Қазақстан Республикасы Гидрометеорология жөнiндегi бас басқармасы орталық аппаратының құрылымы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 18 желтоқсан N 1550. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.05.20. N 851 қаулысымен. ~P970851

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Гидрометеорология жөнiндегi бас басқармасы орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес, осы аппарат қызметкерлерiнiң шектi саны негiзiнде 30 адам болып бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Гидрометеорология жөнiндегi бас

басқармасына Басқарма бастығының бiр орынбасарын, сондай-ақ
7 адамнан тұратын алқа ұстауға рұқсат етiлсiн.
     3. Қазақстан Республикасы Гидрометеорология жөнiндегi бас
басқармасы орталық аппаратына 2 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi
белгiленсiн.
     4. "Қазақстан Республикасы Гидрометеорология жөнiндегi бас
басқармасы орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1787  

P951787_

 
қаулысының күшi жойылған деп танылсын.

     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi
                                    Қазақстан Республикасы
                                          Үкiметiнiң
                                    1996 жылғы 18 желтоқсандағы
                                       N 1550 қаулысына
                                           қосымша

         Қазақстан Республикасы Гидрометеорология жөнiндегi
                бас басқармасы орталық аппаратының
                            ҚҰРЫЛЫМЫ

     Басшылық
     Гидрометқамтамасыз ету бөлiмi
     Өндiрiстiк-жүйелiк бөлiм
     Қаржы-экономикалық бөлiм
     Кадр және iс жүргiзу бөлiмi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады