Қазақстан Республикасындағы әскери-көлiктiк мiндет туралы Ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 3 қыркүйек N 1083. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі N 747 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасындағы әскери-көлiктiк мiндет туралы Ереже бекiтiлсiн. 
      2. Қазақстан Республикасындағы әскери-көлiктiк мiндет туралы Ереже меншiк нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан Қазақстан Республикасының барлық шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiне қолданылады. 
      3. Қазақстан Республикасындағы әскери-көлiктiк мiндет туралы Ереженiң орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне, министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң және өзге орталық атқарушы органдардың, бiрлестiктер мен кәсiпорындардың жұмылдыру құрылымдарына, сондай-ақ облыстардың, қалалар мен аудандардың әкiмдерiне жүктелсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi 

                                       Қазақстан Республикасының
                                            Үкiметiнiң
                                       1996 жылғы 3 қыркүйектегi
                                           N 1083 қаулысымен
                                                  БЕКIТIЛГЕН
 
             Қазақстан Республикасының аумағындағы әскери
                      көлiктiк мiндет туралы
                               ЕРЕЖЕ 

                          I. Жалпы ереже 

      1. Қазақстан Республикасының аумағында әскери-көлiктiк мiндет "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiн, Iшкi iстер министрлiгiн, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiн, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң әскери бөлiмдерiн және басқа министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң және өзге де орталық атқарушы органдардың арнаулы құрылымдарын көлiк құралдарымен қамтамасыз ету мүддесiмен: соғыс уақытында - соғыс жағдайы немесе жұмылдыру жарияланған кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған тәртiпте; бейбiт уақытта - әскердi әскери дайындықтың дәрежесiмен айқындалатын жағдайға көшiру негiзiнде не болмаса өзге төтенше жағдайда тағайындалады. 
      2. Әскери-көлiктiк мiндет автомобиль, темiржол, теңiз, өзен, жегiн (гужевых) және теңдеп арту көлiктерi құралдарының, мотоциклдердiң, кәсiпшiлiк және арнаулы кемелердiң, жол құрылысы мен көтергiш көлiк машиналарының және тетiктерiнiң (бұдан әрi - көлiк құралдары) иелерiне - меншiк нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан Қазақстан Республикасының министрлiктерiне, мемлекеттiк комитеттерiне және өзге де орталық атқарушы органдарына, бiрлестiктерiне, акционерлiк қоғамдарына, компаниялары мен кәсiпорындарына (бұдан әрi - көлiк құралдарының иелерi), сондай-ақ жеке көлiк құралдарының иелерiне жүктеледi. 
      3. Көлiк құралдары Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi органдарының тарапына уақытша тартылады немесе Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң бұйрықтары мен өкiмдерiнiң негiзiнде, ал ерекше жағдайларда - жалпы немесе жекелеген жұмылдыру жарияланған кезде бiрлестiктердiң немесе құрамалардың командирлерiнiң бұйрықтарының негiзiнде, әскери қимылдар театрларында және соғыс жағдайында деп жарияланған жерлерде, әскердiң қажетiн қамтамасыз етуге арналған жұмылдыру жоспарларында көзделген мөлшерде олардың иелерiнен алынады және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнiң басқа да әскерлерi мен әскери құрылымдарының құрамына берiледi. Көлiк құралдарын иелерiнен алу Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған тәртiпте және белгiленген үлгiдегi анықтама беру арқылы жүргiзiледi. 
      Көлiк құралдарын тарту немесе алу және оларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының құрамына беру туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң бұйрықтары мен өкiмдерi олардың иелерi үшiн мiндеттi болып табылады. 
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң техникаларды әзiрлеу және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының құрамына беру жөнiндегi бұйрықтары мен өкiмдерiне шағым жасау олардың орындалуын тежемейдi. 
      4. Көлiк құралдарын әзiрлеу және Қазақстан Республикасының Қарулы күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының құрамына беру жөнiндегi тапсырма осы Ереженiң 1-қосымшасына сәйкес, оларды халық шаруашылығының салалары бойынша алу нормасының шегiнде, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң ұсыныс бойынша Үкiметтiң шешiмiмен белгiленедi және олардың иелерiне Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi органдарының тарапынан арнаулы нұсқаулықтармен айқындалған тәртiпте жеткiзiледi. Көлiк құралдарын техникалық жағдайы жөнiнде жарамсыздығын тануға арналған үстеме Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң тиiстi органдарының ұсынысы бойынша облыстардың, қалалар мен аудандардың әкiмдерiнiң "ҚМ" шешiмiмен белгiленедi. 
      5. Көлiк құралдарын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының құрамына беруге әзiрлеу бейбiт уақытта осы Ережеге және оның негiзiнде шығарылған арнаулы нұсқаулыққа сәйкес олардың иелерi тарапынан жүзеге асырылады. Осы мақсат үшiн көлiк құралдарының иелерi: 
      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi органдарымен бiрлесiп тиiстi көлiк құралдарын iрiктеудi; 
      көлiк құралдарын техникалық жарамды жағдайда ұстауды және оларды осы Ереженiң 2-қосымшасына сәйкес жабдықтармен, құралдармен, қосалқы бөлшектермен толықтыруды; 
      көлiк құралдарын оларға көлiк құралы балансында тұрған кәсiпорынның есебiнен жүргiзiлетiн арнаулы жабдықтар орнатуға дайындауды; 
      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi органдарының келiсiмi бойынша ескiрген көлiк құралдарын жаңасымен және неғұрлым жетiлдiрiлгенiмен ауыстыруды; 
      қолданылып жүрген ережелер мен осы мәселе бойынша нұсқаулықтардың талаптарына сәйкес көлiк құралдарының техникалық жағдайына тексерулер жүргiзудi қамтамасыз етуге мiндеттi. 
      6. Жалпы парктегi көлiк құралдарының, оның iшiнде оларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құрылымдарының құрамына беру үшiн арналған техникалардың техникалық жағдайларын тексеру Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi органдарының қатысумен Мемавтоинспекция органдарының тарапынан жүргiзiледi, тексерулердiң нәтижелерi аудандық (қалалық) әскери комиссариаттарға ұсынылатын актiлермен рәсiмделедi. 
      7. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi әскери бөлiмдерiнiң бейбiт уақытта жекеменшiктен басқа, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарының құрамына беруге арналған көлiк құралдарын жұмылдыру тапсырыстарына сәйкес әскери байқаулық жұмылдыруға, оқу және байқау жиындарына, техникалық жағдайын және олардың Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа әскерлерi мен әскери құралдарының құрамына беруге дайындығын тексеру үшiн тартуға хақысы бар. 
      көрсетiлген мақсаттар үшiн көлiк құралдарын тартудың тәртiбiн, пункттерi мен мерзiмдерiн Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi ұсыныс бойынша Үкiмет белгiлейдi және оның органдарының тарапынан олардың иелерiне жеткiзіледi. Көлiк құралдарын белгiленген пункттерге жеткiзiп беру олардың иелерiнiң өз күштерiмен жүргiзiледi. 
      8. Көлiк құралдарын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа әскерлерi мен әскери құралымдарының құрамына беруге әзiрлеу жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға байланысты шығыстар олардың иелерiнiң қорғаныс шараларын орындау үшiн сметаларда көзделген қаражаттарының есебiнен жүргiзiледi. 
      9. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi мен оның органдарының Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi әзiрлеген және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiмен келiсiлген нысан бойынша Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнен, Мемавтоинспекциядан және олардың органдарынан жылына бiр рет, келесi жылдың бiрiншi қаңтарындағы жағдай бойынша, көлiк құралдарының саны мен жағдайы туралы мәлiмет алуға құқығы бар. 
      10. Техниканы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа әскерлерi мен әскери құрылымдарының құрамына беруге әзiрлеудi бақылау, белгiленген тәртiпте бекiтiлген жоспар бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң және оның органдарының, министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттердiң, бiрлестiктер мен кәсiпорындардың, жұмылдыру құрылымдарының, сондай-ақ облыстардың, қалалар мен аудандардың әкiмдерiнiң тарапынан жүзеге асырылады. 
      11. Осы Ереженiң 3-қосымшасына сәйкес министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер және басқа орталық атқарушы органдар әскери-көлiктiк мiндеттен босатылады және осы Ереженiң 4-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, басқа әскерлерi мен әскери құралымдарының құрамына көлiк құралдарын беруге жатпайды. 
      12. Осы Ереженiң талаптарын бұзғаны үшiн кiнәлi адамдар заңда белгiленген тәртiппен жауапкершiлiкте болады. 

                                                     1-қосымша

               Халық шаруашылығының салалары бойынша 
                       көлiк құралдарын алу
                             НОРМАСЫ 

___________________________________________________________________
  N р\с і              Аталуы                     і  Алу нормасы (%)
___________________________________________________________________
1

   1.   Өнеркәсiп:
        қара, түстi металлургия, отын, қорғаныс,           30
        радиотехника, электронды, авиация, химия,
        кеме құрылысы, машина жасау, металл өңдеу

        жеңiл, тамақ, орман, ағаш өңдеу,                   40
        целлюлоза-қағаз, медициналық және
        өнеркәсiптiң басқа салалары

   2.   Құрылыс:
        арнаулы, монтажды, өнеркәсiптiк                    30
        көлiк                                              40
        басқа құрылыс                                      50

   3.   Көлiк:
        темiржол                                           30
        су (теңiз, өзен)                                   40
        автомобиль                                         50

   4.   Байланыс                                           30

   5.   Энергетика және электрлендiру                      40

   6.   Денсаулық сақтау                                   40

   7.   Геология                                           40

   8.   Ауыл шаруашылығы                                   50

   9.   Жол шаруашылығы                                    50

  10.   Шаруашылықтың басқа салалары                       50

                                                     2-қосымша
 

          Бейбiт уақытта халық шаруашылығында жиналуға жататын 
       және көлiк құралдарымен бiрге Қазақстан Республикасының
        Қарулы Күштерiне берiлетiн қосалқы бөлшектердiң, шанц                              аспаптары мен мүкәммалдарының
                                ЖИНАҒЫ 
____________________________________________________________________
Рет і            Аты           і Өлшем іСаныі      Ескерту
NN  і                          ібiрлiгiі    і
____________________________________________________________________
1  і            2             і   3   і 4  і           5
____________________________________________________________________
                I. АВТОМОБИЛЬДЕРГЕ

                  Қосалқы бөлшектер

1.  Фар лампасы                   дана     1  Автомобильдiң барлық
                                               маркасы

2.  Фар асты лампасы              дана     1  Бұл да сол

3.  Тұтану шырағданы              дана     1  Карбюратор қозғағышы
                                               бар автомобильдер

4.  Жоғарғы кернеулi сым          м       0,5 Бұл да сол

5.  Үзгiш иiнi                    дана     1  Бұл да сол

6.  Байланыстырушы баған          дана     1  Бұл да сол

7.  Блок басының жапсырмасы       дана    1  Әрбiр бес автомобильге
 
   8.  Цилиндр басының жапсырмасы    дана     1  КамАЗ, Урал-4320
                                               автомобильдерге

9.  Цилиндр басының жапсырмасы    дана     1 Пневможүргiш тежеуiштi
                                               автомобильге

10.  Желдеткiш белдiгi (су насосы) дана     1  Барлық маркалы
                                               автомобильдерге

11.  Компрессор (генератор)        дана     1  Барлық маркалы
     белдiгi                                   автомобильдерге

12.  Бензин насосының диафрагмасы  дана     1  Карбюратор қозғағышы
                                               бар автомобильдерге

13.  Форсунка бүрiккiшi (форсунка  дана     1  Дизель қозғағышы бар
     насосы)                                   автомобильдерге

14.  14х20х1,5 форсунканың тығыз   дана     1  КамАЗ, Урал-4320
     жапсырмасы                                автомобильдерге

15.  10х16х1,5 форсунканың тығыз   дана     2  КамАЗ, Урал-4320
     жапсырмасы                                 автомобильдерге

16.  Жинақтағы бөлу тапсырмасын    дана     1  Бұл да сол
     қосу механизмiн басқаратын
     қайтару қақпағының диафрагмасы

17.  Автоаптека                    дана     1  Барлық маркалы
                                               автомобильдерге

                   Шанц аспабы мен мүкәммалдар

18.  Үшкiр күрек                   дана     1  Барлық маркалы
                                               автомобильдерге

19.  Балта                         дана     1  Бұл да сол

20.  Су шелегi (канистр)           дана     1  Бұл да сол

21.  Май құтысы (канистр)          дана     1  Бұл да сол

22.  Қосымша жанармай ыдысы        дана     1  500 километрлiк отын
                                              қоры жоқ автомобильге.
                                               Бидон (канистр) жоқ
                                               кезде 5 автомобильге
                                               бiр 200 литр бак
                                               ұстауға болады

                   Сүйреу құралдары

23. Буксир тросы немесе қатты      дана     1  Әрбiр үш автомобильге
    буксир

                   II. ТРАКТОРЛАРҒА

24.  Фар лампасы                   дана     1  Барлық маркалы
                                               тракторларға

25.  Тұтату шырағданы              дана     1  Барлық маркалы
                                               тракторларға

26.  Форсунка                      дана     1  Бұл да сол

27.  Жұқа тазалау отын сүзгiшiнiң  дана     1  Бұл да сол
     сүзушi элементi

28.  Желдеткiш белдiгi             дана     1  Бұл да сол

29.  Генератор белдiгi             дана     1  Бұл да сол

30.  Жоғары кернеу қосқышы         дана     1  Бұл да сол

31.  Су насосының сальнигi         дана     1  Бұл да сол

32.  Жоғарғы радиатор шлангiсi     дана     1  Бұл да сол

33.  Төменгi радиатор шлангiсi     дана     1  Бұл да сол

34.  Блок басының жапсырмасы       дана     1  Бұл да сол

35.  Гайкалы шынжыр табанды        жинақ   14  Т-100, Т-100М, Т-130
     тиянақтың болты                           тракторларға

36.  Шынжыр табанды тиянақ         дана    14  Бұл да сол
     арқалығының серiппелi шайбасы

37.  Шынжыр табан үзбесiнiң        дана     2  ДТ-75, Т-54, Т-150
     бармағы                                   Т-180 тракторларға

38.  Шынжыр табан тiзбесi          дана     2  Бұл да сол

39.  Шынжыр табан бармағының       дана    10  Бұл да сол
     шплинтi

40.  Цилиндр басының жапсырмасы    дана    10  Бұл да сол

41.  Жинақтағы босату қозғалтқыш   дана     1  Босату қозғағышы бар
     цилиндрлерiнiң бас жапсырмасы             тракторларға

42.  Вентиль золотнигi             дана     1  Доңғалақты
                                               тракторларға

43.  Автокамера                    дана     1  Бұл да сол

                   Шанц аспабы мен мүкәммалдар

44.  Найзалы күрек                 дана     1  Барлық маркалы
                                               тракторларға

45.  Балта                         дана     1  Бұл да сол

46.  Су шелегi (канистр)           дана     1  Бұл да сол

47.  Май багi (канистр)            дана     1  Бұлда сол

                   Сүйрету құралдары

48.  Буксир тросы немесе қатты     дана     1  Әрбiр үш тракторға
     буксир

              III. ЖОЛ-ҚҰРЫЛЫСТЫҚ ТИЕУ-ТҮСIРУ МАШИНАЛАРЫ
                         МЕН ЭЛЕКТР СТАНЦИЯЛАРҒА

49.  Фар шамы                      дана    1  Барлық автогрейдерлер,
                                               экскаваторлар,
                                               автотиегiштер мен жол
                                               тегiстегiштерге

50.  Тұтату шырағданы              дана     1  Автогрейдерлер,
                                               пневмодоңғалақты
                                               крандар,
                                               автотиегiштер мен
                                               карбюратор
                                               қозғалтқышты электр
                                               станцияларға

51.  Үзгiш иiнi                    дана     1  Автотиегiштер мен
                                               карбюратор
                                               қозғалтқышы бар
                                               станцияларға

52.  Байланыстырушы баған          дана     1  Бұл да сол

53.  Желдеткiш белдiгi             дана     1  Автогрейдер,
                                               экскаватор,
                                               пневдоңғалақты
                                               жүретiн крандар,
                                               автотиегiш пен дизель
                                               қозғалтқышты электр
                                               станциялары

54.  Компрессор (генератор)        дана     1  Автогрейдер,
     белдiгi                                   экскаватор,
                                               пневдоңғалақты
                                               жүретiн крандар мен
                                               дизель қозғалтқышты
                                               және пневмоқосу
                                               тежегiштi
                                               автотиегiштерге

55. Тығынды тарту шынжырының       дана     1  Ор қазу
    үзбесi                                     экскаваторларға
 
  56. Тарту шынжырының бармағы       дана     1  Оқу қазу
                                               экскаваторларға

57.  Икемдi гидрожүйенiң жеңi      дана     1  Гидроқосқышпен
                                               жабдықталған жол салу
                                               және тиеу-түсiру
                                               машиналарына

58.  Тығыздау сақиналары           жинақ    1  Бульдозерлердiң,
                                               гидрожүйелерi,
                                               экскаваторлар,
                                               скреперлер мен
                                               автотиегiштерге

59.  Манжеттер                     жинақ    1  Бұл да сол

              Шанц аспабы мен мүкәммалдар

60. Найзалы күрек                 дана     1  Автогрейдер,
                                              экскаваторлар,
                                              пневдоңғалақты
                                              жүргiш крандар,
                                              автотиегiштер мен
                                              электр станцияларға

61.  Балта                         дана     1  Бұл да сол

62.  Су шелегi (канистр)           дана     1  Бұл да сол

63.  Май багi (канистр)            дана     1  Бұл да сол

                   Жүргiштiгiн арттыру құралы

64.  Буксир тросы немесе қатты     дана     1  Автогрейдерлер мен
     буксир                                    автотиегiштер үшiн

      Ескертулер:
 
        1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, халық шаруашылығынан берiлетiн барлық көлiк құралдарында "ҚАҚ" (ЗИЛ) жаршысында" көрсетiлгендей аспаптар мен құрал-саймандар, сондай-ақ тиiстi техникалық төлқұжаттар болуы тиiс. Сонымен қатар әрбiр көлiк құралдарында, қосымшада көрсетiлген қосалқы бөлшектер мен құралдың, шанц аспабы мен құю мүкәммалдардың жинағы болуы тиiс. 
      2. Шаруашылық қоймаларда қосалқы бөлшектер жинағы мен басқа мүлiктердi сақтау күнделiктi заттардан бөлек, жәшiктерде сақталады. 
      Қосалқы бөлшектер мен басқа мүлiктер ұзақ сақтауға өңделiп оралуы қажет. Орау iшiне салынған заттардың аты мен саны тiзiлген, орау қағазы қоса салынады. 
      3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiне, көлiк құралы берiлген кезде қосалқы бөлшектер, шанц аспабы, мүкәммалдары және сүйрету құралдары, осы техникада бекiтiлуi тиiс. 
      4. Сақтау кезiнде мүлiктiң техникалық күйi жүйелi түрде бақыланады. Осы мақсатпен, алты айда бiр рет мүлiктi жоспарлы-ескертпелi қарау ұйымдастырылады. Қарау барысында мүлiктiң жазылған мәлiметке, оның техникалық күйi мен жинағы, тотығуға қарсы жасалған жағдайы, тары мен орауының күйiнiң сай келуi тексерiледi және анықталған кемшiлiктердi жоюға шаралар қабылданады. 
      5. "АҚ" (НЗ) мүлкiн сала бастауға, сақтауға, дер кезiнде қызмет көрсетуге және жаңалауға жауаптылар кәсiпорын бойынша бұйрықпен тағайындалады. 
      "АҚ" мүлкiне бөтен адамдардың жақындауына рұқсат жоқ. 

                                                3-қосымша

          Әскери-көлiк мiндетiнен босатылатын министрлiктер, 
           ведомстволар, бiрлестiктер мен кәсiпорындардың
                            ТIЗБЕСI      

     1. Қазақстан Республикасының Парламентi
     2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң әкiмшiлiгi мен
        Үкiметiнiң Аппараты
     3. Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы
     4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi
     5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тергеу комитетi
     6. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi
        мемлекеттiк комитетi
     7. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi
     8. "Қазақстан әуе жолы" ұлттық акционерлiк, авиакомпаниясы
     9. Қазақстан Республикасының Гидрометеорология жөнiндегi бас
        басқармасы
     10. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң
         ғылыми-зерттеу институттары
     11. Қазақстан Республикасының облыстар және Алматы қаласы
         әкiмдерiнiң Аппараттары
     12. Қазақстан Республикасының мұнай және газ өнеркәсiбi
         министрлiгi

                                                 4-қосымша

        Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне, басқа
           әскерлерге және әскери құрамаларға берiлуге
                   жатпайтын көлiк құралдарының
                            ТIЗБЕСI      

     1. Жедел жәрдем, қан құю станциялары, арнайы жабдықталған жедел
        жәрдем машиналары
     2. Почталық
     3. Инкассациялық
     4. Мал дәрiгерлiк көмегi
     5. Сүт тасуға арналып мамандандырылған
     6. Трамвай-троллейбус шаруашылықтарының техникалық көмегi
     7. Заводiшiлiк

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады