Ақмола қаласындағы құрылыс объектiлерiн қаржыландыру мәселелерi

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 16 тамыз N 1024

      Ақмола қаласында жаңа астана құрылысының объектiлерi бойынша бiрiңғай мердiгердiң айқындалуына байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Президентi Iс Басқармасының Ақмола қаласындағы объектiлердiң қайта жаңартылуы мен құрылысы аяқталғанға дейiн республикалық бюджеттен тыс "Жаңа астана" қорының қаражаттарына иелiк ету құқығын өзiне беру туралы ұсынысы

қабылдансын.
     2. Аталған қаражатты нысаналы пайдалануға бақылау жасау Қордың
Байқаушы кеңесi мен Қазақстан Республикасының Жоғары және орталық
мемлекеттiк органдарды Ақмола қаласына көшiру жөнiндегi мемлекеттiк
комиссиясына жүктелсiн.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады