Телерадиохабарларының мемлекеттiк бағдарламасын тарату тәртiбi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 12 желтоқсан N 1527. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 27 шілдедегі N 781 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының ақпарат кеңiстiгiндегi телерадиохабарлары саласында мемлекет мүдделерiн сақтау және осы бағдарламаларды әзiрлеуде және таратуда тiлдiк балансты сақтауды ескере отырып мемлекеттiк телерадиохабарларын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. Бұрын мемлекеттiк телерадиохабарлары үшiн бөлiнген және жыл сайынғы мемлекеттiк тапсырыс болып айқындалатын радиожиiлiктер Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiгiне бекiтiлсiн. 
      2. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiгi Қазақстан Республикасының Үкiметiне: 
      үш ай мерзiмде Қазақстан Республикасының аумағына шет ел мемлекеттерiнiң және Қазақстан Республикасының аумағынан басқа елдерге телерадиобағдарламаларын таратудың бекiтiлген тәртiбiн; 
      телерадиохабарлары мемлекеттiк бағдарламасының көлемi мен кестесiн және халықты қамтуын; 
      Қазақстан Республикасының аумағында телерадиобағдарламаларын берудi және таратуды жүзеге асыратын кәсiпорындарды қаржыландыру көздерi мен сызбаларын; 
      3 бағдарламалы өткiзгiштi радиохабарлары арнасын мемлекеттiң мүддесiн ескере отырып пайдалану тәртiбiн: 
      Қазақстан Республикасының аумағында меншiк нысанына қарамастан, телерадиохабарлары бағдарламаларының сапасына техникалық бақылау жасау қызметiнiң жұмысын жаңалау жөнiнде ұсыныс тапсырсын. 
      3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiгiне: 
      "Хабар Агенттiгi" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының бағдарламаларын Қазақстан Республикасының бүкiл аумағы бойынша таратуға арналған метрлiк диапазонды теледидар арнасын; 
      Алматы қаласында аралық хабар жасауға арналған дициметрлiк диапазонды бiр теледидар арнасын; 
      Қазақстан Республикасының бүкiл аумағы бойынша "Қазақстан теледидары мен радиосы" Республикалық корпорациясы Қазақ радиосының бiрiншi және екiншi бағдарламаларын трансляция жасауға арналған ҒМ диапазонды екi радиохабарлар арнасын; 
      әр облыста аймақтық телерадио бағдарламаларын таратуға арналған екi теледидар арнасын және екi радиохабарлары арнасын қосымша бекiтсiн.
      4. Мемлекеттiк телерадиоарналары жалға берiлмейдi деп белгiленсiн.
      5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары И.Н.Тасмағамбетовке жүктелсiн.

      Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады