Мемлекеттiң жеке меншiкке сататын немесе жер пайдалануға беретiн жер учаскелерiнiң бағалық құнын белгiлеу тәртiбiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 1 қазан N 1203. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      "Жер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 қаңтардағы Заңына және "Мемлекеттiң жеке меншiкке сататын немесе жер пайдалануға беретiн жерлерi үшiн төлем ставкаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 8 мамырдағы  N 576 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Ескерту. Кіріспе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.11.16.  N 1463 қаулысымен.
     Мемлекеттiң жеке меншiкке сататын немесе жер пайдалануға беретiн жер учаскелерiнiң бағалық құнын белгiлеудiң қоса берiлiп отырған Тәртiбi бекiтiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрi     

Қазақстан Республикасы       
Үкiметiнiң             
1996 жылғы 1 қазандағы      
N 1203 қаулысымен         
Бекiтiлген             

         Мемлекеттiң жеке меншiкке сататын немесе жер
       пайдалануға беретiн жер учаскелерiнiң бағалық
                    құнын белгiлеу
                       ТӘРТIБI

       Ескерту. Мәтін бойынша "Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитетінің", "жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі аумақтық комитетке", "жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі аумақтық комитеттер", "жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі аумақтық комитетінің" деген сөздер тиісінше "жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органның", "жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық комитетке", "жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық комитеттер", "жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық комитетінің" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2001.11.16.  N 1463 қаулысымен. 

      1. Осы Тәртiп "Жер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 қаңтардағы Заңына және "Мемлекеттiң жеке меншiкке сататын немесе жер пайдалануға беретiн жерлерi үшiн төлем ставкаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 8 мамырдағы N 576 қаулысына сәйкес әзiрленедi.<*> 
       Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.11.16.  N 1463
  қаулысымен. 
        2. Жер учаскесiнiң бағалық құнын белгiлеу (жер пайдалану құқығы) азаматтар мен мемлекеттiк емес заңды ұйымдар оларды меншiкке тегiн берудiң Жер туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген нормалардан тыс мемлекеттен қосымша жер учаскелерiн (жер пайдалану құқығын) сатып алған кезде және жер учаскелерiн өзге заңмен тыйым салынбаған қажеттер үшiн жеке меншiкке сатқан кезде белгiленедi.<*> 
      Жер учаскесiнiң бағалық құнын (жер пайдалану құқығын) белгiлеу, сондай-ақ өзге де заңмен көзделген жағдайларда, не жер учаскесiнiң құны немесе жер пайдалану құқығы екi жақтың келiсiмiмен анықталмаған жағдайда жүргiзiлуi мүмкiн. 
       Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.11.16.  N 1463
  қаулысымен.  
      3. Жер учаскесiнiң құнын (жер пайдалану құқығын) белгiлеудi жергiлiктi атқару органдарының бастамашылығы, азаматтар мен заңды ұйымдардың өтiнiштерi бойынша жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық органдары жүргiзедi.<*> 
       Ескерту. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.11.16.  N 1463
  қаулысымен.  
      4. Өтiнiштер жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық комитетке жiберiледi. Өтiнiште бағаланатын учаскенiң бағалау мақсаты, орналасқан жерi және көлемi көрсетiледi. 
      5. Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе оның тапсыруы бойынша өндiрiстiк бөлiмшесi өтiнiш иесiнде жер пайдалану құқығы туралы құжаттардың бар-жоғын тексередi, бағаланатын учаскенiң нақты шекарасын және көлемiн анықтайды (қажет болса), жер учаскесiн сипаттайтын материалдарды талдайды. 
      6. Елді мекендердегі және одан тысқары ауыл шаруашылық емес мұқтаждар үшін жеке меншікке берілетін (берілген) нақты жер учаскесінің бағалау құны "Жер туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының 8-бабына сәйкес базалық ставкаларға түзету (көтеретін немесе төмендететін) коэффициенттері қолданыла отырып белгіленеді. 
      Ауыл шаруашылық өндірісі берілетін (берілген) нақты жер учаскесінің бағалау құны базалық ставкаларға жердің сапалық жай-күйіне, сумен қамтамасыз етілуіне, оның орналасқан жеріне, қызмет көрсету саласының орталықтардан қашықтығына қарай түзету коэффициенттері қолданыла отырып жүзеге асырылады:<*> 
      Елді мекендердегі және одан тысқары ауыл шаруашылық емес мұқтаждар үшін жеке меншікке берілетін (берілген) нақты жер учаскесінің бағалау құны "Жер туралы" Қазақстан Республикасы 
Заңының 8-бабына сәйкес базалық ставкаларға түзету (көтеретін немесе төмендететін) коэффициенттері қолданыла отырып белгіленеді. 
      Ауыл шаруашылық өндірісі берілетін (берілген) нақты жер учаскесінің бағалау құны базалық ставкаларға жердің сапалық жай-күйіне, сумен қамтамасыз етілуіне, оның орналасқан жеріне, қызмет көрсету саласының орталықтардан қашықтығына қарай түзету коэффициенттері қолданыла отырып жүзеге асырылады:
      а) жер учаскесiнiң сапалық жай-күйi 
      Алқаптардың түрi мен топырақтардың үлгiсi бойынша жер учаскесiнiң сапалық жай-күйi жер-кадастр карталары, топырақ, геоботаника, топырақ-мелиорация және басқа зерттеулердiң материалдары негiзiнде анықталады. 
     Мелиорациялық жай-күйi мен жер қабатының ылдилығына қарай егiстiк құрамында пайдаланылатын жер учаскесiне жер пайдалану құқығының бағалық құнын белгiлеу үшiн төмендегiдей түзету коэффициенттерi қолданылады:
___________________________________________________________________
              Көрсеткiштер                    |  Түзету коэффицентi
___________________________________________________________________
                       1                      |          2
___________________________________________________________________
     Жерлердiң мелиорациялық жай-күйi:

жақсы - топырағы тұзды емес және сортаңдалмаған,
тасы жоқ, эрозияға ұшырамаған; жер асты
суларының тереңде жатуы; тұщы - 3 м астам,
минералды - 6 м астам                                1,1-1,3
қанағаттанарлық - топырағы аздап тұзды,
сортаң, ұсақ тасты, аздап эрозияланған; аз
минералды жер асты суларының тереңде жатуы
3-6 м                                                0,8-1
қанағаттанарлықсыз - топырағы орташа және
күштi тұзды, орта және күштi сортаңдалған,
тасты, орта және күштi эрозияға ұшыраған;
1 г/л астам минералданған жер асты суларының
тереңде жатуы - 3 м төмен                            0,5-0,7
Градуспен алғанда жер қабатының ылдилығы
             2-ге дейiн                              1
             2,1-5                                   0,95э
             5,1-10                                  0,9
             11-15                                   0,85
             15-тен жоғары                           0,5
     Учаскенiң сапалық жай-күйi мен жер қабатының ылдилығына қарай табиғи жем-шөптiк алқаптар (шабындық, жайылым) құрамында пайдаланылатын жер учаскесiне жер пайдалану құқығының бағалық құнын белгiлеу үшiн мынадай түзету коэффициенттерi қолданылады: 
____________________________________________________________________
              Көрсеткiштер                    |  Түзету коэффицентi
___________________________________________________________________
                       1                      |          2
___________________________________________________________________
               Шабындықтар үшiн

               Жердiң жай-күйi:
жақсы - жер учаскесi ласталмаған, бұталар
өспеген, ағашы жоқ, тассыз, аймақтық
өсiмдiктердiң жақсы белгiлерi бар                   1,1-1,3
қанағаттанарлық - жер учаскесi ласталған,
бұталар, ағаш өскен, тасты, өсiмдiк құрамының
аймақтық құрылысы бұзылған. Аталған белгiлер
аумақтың 40 процентiне дейiнгi алаңынан
көрiнедi.                                           0,9-1қанағаттанарлықсыз - жер учаскесi ласталған,
ағаш, бұта өскен, тасты, өсiмдiк құрамының
аймақтық құрылымы бұзылған. Аталған белгiлер
аумақтың 40 процентiнен астам алаңынан
көрiнедi                                            0,5-0,8
     Градуспен алғанда жер қабатының
            ылдилығы
            2-ге дейiн                              1
            2,1 - 5                                 0,95
            5,1 - 10                                0,9
            11 - 15                                 0,85
            15-тен жоғары                           0,5

                      Жайылымдар үшiн

                      Жердiң жай-күйi:

жақсы - жер учаскесi ласталмаған, бұталар
(азыққа жарамайтын бұталар) ағаш өспеген,
тасы жоқ, аймақтың өсiмдiктерiнiң жақсы
белгiлерi бар                                      1,1 - 1,3
қанағаттанарлық - жер учаскесi ласталған,
бұталар (азыққа жарамайтын бұталар),
ағаштар өскен, тасты, өсiмдiк қабатының
аймақтық құрылысы бұзылған, жайылымы қатты
тапталған, жалаңаштанған сор, сортаң
топырақты, тақыр. Аталған белгiлер аумақтың
40 процентiне дейiнгi алаңнан көрiнедi             0,9-1
қанағаттанарлықсыз - жер учаскесi ласталған,
бұталар (азыққа жарамайтын бұталар), ағаш
өскен, тасты, өсiмдiк қабатының аймақтық
құрылымы бұзылған, жайылымы қатты тапталған,
жалаңаштанған сор, сортаң топырақты, тақыр.
Аталған белгiлер аумақтың 40 процентiнен
астам алаңынан көрiнедi.                           0,5 -0,8
     Градуспен алғанда жер қабатының
            ылдилығы
            12-ге дейiн                            1
            13-20                                  0,8
            20-дан жоғары                          0,6

              б) жер учаскесiнiң суландырылуы
                  (сумен қамтамасыз етiлуi)

     Жер учаскесiнiң суландырылуына (сумен қамтамасыз етiлуiне)
қарай жер пайдалану құқығының құнын белгiлеу үшiн мынадай түзету коэффициенттерi қолданылады:
___________________________________________________________________
     Көрсеткiштер                    |  Түзету коэффицентi
___________________________________________________________________           Суландырылуы:

суландыратын                                 1-1,2
суландырылмайтын                             0,5-0,8

              в) жер учаскесiнiң орналасқан жерi

     Шаруашылық жүргiзу орталығынан қашықтығы бойынша орналасқан жерiне қарай жер учаскесiнiң (жер пайдалану құқығы) құнын белгiлеу үшiн мынадай түзету коэффициенттерi қолданылады: 
___________________________________________________________________
     Қашықтығы, шақырым                |  Түзету коэффицентi
___________________________________________________________________
5-ке дейiн                                     1,2
5-10                                           1
10-20                                          0,9
20-30                                          0,8
30-дан жоғары                                  0,7

              г) жер учаскесiнiң қызмет көрсету саласы
                     орталықтарынан қашықтығы

     Өткiзу нарығынан, жабдықтау базаларынан пайдаланылатын жердiң (жер учаскесiнiң) қашықтығына және жолдардың сапасына қарай жер учаскесiнiң (жер пайдалану құқығының) құнын белгiлеу үшiн мынадай түзету коэффициенттерi қолданылады:
___________________________________________________________________
  Қашықтығы,       | Тас жолдар   |Қиыршық тас    | Жай жолдар
   шақырым         |              |төселген жолдар|
___________________________________________________________________
20-ға дейiн              1,4            1,1           0,7
21-40                    1,2            0,9           0,6
41-60                    1              0,7           0,5
61-80                    0,8            0,5
81-100                   0,6
100-ден жоғары           0,5
      Нақты жер учаскесiне жер пайдалану құқығының бағалық құнын белгiлеудi арттыратын немесе кемiтетiн бiрнеше факторлар болған жағдайда коэффициенттер көбейтiледi. Ауыл шаруашылығы жерлерiнде аталған құқықтың бағалық құнын арттырудың немесе кемiтудiң жалпы мөлшерi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген төлем ставкаларының 50 процентiнен аспауы керек. 
       Ескерту. 6-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.11.16.  N 1463
  қаулысымен.  
      7. Осы Тәртiптiң 6-тармағының 2 және 3-тармақшаларында көрсетiлген жер учаскелерiнiң (жер пайдалану құқығының) бағалық құнын белгiлеу кезiнде аталған тармақтың 4 г) тармақшасында белгiленген қызмет көрсету саласынан осы учаскелердiң қашықтығына арналған түзету коэффициенттерi қолданылады. 
      8. Жер учаскелерiнiң жеке меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың өтiнiшi бойынша (жер пайдалану құқығының) жерге орналастыру жұмыстарын орындау олардың қаржысы есебiнен жүргiзiледi.<*> 
      ЕСКЕРТУ. 8-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.04.08. 
N 505   қаулысымен
     9. Жер учаскесiнiң бағалық құнын (жер пайдалану құқығын) белгiлеу қосымшаға сәйкес актiмен ресiмделедi. 
     Жер учаскесiнiң бағалық құнын (жер пайдалану құқығын) белгiлеу 
актiсiне тиiстi аумақтық жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық 
комитетіуің төрағасы қол қояды және оны тапсырыс иесiне бередi. 

Қосымша  

                          Жер учаскесiнiң бағалық құнын
              (жер пайдалану құқығын) белгiлеу
                           АКТIСI

1. Осы актi азамат ________________________________________________
___________________________________________________________________
                          (фамилиясы, аты-жөнi)
заңды тұлға _______________________________________________________
                                    (атауы)
өтiнiшiне сәйкес немесе ___________________________________________
________________________________________________тапсыруы бойынша
     (атқару органының атауы)
___________________________________________________________________
                        (келiсiмнiң атауы)
байланысты толтырылды.
2. Жер учаскесiн нысаналы пайдалану _______________________________
___________________________________________________________________
3. Жер учаскесiнiң орналасқан жерi ________________________________
___________________________________________________________________
4. Жер учаскесiнiң бағалық құнының (жер пайдалану құқығының) есебi:
___________________________________________________________________
Аймақтың нөмiрi (елдi |Көлемi  | Жер үшiн|  Түзету    |Бағалық құны,
мекендердiң жерi үшiн)|гектар, |  төлем  |коэффициентi|теңгемен
алқаптың түрi,        |шаршы   |ставкасы |            |
топырақтың үлгiсi,үлгi|метр    |теңгемен |            |
тармағы (ауыл         |        |         |            |
шаруашылығына         |        |         |            |
пайдаланылатын жер үшiн)       |         |            |
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Қорытындысы
5. Жер учаскесiнiң бағалық құны (жер пайдалану құқығы)_____________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
                       (сомасы, жазба түрде)
______________аудандық (қалалық) жер қатынастары __________________
және жерге орналастыру жөнiндегi комитетiнiң төрағасы
" " ____________________199__жыл                 __________________
                                                       (қолы)
     М.О. 
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады