1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетiмен бiрлесiп қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес республикалық бюджетке жалпы сомасы 8 831 мың (сегiз миллион сегiз жүз отыз бiр мың) теңгеге, республикалық бюджет және басқа да мiндеттi төлемдерге тиесiлi жалпы мемлекеттiк салық бөлiгi бойынша есептемеге алынатын акционерлiк қоғамдардың берешегiн өтеудi жүргiзсiн;
аталған соманы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi мекемелерiн алған заттай мүлкi үшiн берешегiн өтеуге қаржыландыру есебiне есептесiн.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi алынған материалдық құндықтар үшiн несие берешегiн қаржыландыру кезiнде республикалық бюджеттен бөлiнетiн қаражаттың есебiне есептесiн.
3. Берешек есептемесi 1996 жылғы 1 қазандағы жағдайы бойынша аталған соманы республикалық бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiгiнде көрсетiле отырып жүргiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 қарашадағы N 1441 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiн қаржыландыру
есебiне есептемеге қабылданатын республикалық бюджетке салық және басқа мiндеттi төлемдер бойынша берешегi бар кәсiпорындар мен ұйымдардың ТIЗБЕСI ДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДД Кәсiпорындардың атауы, республикалық і Есептемеге қабылданатын бюджетке салық және басқа мiндеттi і берешек сомасы мың.теңге төлемдердiң түрлерi і ДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДДД 1. "Алпам" акционерлiк қоғамы, Алматы қаласы, барлығы 5570 Оның iшiнде: қосымша құнға салынатын салық 5475 акциздер 95 2. "Кожмех" акционерлiк қоғамы, Семей қаласы, барлығы 753 Оның iшiнде Экономиканы жаңғырту қорына төлемдер 753 3. "Рауан" өндiрiстiк-сауда фирмасы, Өскемен қаласы, барлығы 2508 Оның iшiнде: Экономиканы жаңғырту қорына төлемдер 316 заңды тұлғалардан табыс салығы 2192 ЖИЫНЫ: 8831