"Целинный кен-химия комбинаты" мемлекеттiк холдинг компаниясы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 14 желтоқсан N 1537

      Инвестицияларды тарту және "Целинный кен-химия комбинаты" мемлекеттiк холдинг компаниясын қаржылық сауықтыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. 1996 жылғы 7 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен тендер жеңiмпазы - "Уорлд Уайд Минералс Лтд" (Канада) арасында жасасқан "Целинный кен-химия комбинаты" мемлекеттiк холдинг компаниясының мемлекеттiк акциялар пакетi мен мүлкiн сенiмдi басқаруға беру туралы N 64-96/1 контракт Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсiлдi деп есептелсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi сенiмдi басқарушымен фосфор, күкiрт қышқылы және химиялық тыңайтқыштар өндiрiсi жөнiндегi заводтарды бiрлесiп басқару туралы жобаларды жүзеге асыру үшiн "Қазметалл" акционерлiк компаниясын тарту жөнiнде қосымша мiндеттемелер енгiзу, сондай-ақ пайдаланылмаған қуаттылықтарда алтын мен түстi металдар өндiрiсiн ұйымдастыру мәселелерi жөнiнде келiссөздер жүргiзсiн.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi 


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады