Мемлекет пен жекешелендiрiлуiне байланысты "Кең дала" акционерлiк қоғамының қаржылық қатынастарын реттеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 12 тамыз N 998

      "Жекешелендiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2721 U952721_ заң күшi бар Жарлығы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 163-бап) мен "Кең дала" акционерлiк қоғамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 28 желтоқсандағы N 1884 P951884_ қаулысын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк азық-түлiк контракт корпорациясы мен "Кең дала" акционерлiк қоғамы арасында пайда болған 62 (алпыс екi) млн, теңге мөлшерiндегi берешек сомасын берiлген материалдық-техникалық ресурстар үшiн "Кең дала" акционерлiк қоғамының есебiне ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрушiлер тапсырған 1994 жылдың астығы үшiн Мемлекеттiк азық-түлiк контракт корпорациясының мемлекеттiк ресурсқа астық сатып алуды қаржыландыру жөнiндегi республикалық бюджет берешегi шотына есептесiн.
      2. Мемлекеттiк азық-түлiк контракт корпорациясы аталған соманы 1996 жылғы өнiмнiң астығын мемлекеттiк ресурсқа сатып алуды қаржыландыру есебiне есептесiн.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "Кең дала" акционерлiк қоғамын жекешелендiрген кезде мемлекеттiк акциялар пакетi үшiн төленетiн соманы осы қаулының 1-тармағына сәйкес 1996 жылға арналған республикалық бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде көрсете отырып есептесiн.
      Осы қаулының 1-тармағына және "Кең дала" акционерлiк қоғамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1884 және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 1996 жылғы 4 қаңтардағы N 4 қаулыларына сәйкес "Кең дала" акционерлiк қоғамының мемлекеттiк акциялар пакетiн жарғылық қордың 33% мөлшерiнде немесе 620 дана акция болашақта сату үшiн "Кең дала" акционерлiк қоғамына берiлсiн.
      Мемлекеттiк акциялар пакетiн сатудан түскен қаражат "Кең дала" мемлекеттiк акционерлiк компаниясын қайта ұйымдастыру мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 4 тамыздағы N 1081 P951081_ қаулысына (5-тармақ) сәйкес "Кең дала" акционерлiк қоғамы "Кең дала" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының барлық мiндеттемелерi бойынша мұрагерi болып табылатындығын ескере отырып "Кең дала" акционерлiк қоғамының иелiгiнде қалдырылсын.
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару

жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен Қазақстан Республикасының
Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi үш күн мерзiмде "Кең
дала" акционерлiк қоғамының акционерлерiне мемлекеттiк акциялар
пакетiн өткiзудi ресiмдесiн.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады