Ақмола қаласында тiркелген және қала құрылысына жұмыс iстейтiн табыс салығынан, жер салығынан және мүлiкке салынатын салықтан босатылатын ұйымдардың тiзбесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 13 қараша N 1381 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 26 қаңтардағы N 2827 Заң күшi бар  Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 26 қаңтардағы N 2827 Заң күшi бар Жарлығына сәйкес келетiн мерзiмде Ақмола қаласында тiркелген және қала құрылысына жұмыс iстейтiн, табыс салығынан, жер салығынан және мүлiкке салынатын салықтан босатылатын ұйымдардың тiзбесi қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн. 
      2. Қосымшаға сәйкес Ақмола қаласында тiркелген және қала құрылысына жұмыс iстейтiн ұйымдарды табыс салығын, жер салығын төлеуден босатудың тәртiбi бекiтiлсiн.<*> 
       ЕСКЕРТУ. Жаңа 2-тармақпен толықтырылды, 2-тармақ 3-тармақ болып саналды - ҚРҮ-нiң 1997.12.12. N 1756  қаулысымен .

      3. Қазақстан Республикасының жоғары және орталық мемлекеттiк органдарын Ақмола қаласына көшiру жөнiндегi мемлекеттiк комиссия жаңа астанадағы объектiлер құрылысына жаңа ұйымдарды тарту шаралары бойынша Ақмола қаласында тiркелген және қала құрылысына жұмыс iстейтiн ұйымдардың тiзбесiн табыс салығынан, жер салығынан және мүлiкке салынатын салықтан босату үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметiне тапсырсын осы қаулымен айқындалған тәртiппен.<*>
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1997.12.12. N 1756  қаулысымен .

      Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi

                                          Қазақстан Республикасы
                                                Үкiметiнiң
                                          1996 жылғы 13 қарашадағы
                                             N 1381 қаулысымен
                                                бекiтiлген

            Ақмола қаласында тiркелген және қала құрылысына
           жұмыс iстейтiн табыс салығынан, жер салығынан және
           мүлiкке салынатын салықтан босатылатын ұйымдардың
                               ТIЗБЕСI

      1."Окан Холдинг/Исот" түркия фирмасы.
      2."Финтрако" түркия фирмасы.
      3."Қазақстан жолдары" АҚ "Қазжолқұрылыс" фирмасы.
      4."Целинтрансстрой" АҚ, Ақмола қаласы.
      5."Ақмолатранстехмонтаж" Ақ, Ақмола қаласы.
      <*>
      6."Целинэнергострой" АҚ, Ақмола қаласы.
      7."Ақ Орда" ЖҚК, Ақмола қаласы.
      8."Ақмолаагрострой" АҚ, Ақмола қаласы.
      9."Жаңа-Ақмола құрылыс индустриясы" АҚ, Ақмола қаласы.
      10."Қазақстан-Полиалпан" АҚ, Ақмола қаласы.
      11."Ақмоластройинвест" АҚ, Ақмола қаласы.
      12. Базис-А корпорациясы, Алматы қаласы.
      13. "Интекс" АҚ, Алматы қаласы.
      14."Медеустрой" АБ, Алматы қаласы.
      15. "Келешек" ЖШС, Алматы қаласы.
      16. "Блок" ЖШС, Ақмола қаласы.
      17. 28-ЖМК ШКК. Алматы облысы, Қалқаман поселкесi.
      <*>
      18.  Целинэнергожөндеу ЖЖК, Ақмола қаласы.
      19. "Степногорск подшипник заводы" АҚ, Степногорск қаласы.
      20. "Ақмоламрамор" АҚ, Степногорск қаласы.
      21. "Буландинский карьер" АҚ, Ақмола облысы.
      22. "Стройконструкция" АҚ Ақмола қаласы
      23. "Құрылыс материалдары комбинаты" АҚ, Ақмола қаласы.
      <*>
      24. "Ақмола силикат заводы" АҚ, Ақмола қаласы.
      <*>
      25. "КЭМОНТ "Қазэлектромонтаж" АҚ, Алматы қаласы.
      <*>
      26. "Мабетекс проджект инжиринг СА" фирмасы, 1996 жылғы 1 тамыздағы N 24031796-АҚМОЛ және 1997 жылғы 17 қаңтардағы N V-243 АҚМОЛ келiсiм-шарттарына сәйкес.
      27. "TechnoART" фирмасы, 1997 жылғы 24 қаңтардағы келiсiм-шартқа сәйкес.
      28. "Фитцпатрик Интэрнэшнл Лимитед" фирмасы, 1996 жылғы 30 желтоқсандағы келiсiм-шартқа сәйкес.
      29. "Қазақтранстехмонтаж" АҚ, Ақмола қаласы 1996 жылғы 20 маусымдағы, 1996 жылғы 5 тамыздағы, 1996 жылғы 15 қазандағы, 1996 жылғы 15 қарашадағы, 1996 жылғы 20 қарашадағы және 1996 жылғы 10 желтоқсандағы шарттарға сәйкес.
      30. "Домостроитель" АҚ, Ақмола қаласы, 1996 жылғы 20 қыркүйектегi N 169, 1997 жылғы 15 қаңтардағы N 2 ЖД-1 және 1997 жылғы 17 қаңтардағы шарттарға сәйкес.
      31. "Электромонтаж" АҚ, Алматы қаласы, 1996 жылғы 22 қазандағы N 3-21 және 1996 жылғы 18 желтоқсандағы N 21-29-96 шарттарға сәйкес.
      32. "Имсталькон" АҚ, Алматы қаласы, 1996 жылғы 29 мамырдағы және 1996 жылғы 8 тамыздағы шарттарға сәйкес.
      33. "Найза" ЖШС концернi, Ақмола қаласы, 1996 жылғы 26 маусымдағы N 1, 2, 3, 4 және 1997 жылғы 23 қаңтардағы N 7 ЖД-1 шарттарға сәйкес.
      34. "НЕГIЗ" құрылыс компаниясы" ЖҮАҚ, Алматы қаласы, 1997 жылғы 21 қаңтардағы N 4 ЖД-1 және 1997 жылғы 21 қаңтардағы N 4 ЖД-2 шарттарға сәйкес.
      35. Тың темiр жолының "Дорстройтрест" АҚ, Ақмола қаласы, 1996 жылғы 20 ақпандағы, 1996 жылғы 1 наурыздағы, 1996 жылғы 2 сәуiрдегi, 1996 жылғы 24 шiлдедегi, 1996 жылғы 15 қазандағы және 1996 жылғы 17 қазандағы шарттарға сәйкес.
      36. "Ақмолаагроспецстрой" АҚ, Ақмола қаласы, 1996 жылғы 10 желтоқсандағы, 1996 жылғы 11 желтоқсандағы және 1997 жылғы 27 қаңтардағы шарттарға сәйкес.
      37. "Целиндорстрой" АҚ, Ақмола қаласы, 1996 жылғы 15 қарашадағы шартқа сәйкес.
      38. "Ақмоластрой" АҚ, Ақмола қаласы, 1996 жылғы 18 маусымдағы N 4, 1996 жылғы 16 шiлдедегi N 7, 1996 жылғы 18 желтоқсандағы , 1996 жылғы 25 желтоқсандағы, 1997 жылғы 8 қаңтардағы және 1997 жылғы 21 қаңтардағы шарттарға сәйкес.
      39. "Ай-Су-Астана" ЖШС, Ақмола қаласы, 1996 жылғы 27 маусымдағы N 37 шартқа сәйкес.
      40. "Көкшетаусельстрой N 2" СФК, Көкшетау қаласы, 1997 жылғы 15 қаңтардағы N 8 ЖД-1 шартқа сәйкес.
      41. "Сирена-С монтаждау-технологиялық орталығы" ЖШС, Қарағанды қаласы, 1997 жылғы 24 қаңтардағы N 1қ шартқа сәйкес.
      42. "Қаздизайн" АҚ, Алматы қаласы, 1997 жылғы 15 қаңтардағы N 2/97 бас шартқа сәйкес.
      43. "Алматыгорстрой" МАК, Алматы қаласы, 1997 жылғы 28 қаңтардағы N 5 ЖД-1 шартқа сәйкес.
      44. "Алматықұрылыс" ХК, Алматы қаласы, 1997 жылғы 27 қаңтардағы N 9 ЖД-1 шартқа сәйкес.
      45. "Қарағандыжилстрой" АҚ, Қарағанды қаласы, 1997 жылғы 15 қаңтардағы N 6 ЖД-1 шартқа сәйкес.
      46. "Степногор құрылыс басқармасы" АҚ, Степногор қаласы, 1997 жылғы 15 қаңтардағы N 12 ЖД-1 және 1997 жылғы 28 қаңтардағы N 12 ЖД-2 шарттарға сәйкес.
      47. "Кварц" АҚ, Қарағанды қаласы, 1996 жылғы 30 қыркүйектегi N 720 және 1996 жылғы 4 қазандағы N 7725 шарттарға сәйкес.
      48. "Целинсантехмонтаж" АҚ, Ақмола қаласы, 1996 жылғы 23 қаңтардағы N 4, 1996 жылғы 26 сәуiрдегi N 18, 1996 жылғы 17 тамыздағы N 41, 1996 жылғы 10 қазандағы N 24, 1996 жылғы 14 қазандағы, 1997 жылғы 16 қаңтардағы N 1 шарттарға сәйкес.
      49. "AHSEL INSAAT TAAHHUT VE TICARET А.S." фирмасы, 1997 жылғы 28 ақпандағы N 13 ЖД шартқа сәйкес.
      50. "Ақмола жолдары" АҚ, Ақмола қаласы, 1997 жылғы 18 наурыздағы және 1997 жылғы 17 сәуiрдегi шарттарға сәйкес.
      51. "Көлiктемiрбетон" АҚ, Ақмола қаласы, 1996 жылғы 23 желтоқсандағы, 1997 жылғы 6 ақпандағы N 31, 1997 жылғы 1 наурыздағы, 1997 жылғы 5 наурыздағы N 34 және 1997 жылғы 25 наурыздағы шарттарға сәйкес.
      52. "Интекс" ЖШС, Ақмола қаласы, 1997 жылғы 4 сәуiрдегi N 10, 1997 жылғы 14 сәуiрдегi N 10-1 және 1997 жылғы 24 сәуiрдегi N 7 шарттарға сәйкес.
      53. "Синтез" ЖШС, Ақмола қаласы, 1996 жылғы 10 шiлдедегi, 1996 жылғы 25 шiлдедегi N 114, 1996 жылғы 2 тамыздағы, 1996 жылғы 25 қыркүйектегi N 18, 1996 жылғы 26 қыркүйектегi және 1996 жылғы 15 қазандағы N 60 шарттарға сәйкес.
      54. "Эверест" ШЖК, Ақмола қаласы, 1997 жылғы 10 ақпандағы N 1/2, 1997 жылғы 10 наурыздағы N 5/1 және 1997 жылғы 25 сәуiрдегi N 7/24 шарттарға сәйкес.
      55. "Мехколонна - 56" КК, Ақмола қаласы, 1997 жылғы 28 наурыздағы N 1 және 1997 жылғы 26 мамырдағы N 2 шарттарға сәйкес.
      56. "Мотив-Ақмола КФ" ЖШС, Ақмола қаласы, 1997 жылғы 4 мамырдағы N 200 келiсiм-шартқа сәйкес.
      57. "Ақмола қала құрылысы" ЖШС, Ақмола қаласы, 1997 жылғы 24 қаңтардағы және 1997 жылғы 5 мамырдағы N 9 шарттарға сәйкес.
      58. "Алматы қала құрылысы" бiрлестiгi" ЖШС, Ақмола қаласы, 1997 жылғы 5 мамырдағы N 4, 1997 жылғы 5 мамырдағы N 5 және 1997 жылғы 8 мамырдағы  шарттарға сәйкес.
      59. "Аккра-1" ЖШС, Ақмола қаласы, 1997 жылғы 24 қаңтардағы N 1 және 1997 жылғы 5 мамырдағы N 7 шарттарға сәйкес.
      60. "Алма-1" ЖШС, Ақмола қаласы, 1997 жылғы 24 қаңтардағы N 2 және 1997 жылғы 5 мамырдағы N 8 шарттарға сәйкес.
      61. "Сайран-1" ЖШС, Ақмола қаласы, 1997 жылғы 1 сәуiрдегi N 3 және 1997 жылғы 5 мамырдағы N 6 шарттарға сәйкес.
      62. "ТБК" АҚ, Ақмола қаласы, 1996 жылғы 2 қарашадағы, 1996 жылғы 30 желтоқсандағы N 10Б, 1997 жылғы 20 ақпандағы N 1 , 1997 жылғы 31 наурыздағы, 1997 жылғы 4 сәуiрдегi, 1997 жылғы 8 сәуiрдегi, 1997 жылғы 14 сәуiрдегi, 1997 жылғы 20 мамырдағы шарттарға және 1997 жылғы 28 наурыздағы N 97/1А келiсiм-шартқа сәйкес.
      63. "Астана-2" ЖШС, Ақмола қаласы, 1997 жылғы 9 маусымдағы N 1-П/97, 1997 жылғы 10 маусымдағы N 2-П/97, 1997 жылғы 10 маусымдағы N 3-П/97, 1997 жылғы 2 шiлдедегi N 45, 1997 жылғы 3 шiлдедегi N 3, 1997 жылғы 4 шiлдедегi N 4-11/97, 1997 жылғы 19 шiлдедегi N 4-СМ/97, 1997 жылғы 20 қыркүйектегi N 32, 1997 жылғы 24 қыркүйектегi N 7-П/97 және 1997 жылғы 24 қыркүйектегi N 34 шарттарға сәйкес.
      64. "LUKOVA" фирмасы, 1997 жылғы 29 тамыздағы N 2р келiсiм-шартқа сәйкес.
      65. "Артем" жай серiктестiгi, Ақмола қаласы, 1997 жылғы 7 сәуiрдегi N 14, 1997 жылғы 15 шiлдедегi N 26 және 1997 жылғы 18 шiлдедегi шарттарға сәйкес.
      66. "Ақмолаинжқұрылыс" АҮАҚ, Ақмола қаласы, 1997 жылғы 12 маусымдағы, 1997 жылғы 25 тамыздағы және 1997 жылғы 18 қыркүйектегi N 116 шарттарға сәйкес.
      67. "Автожолсервис" ЖШС, Алматы қаласы, 1997 жылғы 14 наурыздағы келiсiм-шартқа сәйкес.
      68. "Қостанайжолқұрылысы" АҚ, Қостанай қаласы, 1997 жылғы 14 наурыздағы келiсiм-шартқа сәйкес.
      69. "Қазаэронавигация" РМК, Алматы қаласы, 1997 жылғы 6 наурыздағы N 14-П-97/101-14, 1997 жылғы 30 сәуiрдегi N 4, 19/5-131, 1997 жылғы 26 маусымдағы N 31, 1997 жылғы 8 шiлдедегi N 163 және 1997 жылғы 7 тамыздағы N 176 шарттарға сәйкес.
      70. "Қазаэрожоба" институты, Алматы қаласы, 1997 жылғы 30 қаңтардағы N 3-97, 1997 жылғы 14 ақпандағы N 2-97, 1997 жылғы 21 ақпандағы N 10-97 және 1997 жылғы 12 наурыздағы N 4-97 шарттарға сәйкес.
      71. "Агрожол" өндiрiстiк кооперативi, Қарағанды қаласы, 1997 жылғы 18 наурыздағы шартқа сәйкес.
      72. "Жамбыл жол құрылысы" АҚ, Тараз қаласы, 1997 жылғы 14 наурыздағы шартқа сәйкес.
       ЕСКЕРТУ. Тiзбеден 6,19,26,28,30-реттiк нөмiрлерi алынып тасталды, 7,8,9,10,11,12,13,14,15,16,17,18,20,21,22,23,24,25,27,29 реттiк нөмiрлерi 6,7,8,9,10,11,12,13,14,15,16,17,18,19,20,21,22,23, 24,25 реттiк нөмiрлерi болып саналды және 26-49 реттiк нөмiрлерiмен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1997.03.25. N 411 қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ. Тiзбе 50-72-жолдармен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1997.12.12. N 1756  қаулысымен .

                                         Қазақстан Республикасы
                                             Үкiметiнiң
                                      1996 жылғы 13 қарашадағы
                                          N 1381 қаулысына
                                               қосымша<*>

       ЕСКЕРТУ. Қаулы жаңа қосымшамен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1997.12.12. N 1756  қаулысымен .

            Ақмола қаласында тiркелген және қала құрылысына
        жұмыс iстейтiн ұйымдарды табыс салығын, жер салығын
          және мүлiкке салынатын салықты төлеуден босатудың
                               тәртiбi

      1. Осы Тәртiп "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 26 қаңтардағы N 2827 Заң күшi бар  Жарлығына сәйкес кезеңге арналған Ақмола қаласында тiркелген және қала құрылысына жұмыс iстейтiн ұйымдарды табыс салығынан, жер салығынан және мүлiкке салынатын салықтан босатудың тетiгiн айқындайды. 
      2. Ақмола қаласында тiркелген және қала құрылысына жұмыс iстейтiн ұйымдардан табыс салығынан, жер салығынан және мүлiкке салынатын салықтан босату туралы өтiнiмдер жылына екi рет (15 сәуiрге және 15 қазанға) Қазақстан Республикасының Жоғарғы және орталық мемлекеттiк органдарын Ақмола қаласына орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясына (бұдан әрi - Комиссия) ұсынылады. 
      3. Ақмола қаласына тiркелген және қала құрылысына жұмыс iстейтiн ұйымдар табыс салығынан, жер салығынан және мүлiкке салынатын салықтан босатылуы үшiн комиссияға мынадай құжаттарды: 
      - ұйым тапсырысшымен немесе бас мердiгермен жасасқан олардың құнын көрсету арқылы жұмысты орындауға арналған мердiгерлiктiң келiсiм-шартын немесе шартын немесе белгiленген тәртiппен расталған, көрсетiлген құжаттардың көшiрмесiн; 
      - заңды тұлғаның Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Ақмола қаласындағы аумақтық органында тiркелгендiгi туралы құжатты ұсынады. 
      4. Комиссия ұсынылған құжаттарды қарағаннан кейiн табыс салығынан, жер салығынан және мүлiкке салынатын салықтан босатылған ұйымдардың тiзбесiн жасайды және келiп түскен материалдармен бiрге оларды Қазақстан Республикасы қаржы министрлiгiнiң Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiне және Ақмола қаласының әкiмiне келiсуге енгiзедi. 
      5. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi, Қаржы министрлiгi мен Ақмола қаласының әкiмi бiр апта мерзiм iшiнде ұсынылған ұйымдардың көрсетiлген тiзбесiн, сондай-ақ келiп түскен материалдарды қарайды және Комиссияға жазбаша қорытынды ұсынады. 
      6. Комиссия ұйымдардан ұсынылған құжаттардың және Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi, Қаржы министрлiгi мен Ақмола қаласы әкiмiнiң қорытындыларының негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне жасалған келiсiм-шарттарға сәйкес табыс салығынан, жер салығынан және мүлiкке салынатын салықтан босату үшiн Ақмола қаласында тiркелген және қала құрылысына жұмыс iстейтiн ұйымдардың тiзбесiн қалыптастыру жөнiнде ұсыныс енгiзедi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады