Қазақстан Республикасының мемлекеттiк салық комитетi туралы ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 27 қыркүйек N 1181. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.05.20. N 851 қаулысымен. ~P970851

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 14 қыркүйектегi N 3113 U963113_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетi туралы

 

ұсынылып отырған Ереже бекiтiлсiн.

     2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетi Әдiлет

министрлiгiмен бiрлесе отырып, бiр ай мерзiмде Қазақстан

Республикасы Үкiметiнiң бұрын қабылдаған шешiмдерiн осы қаулыға

сәйкес келтiру жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрi

                                       Қазақстан Республикасы

                                            Үкiметiнiң

                                       1996 жылғы 27 қыркүйектегi

                                       N 1181 қаулысымен

                                              Бекiтiлген


            Қазақстан Республикасының мемлекеттiк салық

                        комитетi туралы

                            ЕРЕЖЕ


           1. Жалпы ережелер



 
       1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетi барлық деңгейдегi бюджеттiң кiрiс бөлiгiнiң атқарылуына жауап беретiн, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiретiн орталық атқарушы орган болып табылады, ол сондай-ақ:
      салық заңдары мен салық салу мәселелерiн реттейтiн өзге де нормативтiк-құқықтық актiлердiң сақталуына бақылауды;
      салық және басқа да мiндеттi төлемдердiң дұрыс есептелуiн, олардың бюджетке толығымен және уақтылы енгiзiлуiн қамтамасыз етуге бақылауды;
      салық төлеуден жалтару немесе мемлекет алдында бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi орындамауға байланысты iс жүргiзудi жүзеге асырады.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетiнiң облыстық, қалалық және аудандық басқармалары мен бөлiмдерiнен тұратын жоғарыдан төмен қарай бағынысты органдары болады.
      Салық қызметiнiң құрылымында жоғарғыдан төмен қарай бағыныстағы және Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк салық комитетiнiң Салық полициясы бас басқармасынан, облыстар және Алматы қаласы бойынша салық полициясы басқармаларынан және аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша оларға тiкелей бағынысты салық полициясы бөлiмдерiнен тұратын салық полициясы органдары қызмет iстейдi. Салық полициясы органдары заңды тұлға болып табылады және банктерде ағымдағы және арнаулы шоттары, гербi бар мөрлерi мен белгiленген үлгiдегi бланкiлерi болады.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетi және оның жергiлiктi жерлердегi органдары өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Консутитуциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Парламентiнiң, Үкiметiнiң нормативтiк-құқықтық актiлерiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк салық комитетiнiң нормативтiк құжаттарын және осы Ереженi басшылыққа алады.
      4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк салық комитетiнiң төрағасын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайды. Төрағаның орынбасарларын, оның iшiнде Салық полициясы бас басқармасының бастығын Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетi төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайды.
      5. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк салық комитетiнiң төрағасы материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету, көлiк, медициналық қызмет көрсету жағдайлары бойынша - Қазақстан Республикасының министрiне, төрағаның орынбасарлары министрдiң орынбасарларына теңестiрiледi.
      6. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк салық комитетiнiң төрағасы мыналарды:
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетi орталық аппаратының қызметкерлерiн:
      облыстар және Алматы қаласы бойынша салық басқармаларының бастықтары мен олардың орынбасарларын;
      Салық полициясы бас басқармасы бастығының ұсынуымен облыстар және Алматы қаласы бойынша салық полициясы басқармаларының бастығын;
      аудандар, қалалар мен қалалардағы аудар бойынша салық бөлiмдерiнiң бастықтарын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      Аудандар, қалалар, қалалардағы аудар бойынша салық бөлiмдерiнiң бастықтарының орынбасарларын, облыстар, аудандар, қалалар мен қалалардағы аудандар бойынша салық басқармалары бөлiмдерiнiң бастықтарын облыстар және Алматы қаласы бойынша салық басқармаларының бастықтары тағайындайды.
      Барлық деңгейдегi салық органдарының бiлiктiлiк сипаттамасының талаптарына сәйкес келетiн басқа да қызметкерлерiн тиiстi салық басқармалары мен бөлiмдерiнiң бастықтары қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      Салық полициясының қызметкерлерi қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiппен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
      7. Салық қызметi органдарының қызметкерлерiне педагогтiк, ғылыми және басқа шығармашылық қызметтен өзге ақы төленетiн басқа қызметпен шұғылдануға тыйым салынады.
      8. Салық полициясы және оның жергiлiктi жерлердегi органдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетi Төрағасының орынбасары болып табылатын Салық полициясы бас басқармасының бастығына тiкелей бағыныста болады.
 
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк салық комитетiнiң
                           негiзгi мiндеттерi
 
      9. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк салық комитетiнiң негiзгi мiндеттерi:
      салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң тиiстi жылға арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттерде бекiтiлген мөлшер мен сомада толығымен және уақтылы түсуiн қамтамасыз ету;

 

     салық заңдарының орындалуын қамтамасыз ету, оның тиiмдiлiгiн

зерделеу;

     салық заңдарын бұзуға байланысты қылмыстарды болдырмау, анықтау

және тергеу;

     салық төлеушiлерге олардың құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiру,

салық заңдары мен салық салу жөнiндегi нормативтi актiлердегi

өзгерiстер туралы салық төлеушiлердi уақтылы хабарландырып отыру;

     салық қызметi органдарының жұмысына басшылықты жүзеге асыру

болып табылады.


     3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк салық комитетiнiң

                       атқаратын қызметi


     10. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетi

мынадай қызметтер атқарады:


 
       бюджеттерде көзделген салықтар мен басқа да мiндеттi төлемдердiң бюджетке түсуiн қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды жүргiзедi және салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы заңдардың сақталуына бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады;
      Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық келiсiмдердiң, шарттардың, контрактiлердiң жобаларына салықтың сараптама жасауға қатысады;
      салық сату мәселелерi жөнiндегi заңдар басқа да нормативтi құқықтық актiлер мен құжаттардың жобаларын әзiрлеуге қатысады;
      салық заңдарын бұзушылық жайындағы арыздарды, хабарламаларды және басқа ақпараттарды тексерудi жүзеге асырады;
      салық төлеушiлерi арасында салық заңдарының қолданылуы жөнiнде түсiндiру жұмысын жүргiзедi;
      салық заңдарын бұзушылыққа талдау жүргiзiп, баға бередi және салықтық құқық бұзушылық пен қылмыс жасауға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою жөнiнде тиiстi ұсыныстар енгiзедi;
      салықтардың түсуi туралы есеп алады, оны жинақтап, талдайды, сондай-ақ бюджетке есептелген және төленген салықтардың есебiн жүргiзедi;
      облыстар, Алматы қаласы, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша салық органдары жұмысының ұйымдастырылуына тексеру жүргiзедi, олардың нәтижелерi бойынша ашылған кемшiлiктер мен тәртiп бұзушылықтарды жою жөнiнде шаралар қабылдайды, салық органдары басшыларының есебiн тыңдайды, оны ұйымдастыруға әдiстемелiк және iс жүзiнде көмек көрсетедi, салық органдарының жұмыс тәжiрибесiн зерттеп, енгiзедi;
      облыстар, Алматы қаласы, аудандар, қалалар мен қалалардағы аудандар бойынша салық органдарының салық пен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинау жөнiндегi бақылауды жүзеге асырады;
      кадрларды кәсiптiк даярлау және қайта даярлау жөнiнде шаралар жүргiзедi;
      жасалған келiсiмдерге сәйкес шетелдiк мемлекеттердiң салық қызметiмен және халықаралық салық ұйымдарымен байланысты жүзеге асырады, шет елдердiң салық қызметiнiң жұмыс ұйымдастыру тәжiрибесiн зерттейдi және оны Қазақстан Республикасы салық қызметiнiң жұмысына iс жүзiнде қолдану жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
      салық салу мәселелерi жөнiндегi шарттар жобасын әзiрлеуге қатысады және үкiметаралық келiсiмдердi жүзеге асырады;
      ақпараттық жүйе және автоматтандыру мен компьютерлендiрудiң басқа да құралдарын жасау жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлеген нысан бойынша және мерзiмдерде қаржы органдарына салықтардың және бюджеттiң алдындағы басқа да қаржылық мiндеттемелердiң түсу сомасы туралы есеп ұсынады.
      Салық полициясының бас басқармасы өзiнiң жергiлiктi жерлердегi бөлiмшелерi арқылы:
      шұғыл-iздестiру қызметiн, жауап алу және салық тергеуiн ұйымдастырады және жүзеге асырады;
      заңды және жеке тұлғалардың пайданы (табысты) жасыру немесе кемiтiп көрсету, салық салынатын объектiлердi көрсетпеу мақсатында жасаған қылмыстары мен өзге де құқық бұзушылықтарын, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуден жалтарудың өзге де түрлерiн, сондай-ақ бюджетке салық пен басқа да төлемдердiң түспеуiне немесе толық түспеуiне байланысты мемлекетке шығын келтiрген өзге де қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтайды және тыйым салады;
      тексеру материалдарын шешу және қылмыстық iс қозғау туралы мәселенi шешу кезiнде қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қаржы-шаруашылық қызметтерiне тексерулер және алдын ала қылмыстық тергеу жүргiзедi;
      салық қызметi жұмысының қауiпсiздiгiн, оның қызметкерлерiн қызмет мiндеттерiн атқаруы кезiнде қылмыстық және өзге де құқыққа қол сұғудан өз құзыры шегiнде қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
      салық және басқа да мiндеттi төлемдердi бюджетке төлеуден жалтарып жүрген тұлғаларға қатысты олардың мемлекет алдында борышты екендiгi немесе декларация тапсырудан жалтарғаны жөнiнде ресми мәлiмет болған жағдайда оларды iздестiрудi ұйымдастырады және жүзеге асырады;
      салықтық құқық бұзушылықтар бойынша мемлекетке келген зиянның толық және уақтылы қайтарылуы жөнiндегi шараларды ұйымдастырады және өз құзыретi шегiнде шара қолданады;
      салық қылмыстары және басқа құқық бұзушылықтар жөнiндегi ақпаратты ұйымдастырады және өз құзыретi шегiнде жинақтайды және талдайды;
      салық қылмыстары туралы арыздарды, хабарламалар мен өзге де ақпараттарды қарау жөнiнде өз құзыретi шегiнде жұмысты ұйымдастырады.
 
      4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк салық комитетiнiң
                       жұмысын ұйымдастыру
 
      11. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетiнде алқа құрылады.
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк салық комитетi алқасының адам құрамын Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк салық комитетiнiң төрағасы бекiтедi.
      12. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетi және оның жергiлiктi жерлердегi салық қызметi органдары заңды тұлға болып табылады, банк мекемелерiнде шоттары (оның iшiнде валюталық) және белгiленген үлгiде мөрi болады.
      13. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетi мен салық қызметi органдары республикалық бюджет есебiнен ұсталады.
      14. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетi өз жұмысында орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен, құқық қорғау және өзге де мемлекеттiк бақылау органдарымен өзара қатынаста болады, бiрлескен бақылау шараларын қабылдайды, өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етедi.
      15. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетiнiң қызметкерлерi қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде заңмен қорғалады.
      16. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк салық комитетiнiң қызметкерлерi республикалық бюджет қаражаты есебiнен мiндеттi жеке сақтандырылуға жатады.
      17. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк салық комитетiнiң құрылымы мен қызметкерлер санын - Қазақстан Республикасының Үкiметi, ал бекiтiлген құрылым, қызметкерлер саны және еңбекке ақы төлеу шегiндегi штат кестесiн Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк салық комитетiнiң төрағасы бекiтедi. Облыстар, Алматы қаласы бойынша салық басқармаларының құрылымы мен санын - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк салық комитетiнiң төрағасы; аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша салық бөлiмдерiнiң құрылымы мен санын бағыныстылығы бойынша жоғары тұрған тиiстi салық органдарының бастықтары белгiленген еңбекке ақы төлеу қоры және қызметкерлер санының лимитi шегiнде бекiтедi. Штат кестесiн тиiстi мемлекеттiк салық органдарының бастықтары бекiтедi.
      18. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк салық комитетiнiң төрағасы облыстар, Алматы қаласы бойынша, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша салық органдары туралы ереженi және Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк салық комитетiнiң басқармалары мен бөлiмдерi туралы ереженi бекiтедi.
      19. Салық қызметi органдарында әлеуметтiк даму, материалдық-техникалық қамтамасыз ету және материалдық ынталандыру қоры:
      1) осы органдары қызметкерлерiнiң еңбекақы төлеу қоры сомасының 25 процентi мөлшерiнде республикалық бюджет қаражаты;
      2) жыл iшiнде жинақталған еңбекке ақы төлеу қорын үнемдеу есебiнен құрылады.
      20. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетi салық қызметiнiң әлеуметтiк даму, материалдық-техникалық қамтамасыз ету қорын пайдалану тәртiбiн бекiтедi.
      21. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетi облыстар, Алматы қаласы бойынша, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша салық органдарының қылмыстық iс жүргiзу заңдарына сәйкес шығарылған шешiмдерiнен басқа шешiмдерi қолданылып жүрген заңдарға қайшы келген жағдайда оларды жоюға немесе тоқтата тұруға құқылы.
      22. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк салық комитетiнiң қызметкерлерi салық төлеушiлер туралы өздерiне белгiлi болған мәлiметтердi "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығы 175-бабының шарттарын есепке ала отырып, құпия ұстауға мiндеттi.
      23. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк салық комитетiнiң лауазымды адамдарының өзiнiң қызмет мiндеттерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн заңдарда көзделген тәртiптiк, материалдық және өзге жауапкершiлiкке тартылады.
      24. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк салық комитетiнiң қызметкерлерi тiкелей туыстық қатынастағы немесе қызметкердiң яки оның тiкелей туыстық қатынастағы туысқанының оған тура немесе жанама қаржылық мүддесi болған салық төлеушiлерге қатысты кәсiптiк мiндетiн жүзеге асыруға тыйым салынады.
      25. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк салық комитетi лауазымды қызметкерлерiнiң жөнсiз iс-әрекетi салдарынан салық төлеушiге келтiрiлген зиян сот шешiмi бойынша республикалық бюджеттен (бес жылдан аспайтын уақыт үшiн) төленедi.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады