Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 6 қыркүйектегi N 1090 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 18 қыркүйек N 1133

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Екiбастұзкөмiр" мемлекеттiк акционерлiк қоғамын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 6 қыркүйектегi N 1090 қаулысына мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
      1-тармақтың төртiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Екiбастұзкөмiр" мемлекеттiк акционерлiк қоғамының құрылымдық бөлiмшелерiнiң мүлкi, 1-қосымшаға сәйкес, оларды сату үшiн Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне берiлсiн;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi 1-қосымшаға сәйкес "Екiбастұзкөмiр" мемлекеттiк акционерлiк қоғамы құрылымдық бөлiмшелерiнiң мүлкiн сату жөнiнде ашық тендерлер ұйымдастырсын және өткiзсiн".
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады