Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Аппараты туралы<*>

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 12 қараша N 1374. Құрылымы және штат санына (уақытша) өзгертулер енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.02.27. N 275 қаулысымен. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.03.17. N 337 қаулысымен.

      Мемлекеттiк басқару жүйелерiнiң тиiмдiлiгiн арттыру, республикалық бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында және "Орталық атқарушы органдардың құрылымын жетiлдiру және мемлекеттiк органдардың санын қысқарту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 29 қазандағы N 3168 Жарлығы мен "Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 18 желтоқсандағы N 2688 Конституциялық заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi Аппаратының қоса берiлiп отырған құрылымы мен қызметкерлердiң штат саны бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi Аппаратының Басшысы:
      - Қазақстан Республикасының Үкiметi Аппаратының штат кестесiн он күн мерзiм iшiнде бекiтсiн;
      - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң осы Қаулысының Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бұрынғы қабылдаған шешiмдерiмен сәйкес келтiрiлуi жөнiндегi ұсыныстарды бiр ай мерзiм iшiнде енгiзсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Үкiметi Аппаратының босатылған қызметкерлерiне Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жеңiлдiктер мен өтемдер берiледi деп белгiленсiн.
      4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Аппараты туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 20 қазандағы N 1357 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
 

     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрi



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады