Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 1 қазандағы N 1203 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 16 қараша N 1463. Қаулының күші жойылды - 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. "Мемлекеттің жеке меншікке сататын немесе жер пайдалануға беретін жер учаскелерінің бағалық құнын белгілеу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 1 қазандағы N 1203  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., N 40, 378-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 
      кіріспедегі "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 22 желтоқсандағы N 2717 Заң күші бар Жарлығына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 қаңтардағы Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттің жеке меншікке сататын немесе жер пайдалануға беретін жер учаскелерінің бағалық құнын белгілеу тәртібінде: 
      "Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитетінің", "жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі аумақтық комитетке", "жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі аумақтық комитеттер", "жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі аумақтық комитетінің" деген сөздер тиісінше "жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органның", "жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық комитетке", "жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық комитеттер", "жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық комитетінің" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      1-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 22 желтоқсандағы N 2717 Заң күші бар Жарлығына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 қаңтардағы Заңына" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      2-тармақта: 
      "Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген" деген сөздер "Жер туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      "немесе заңмен белгіленген мақсаттар үшін тұрақты жер пайдалануға" деген сөздер алынып тасталсын; 
      3-тармақтағы "немесе өндірістік бөлімшелері" деген сөздер алынып тасталсын; 
      6-тармақтың бірінші, екінші абзацтары, 1)-3) тармақшалары және 
4) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Елді мекендердегі және одан тысқары ауыл шаруашылық емес мұқтаждар үшін жеке меншікке берілетін (берілген) нақты жер учаскесінің бағалау құны "Жер туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  8-бабына сәйкес базалық ставкаларға түзету (көтеретін немесе төмендететін) коэффициенттері қолданыла отырып белгіленеді. 
      Ауыл шаруашылық өндірісі берілетін (берілген) нақты жер учаскесінің бағалау құны базалық ставкаларға жердің сапалық жай-күйіне, сумен қамтамасыз етілуіне, оның орналасқан жеріне, қызмет көрсету саласының орталықтардан қашықтығына қарай түзету коэффициенттері қолданыла отырып жүзеге асырылады:";
      7-тармақ алынып тасталсын;
      көрсетілген қаулыға қосымшада "__________ аудандық (қалалық) жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі комитетінің төрағасы" деген сөздер "__________ жер ресурстар басқару жөніндегі аумақтық комитетінің басшысы" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады