Бюджеттiк қарыздар бойынша есептеме жүргiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 15 қазан N 1270

      Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттiк ұйымдардың пайдаланған электр энергиясына пайда болған берешегiн қысқарту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi берiлiп отырған тiзбеге (1-қосымша) сәйкес Экономиканы жаңғырту қорына аудару бойынша "Қазақгаз" мемлекеттiк холдинг компаниясы кәсiпорындарының республикалық бюджет алдындағы 100 (жүз) млн. теңге берешегiне есептеме жүргiзсiн.
      Аталған сома бюджет ұйымдарының пайдаланған электр энергиясына

берешегiн өтеуге арналған қаржыландыру есебiне есептелсiн
(2-қосымша).
     2. "Қазақгаз" мемлекеттiк холдинг компаниясының республикалық
бюджетке келiсiлген бағалар бойынша есептелетiн төлемдер есебiне
электр энергиясын өндiру үшiн "Қазақстанэнерго" ұлттық энергетикалық
жүйесi Жамбыл ГРЭС-iне оның табиғи газ беру туралы ұсынысына келiсiм
берiлсiн.
     3. Берешек есептемесi аталған соманы 1996 жылға арналған
республикалық бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде көрсетiле
отырып жүргiзiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi 
     
     
                                     Қазақстан Республикасы
                                           Үкiметiнiң
                                     1996 жылғы 15 қазандағы
                                        N 1270 қаулысына
                                           1-қосымша

          Экономиканы жаңғырту қорына аударымдары бойынша
          республикалық бюджет алдындағы берешегiне
          есептеме жүргiзiлетiн "Қазақгаз" мемлекеттiк
              холдинг компаниясы кәсiпорындарының
                            ТIЗБЕСI

___________________________________________________________________
     Кәсiпорындардың атауы             |Есептемеге алынатын берешек
                                       |сомасы, млн. теңге
___________________________________________________________________
     1. "Карачаганакгазпром" АҚ        |      69
         Батыс Қазақстан облысы        |
     2. "Уральсктрансгаз" АҚ           |      31
         Батыс Қазақстан облысы        |
___________________________________________________________________
           Жиыны:                             100

                                     Қазақстан Республикасы
                                           Үкiметiнiң
                                     1996 жылғы 15 қазандағы
                                        N 1270 қаулысына
                                           2-қосымша

           Пайдаланған электр энергиясы үшiн берешегi
          есептемеге қабылданатын бюджеттiк ұйымдардың
                            ТIЗБЕСI
___________________________________________________________________
     Бюджеттiк ұйымдардың атауы          |Есептемеге алынатын
                                         |берешек сомасы, млн. теңге
___________________________________________________________________
     Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп |       83,6
     және сауда министрлiгi (Мырғалымсай |
     кенорнының суын ағызуға арналған)   |
                                         |
     Қазақстан Республикасының Қорғаныс  |       10,3
     министрлiгi                         |
                                         |
     Қазақстан Республикасының Денсаулық |       2,7
     сақтау министрлiгi                  |
                                         |
     Қазақстан Республикасының Ғылым     |       2,6
     министрлiгi - Ғылым академиясы      |
        А.Яссауи атындағы                |
     Қазақ-Түрiк университетi            |       0,5
                                         |
     Салық инспекциясы                   |       0,3
___________________________________________________________________
              Жиыны:                     |       100 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады