1. Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң Халықаралық бизнес мектебiнiң, басқа да қазақстандық және шетелдiк мүдделi құрылымдардың қатысуымен Алматы менеджмент мектебiнiң базасында, өзiн-өзi қаржыландыру және өзiн-өзi ақтау принципiнде Халықаралық бизнес академиясын құру туралы ұсынысы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне Халықаралық бизнес академиясына құрылтайшы болу жүктелсiн. Абай даңғылы, 52 мекен-жайындағы ғимарат жарғы қорына салым ретiнде берiлсiн.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiне өзiнiң құрылтайшылық құқықтарын берсiн. 3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, басқа да мүдделi министрлiктер мен ведомстволар Халықаралық бизнес академиясы жұмысын ұйымдастыруға жәрдем көрсетсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi