсiпорынға шетел инвестицияларын жүзеге асырған сәт "Байқоңыр Лтд" бiрлескен кәсiпорнын мемлекеттiк тiркеу күнi (1993 жылдың 7 сәуiрi) болып саналсын.
      Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi мен орталық атқарушы органдары, Алматы қаласының әкiмi "Шетел инвестициялары туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 6-бабының 1-тармағына сәйкес 2003 жылдың 7 сәуiрiне дейiн "Байқоңыр Лтд" бiрлескен кәсiпорнының қызметiне кәсiпорынды тiркеу сәтiнде қолданылған заңдарды қолдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас салық инспекциясы 2003 жылғы 7 сәуiрге дейiнгi кезеңде:
      "Байқоңыр Лтд" бiрлескен кәсiпорнының қызметiне оны тiркеу сәтiнде қолданылған салық заңдарының нормалары мен салық ставкалары қолдансын.
      3. Қазақстан Республикасының Кеден комитетi импортқа шығарылатын тауарларға кеден бажымен есеп айырысу кезiнде "Байқоңыр Лтд" бiрлескен кәсiпорнының қызметiне 2003 жылдың 7 сәуiрiне дейiн кәсiпорынды тiркеу сәтiнде Қазақстан Республикасында қолданылған кеден заңдарын қолдансын.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады