Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 18 шiлдедегi N 916 қаулысының күшiн тоқтату туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 1 қазан N 1198

      Мұнай операцияларына мiндеттi сақтандыру жүргiзу тетiгiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
      1. "Мұнай операцияларын мiндеттi сақтандыруды ұйымдастырудың тәртiбi мен оны жүргiзудiң шарттары туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 18 шiлдедегi N 916 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж.,N 31, 288-құжат) күшi Үкiметтiң ерекше өкiмi шыққанға дейiн тоқтатыла тұрсын.
      2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мен Қаржы министрлiгi Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгiмен, Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiмен және Мемлекеттiк сақтандыруды қадағалау комитетiмен бiрлесiп Ұлттық Банктiң келiсiмi бойынша бiр ай мерзiм iшiнде мұнай операцияларына мiндеттi сақтандыру жүргiзу

 

тетiгiн жетiлдiру жөнiнде консультанттарды тарта отырып ұсыныс

енгiзсiн.

     3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан

Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан

Республикасының Қаржы министрi А.С.Павловқа жүктелсiн.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады