Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгертулер енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 8 қазан N 1242

      Қазақстан Республикасының Дәрменсiз мемлекеттiк кәсiпорындарды санациялау және тарату жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясының 1996 жылғы 5 қыркүйектегi шешiмiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
      1. "Қазақстан Республикасының Дәрменсiз мемлекеттiк

кәсiпорындарды санациялау және тарату жөнiндегi ведомствоаралық
комиссиясының шешiмiн жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы"
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 20 қарашадағы қаулысының
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 36, 460-құжат)
қосымшасында:
     таратылатын төлем жасау қабiлетi жоқ кәсiпорындардың (дәрменсiз
борышкерлер) тiзбесiнен:
     "Актюбруно" акционерлiк қоғамы, Ақтөбе облысы.
     "Цинктелген ыдыс-аяқ заводы" акционерлiк қоғамы, Шығыс Қазақстан
облысы.
     "Колос" акционерлiк қоғамы, Қарағанды облысы.
     "Темiрбетон" акционерлiк қоғамы, Алматы қаласы алынып тасталсын.
     2. "Дәрменсiз кәсiпорындарды тарату жөнiндегi шараларды жүзеге
асыру жолдары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 23
қарашадағы N 1590 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
1995 ж., N 36, 443-құжат) екiншi абзацындағы:
     "Швейная фабрика им. 8-марта" акционерлiк қоғамы", Павлодар
облысы
     "Заря" акционерлiк қоғамы, Оңтүстiк Қазақстан облысы" жолдары
алынып тасталсын.

     Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрiнiң
          орынбасары
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады