1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi қолданылып жүрген заңдарға сәйкес "Борлы" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiнiң 60 процентiн тендерде сату үшiн Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне берсiн.
2. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк
комитетi тендер шарттарында бюджет алдындағы берешектi, тонна көмiрге роялтидi және инвестицияларды өтеудi ескерiп, белгiленген заң тәртiбiмен "Борлы" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiнiң 60 процентiн сатуды жүзеге асырсын. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Д.Т. Дүйсеновке жүктелсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi