1. "Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын экономикалық тұрақтандыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 20 тамыздағы N 1030 қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
5-тармақтағы "Павлодар" сөзi алынып тасталсын;
"Эйр Казахстан" жабық үлгiдегi акционерлiк қоғамының жарғылық қорына берiлетiн ұшақтар тiзiмi" деген 1-қосымшадағы (Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 26 қыркүйектегi N 1178 қаулысына арналған редакциясында):
"ТУ-154 85464 12.03.82 7547 Күнтiзбелiк мерзiмi 28.04.96 бастап" деген жол алынып тасталсын. 2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi N 85464 ТУ-154 ұшағын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң балансына берсiн. 3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне жүктелсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi