Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығының ғылыми ұйымдары мен тәжiрибе шаруашылықтары желiлерiн жетiлдiру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 31 қазан N 1322

      Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығының ғылыми ұйымдары мен тәжiрибе шаруашылықтары желiлерiн жетiлдiру және агроөнеркәсiп кешенi дамуының басымдығына сәйкес олардың қызметiнiң бағыттарын нақтылау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының:
      "Қазақауылшармеханикаландыру" ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгiне және Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Алматы кешендi бөлiмiне, ал осы институттың Павлодардағы радиоизотоп лабораториясын - Павлодар ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына перспективалық тақырыптарымен, негiзгi құралдарымен, приборлары және жабдықтарымен Қазақтың агроөнеркәсiп кешенiндегi еңбектi қорғау және экология ғылыми-зерттеу институтын;
      Атырау ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына перспективалық тақырыптарымен, приборлары және жабдықтарымен, ал қалған негiзгi құралдарын - коммуналдық меншiкке бере отырып Маңғыстау облыстық мемлекеттiк ауыл шаруашылығы тәжiрибе станциясын;
      Арал өңiрi ауыл шаруашылығы және агроэкология ғылыми-зерттеу институтына перспективалық тақырыптарымен, негiзгi құралдарымен приборлары және жабдықтарымен бере отырып Қызылқұм орман тәжiрибе станциясын;
      Қазақ мал дәрiгерлiк ғылыми-зерттеу институтының Ақмола мал дәрiгерлiк ғылыми-зерттеу станциясына перспективалық тақырыптарымен, негiзгi құралдарымен, приборлары және жабдықтарымен бере отырып Қазақ мал дәрiгерлiк ғылыми-зерттеу институтының Қазақ құс аурулары жөнiндегi лабораториясын;
      Қазақ агроөнеркәсiп экономикасы және ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтына перспективалық тақырыптарымен, негiзгi құралдары және жабдықтарымен бере отырып Қазақ ауыл шаруашылық ғылым академиясының Есептеу орталығын тарату жөнiндегi;
      Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Солтүстiк Қазақстан бөлiмшесiн осы институттың тiрек пунктi етiп;
      Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Арал балық шаруашылығы кешендi лабораториясын осы институттың Арал бөлiмшесi етiп;
      "Қазақстан ауыл шаруашылығының ғылыми жаршысы" журналын "Бастау" ғылыми-баспа орталығы етiп жаңарту жолымен қайта құру жөнiндегi ұсынысы қабылдансын.
      Аталған ғылыми ұйымдар мен тәжiрибе шаруашылықтарын қайта құру Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығына белгiленген бюджет қаражаты шегiнде жүргiзiлсiн.
      Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығы аталған ғылыми ұйымдарды тарату және қайта құру жөнiндегi жұмыстарды қолданылып жүрген заңдарға сәйкес ұйымдастырсын.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi және Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
      Ақтөбе жөмшөп және жайылым тәжiрибе станциясын;
      В.Р. Вильямс атындағы Қазақ егiншiлiк ғылыми-зерттеу институтының Ақсу тәжiрибе шаруашылығын;
      "Алмалы" ғылыми өндiрiстiк бiрлестiгiнiң Балқаш тәжiрибе алаңын;
      Қазақ қаракөл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының "Сүткент" мемлекеттiк асыл тұқымды заводын;
      Арал өңiрi ауыл шаруашылығы және агроэкология ғылыми-зерттеу институтының бақша дақылдары мен картоп жөнiндегi Қызылорда тәжiрибе шаруашылығын;
      Атырау ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының тәжiрибе шаруашылығын;
      "Алмалы" ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгiнiң Мичурин атындағы кеңшарын мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiру жөнiндегi мәселенi қарайтын болсын.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығы өз құзырлары шегiнде, қажет болған жағдайда жергiлiктi атқару органдарының қатысуымен екi ай мерзiм iшiнде аталған ғылыми ұйымдар мен тәжiрибе шаруашылықтарын тарату, қайта құру және беру жөнiндегi шараларды белгiленген тәртiппен жүргiзсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым

академиясы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен бiрлесе
отырып осы қаулыдан туындайтын өзгертулерге байланысты Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiне өзгертулер енгiзу және күшiн
жойған деп тану туралы ұсыныстарды үш ай мерзiмде Қазақстан
Республикасының Үкiметiне енгiзетiн болсын.
     5. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрiнiң
       бiрiншi орынбасары 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады