1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетiмен бiрлесiп "Борлы" акционерлiк қоғамының республикалық бюджетке есептелген жалпымемлекеттiк салық бойынша есептемеге алынған 81283 мың (сексен бiр миллион екi жүз сексен үш мың) теңге сомасындағы берешегiне қоса берiлiп отырған тiзбеге (1-қосымшаға) сәйкес өтем жасасын;
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi республикалық мекемелерiнiң пайдаланған жылу және электр энергиялары үшiн берешектерiн өтеуге есептемеге алу үшiн 1996 жылғы республикалық бюджетте мемлекеттiк мiндеттемелердi орындауға көзделген 31810 мың (отыз бiр миллион сегiз жүз он мың) теңге сомасында қаражат бөлсiн, ал "Борлы" акционерлiк қоғамының республикалық бюджетке төлемдер бойынша 49473 мың (қырық тоғыз миллион төрт жүз жетпiс үш мың) теңге сомасындағы қалған берешегiн оларға 1996 жылы көзделген қаражатқа сәйкес республикалық мекемелердi қаржыландыру есебiне есептесiн (2-қосымша).
2. "Борлы" акционерлiк қоғамының Қарағанды облысының электр
станцияларына республикалық бюджетке есептелетiн төлем есебiне, келiсiлген баға бойынша облыс әкiмдерi бекiткен кестеге сәйкес көмiр беру туралы ұсынысы қабылдансын. 3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1996 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша осы есептеменi 1996 жылға арналған республикалық бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде көрсетсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 21 қарашадағы N 1416 қаулысына 1-қосымша "Борлы" акционерлiк қоғамының республикалық бюджетке есептемеге алынатын берешегiнiң сомасы (мың теңге) ___________________________________________________________________ Кәсiпорын атауы | Заңды | ҚҚС | Барлығы |тұлғалардан | | |алынатын табыс| | |салығы | | ___________________________________________________________________ "Молодежный" кенiшi 19303 26300 45603 "Қушоқы" кенiшi 3612 4334 7946 "Карагандауголеразрезы" 23223 4511 27734 МРК Жиыны 46138 35145 81283 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 21 қарашадағы N 1416 қаулысына 2-қосымша Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттiк мекемелердiң жылу және электр энергиясы үшiн есептемеге алынатын берешек сомасы ___________________________________________________________________ Министрлiктер мен | Барлығы | Оның iшiнде ведомстволардың | |__________________________ атаулары | | электр | жылу | | энергиясы | энергиясы ___________________________________________________________________ Бiлiм министрлiгi 23593 23593 Денсаулық сақтау министрлiгi 14042 14042 Ғылым министрлiгi- Ғылым академиясы 4490 4490 Iшкiiсминiнiң iшкi әскерлер бас басқармасы 1473 878 595 Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемкомитет 2432 2432 Қорғаныс министрлiгi 719 719 "Қазақстан теледидары мен радиосы" корпорациясы 266 266 Әдiлет министрлiгi 1158 1158 Бас прокуратура 573 573 Ауыл шаруашылығы министрлiгi 727 727 Iшкiiсминiнiң ҚАЖ бас басқармасы 31810 31810 Жиыны 81283 35146 46137