Қазақстан Республикасының Үкiметi мен облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi арасында экономиканы реформалау және өзектi әлеуметтiк-экономикалық индикаторларға жету жөнiндегi шараларды жүзеге асыру туралы келiсiмдер жасасу практикасын енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 24 желтоқсан N 1600. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.06.27. N 1028 қаулысымен. ~P971028

      Аймақтарда реформаларды тереңдету және Аймақтық саясат тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. 1997 жылы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi арасында экономиканы реформалау және өзектi әлеуметтiк-экономикалық индикаторларға жету жөнiндегi шараларды жүзеге асыру туралы келiсiмдер жасасу жөнiнде Алматы, Көкшетау, Қарағанды және Қызылорда облыстары тұрғысында эксперимент жүргiзсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi арасында экономиканы реформалау және өзектi әлеуметтiк-экономикалық индикаторларға жету жөнiндегi шараларды жүзеге асыру туралы келiсiмдер жасасудың қоса берiлiп отырған тәртiбi бекiтiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi арасындағы экономиканы реформалау және өзектi әлеуметтiк-экономикалық индикаторларға жету жөнiндегi шараларды жүзеге асыру туралы келiсiмдерiнiң Үлгi нысаны мақұлдансын (қоса берiлiп отыр).
      4. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Қазақстан Республикасының Үкiметiне тоқсан сайын эксперимент өткiзудiң барысы туралы ақпарат ұсынсын.
      5. Ведомствоаралық комиссия облыстар мен Алматы қаласы әкiмдерi қызметiнiң рейтингтiк жүйесi үшiн 1997 жылдың қорытындысы бойынша аймақтарда реформалар жүргiзу жөнiнде эксперимент жүргiзудiң нәтижесiн қарап, Қазақстан Республикасының Үкiметiне басқа облыстарда да Келiсiмдер жасасу практикасын енгiзудiң мақсаттылығы туралы ұсыныс енгiзсiн.
      6. Алматы, Көкшетау, Қарағанды және Қызылорда облыстарының әкiмдерi бiр ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiмен экономиканы реформалау және өзектi әлеуметтiк-экономикалық индикаторларға жету жөнiндегi шараларды жүзеге асыру туралы Келiсiмдi әзiрлеп, жасайтын болсын.
      7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан

Республикасының Экономика министрлiгiне, Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлiгiне және Қазақстан Республикасы Үкiметi Аппаратының
Аумақтық даму бөлiмiне жүктелсiн.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi
                                     Қазақстан Республикасы
                                           Үкiметiнiң
                                     1996 жылғы 24 желтоқсандағы
                                        N 1600 қаулысымен
                                            бекiтiлген

           Қазақстан Республикасының Үкiметi мен облыстардың
           және Алматы қаласының әкiмдерi арасындағы экономиканы
           реформалау және өзектi әлеуметтiк-экономикалық
           индикаторларға қол жеткiзу жөнiндегi шараларды iске
           асыру туралы келiсiмдер жасаудың
                           ТӘРТIБI



      Осы құжат Қазақстан Республикасы Үкiметi мен облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi арасындағы экономиканы реформалау және өзектi әлеуметтiк-экономикалық индикаторларға (одан әрi - Келiсiм) қол жеткiзу жөнiндегi шараларды iске асыру туралы келiсiмдер жасаудың, олардың орындалуы қорытындыларын шығару, тиiстi материалдарды министрлiктерде, мемлекеттiк комитеттерде, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдарында ұсынудың және келiсудiң тәртiбiн регламенттейдi.
      1. Облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi әкiмдердiң 1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi iс-қимыл жоспарлардың қағидаларына сүйене отырып, нақты шаралар мен өзектi индикаторларды тоқсандарға бөлу арқылы Келiсiм жобаларын жасайды және 1997 жылдың 20 қаңтарына дейiн Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiне ұсынады.
      2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi тиiстi министрлiктермен және мемлекеттiк комитеттермен бiрлесе отырып, облыстар ұсынған материалдарды қарайды және қажет болғанда Келiсiмдердiң жобасы қосымшаларының жекелеген тармақтарына облыстармен келiсiлген түзетулер енгiзедi. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiмен келiсiлген Келiсiмдердiң жобалары аймақтарда реформаларды жүргiзу жөнiндегi облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi қызметiнiң рейтингтiк жүйесi үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Ведомствоаралық комиссияның (одан әрi - Ведомствоаралық комиссия) мәжiлiсiне енгiзiледi.
      Осы құжат бойынша туындауы мүмкiн келiспеушiлiктер белгiленген тәртiпте тиiстi негiздемелермен, екi тараптың пiкiрлерiн көрсете отырып рәсiмделедi және Келiсiмдер жобасымен қоса берiледi.
      3. Комиссия 1997 жылдың 10 ақпанына дейiн мерзiмде тиянақталған, келiсiлген Келiсiмдердiң жобаларын белгiленген тәртiпте Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсынады.
      4. Келiсiмдердiң жобаларын қарау Қазақстан Республикасының Үкiметiнде тиiстi хаттаманы рәсiмдей отырып, министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң және Қазақстан Республикасы Үкiметi Аппаратының бөлiмдерi басшыларының, сондай-ақ облыстар мен Алматы қаласы әкiмдерiнiң қатысуымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасарында өтедi. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан Келiсiмге түпкiлiктi тиянақталғаннан кейiн қол қояды және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бекiтуiне ұсынады. Аймақтар атынан Келiсiмге облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi қол қояды.
      5. Келiсiмдер шарттарының орындалуына қадағалау жасау мониторингi Ведомствоаралық комиссиясының жұмысы шеңберiнде тоқсан сайын жүргiзiледi.
      6. Келiсiмдер ережелерiнiң орындалу дәрежесiн неғұрлым толық және тиянақты зерделеу үшiн келесi тоқсанның бiрiншi айының 15-i күнiне дейiн тиiстi аймақтарға Қазақстан Республикасының Үкiметi Аппаратының, министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң және өзге де орталық атқарушы органдардың мамандарынан құрылған арнаулы ведомствоаралық миссиялар жiберiледi. Ведомствоаралық комиссияның жеке құрамын Қазақстан Республикасының Үкiметi Аппаратының Аумақтық даму бөлiмiнiң келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi белгiлейдi.
      Кезектi тоқсанды қарау нәтижелерi жөнiндегi Келiсiм келесi тоқсандарға арналып, жыл аяғына дейiн тиянақталады.
      7. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен облыстардың және

Алматы қаласының әкiмдерi арасындағы Келiсiмдердi орындаудың
нәтижелерi екi жақтан да тиiстi шара қолдануға негiз болады.
Қазақстан Республикасының Үкiметi тарапынан ол ұйымдастыру шаралары,
ал облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi тарапынан - нақты
проблемалар мен мәселелер қою шаралары.
     8. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Келiсiмдердi
iске асырудың мониторингiн жүргiзушi жұмыс органы болып табылады.

                                       Қазақстан Республикасы
                                             Үкiметiнiң
                                       1996 жылғы 24 желтоқсандағы
                                          N 1600 қаулысымен
                                             Мақұлданған
                                               Нысан

                  Қазақстан Республикасының Үкiметi мен
     _______________________________облысының (Алматы қаласының)
         әкiмi арасындағы экономиканы реформалау және өзектi
         әлеуметтiк-экономикалық индикаторларға қол жеткiзу
               жөнiндегi шараларды iске асыру туралы
                           ҮЛГI КЕЛIСIМ

                                 199__жылғы " "__________________



      Аймақтарда реформаларды одан әрi тереңдету және Қазақстан Республикасының Аймақтық саясат тұжырымдамасының ережелерiн iске асыру мақсатында, осы келiсiмге қол қоюшылар өздерiне төмендегiдей мiндеттемелер алады:
      1. __________________________ облысының (Алматы қаласының) әкiмi ___________________Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Заң күшi бар Жарлығына, кедендiк заңдарға және басқа нормативтiк құжаттарға сүйене отырып, сондай-ақ аймақтарды әлеуметтiк-экономикалық дамытудың аймақтық бағдарламалары мен индикативтiк жоспарларында белгiленген мiндеттер тұрғысынан 1-қосымшада көзделген шаралардың

орындалуын және 2-қосымшада көзделген көрсеткiштерге қол жеткiзудi
қамтамасыз етедi.
     2. Қазақстан Республикасының Үкiметi _____________облысының
(Алматы қаласының) әкiмi 1-тармақта қабылданған мiндеттемелердi iске
асырған және 2-қосымшада көзделген көрсеткiштерге қол жеткiзген
жағдайда, 3-қосымшадан туындайтын тармақтардың орындалуын қамтамасыз
етедi.
___________________________ облысының (Алматы қаласының) әкiмi
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары.

     Ескерту. Үлгi келiсiмге сондай-ақ аймақтардың ерекшелiгiн
ескеретiн басқа да тармақтар енгiзiлуi мүмкiн.

                                               1-қосымша

______________облысының (Алматы қаласының)___________жылға
          арналған экономиканы реформалау жөнiндегi
          тоқсан бойынша бөлiнген шараларының үлгi
                          ТIЗБЕСI

     _______________________облысының әкiмi, 1996-1998 жылдарға
арналған реформаны тереңдету жөнiндегi ______________әкiмiнiң

iс-қимыл Бағдарламасында және 1997 жылға арналған реформаны тереңдету жөнiндегi iс-қимыл Жоспарында көрсетiлген шараларды толық және дер кезiнде орындауды қамтамасыз етедi.
      _____________________облысы әкiмiнiң iс-қимылы төмендегi мақсаттарға бағытталады:
      қаржылық және салықтық-бюджет саласында:
      мезгiлiнде төленбеген алымдарды азайтуға және салықтар мен басқа да төлемдердi толық жинауды және дер кезiнде есептеудi қамтамасыз ету есебiнен бюджеттiк кiрiстi арттыруға, қолданыстағы заңдарға сәйкес қасақана төлемеушiлерге қатаң шаралар қолдану; жергiлiктi бюджет шығындарының құрылымын рационализациялау және басқару органдарын, сондай-ақ денсаулық сақтау және бiлiм беру объектiлерiн қысқарту мен қайта құрылуын ескере отырып, бюджет шығындарын ретке келтiру, жалпы оларды ақылы негiзге көшiру; бюджет қаражаты есебiнен сатып алулардың тендерлiк жүйесiн қамтамасыз ету;
      кәсiпорындардың қаржылық ахуалын сауықтыру және төлем төлемеу деңгейiн төмендету бойынша:
      сот, кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру жөнiндегi агенттiк және Медетшi банкi арқылы шығынды және төлем төлеуге қабiлетсiз кәсiпорындарды санациялау, банкроттау және тарату жолымен олардың санын азайту; мемлекеттiк және коммуналдық меншiк кәсiпорындарының қаржылық-төлем төлеу тәртiбiне бақылау жасау; қызмет көрсететiн және бюджеттiк ұйымдар үшiн өнiмдердi өткiзетiн кәсiпорындар мен бюджеттiң қатысуымен эмиссиясыз есепке алулар жүргiзу;
      институционалдық жаңғыртулар саласында:
      1997 жылдың 1 шiлдесiне дейiн шағын, жаппай жекешелендiрудi және АӨК саласында жекешелендiрудi аяқтау, голландық тәсiлдi белсендi пайдалана отырып, жеке жекешелендiру жөнiндегi жұмысты, акционерлiк қоғамдардағы мемлекеттiк пакеттердi стратегиялық инвесторларға сатуды жалғастыру; денсаулық сақтау, бiлiм беру, мәдениет және ғылым объектiлерiн жекешелендiру; монополдық құрылымдарды қайта ұйымдастыруды жалғастыру, монополистердiң қызметiне және олардың қызмет көрсетулерiне (өнiмiне) арналған шығасылары мен тарифтерiн қалыптастыруға бақылау жасау; iшкi және сыртқы саудадағы тосқауылдарды жою, бәсекелестiктi көтермелеу;
      тұрғын үй-коммуналдық секторын реформалау бойынша:
      тұрғындарға түсiнiк беру жұмысын жүргiзу, пәтерлердi меншiктенушiлердiң (кондоминиумдардың) кооперативтер құруын ынталандыру және қолдау көрсету, жәрдемақы төлеу орталықтарының тиiмдi жұмыс iстеуiн ұйымдастыру;
      жер реформасын iске асыру бойынша:
      қызметкерлерге жер үлесiне арналған құқықтары туралы куәлiктердi бере отырып, ауыл шаруашылығы кәсiпорындарының жер үлестерiн жеке тұлғаларға беру, жердi өмiр бойы және уақытша пайдалану құқығына арналған құжаттарды рәсiмдеу және қайта рәсiмдеу жөнiндегi жұмысты жалғастыру;
      шағын және орташа бизнестi дамыту бойынша:
      кәсiпкерлiктi қолдаудың және дамытудың облыстық бағдарламаларын iске асыру, кредиттеудiң iшкi және сыртқы көздерi есебiнен шағын және орташа бизнес салаларында басым жобаларды дайындау және iске асыру; iске ендi кiрiскен кәсiпкерлердi қолдау жөнiнде және олардың бизнес-оқу жүйесiнде инфрақұрылымдарды құру;
      инвестиция саласында:
      бюджет қаражаты есебiнен және мемлекеттiк кепiлдiкпен облыс кәсiпорындарына бөлiнген инвестициялық ресурстарды тиiмдi пайдалануына бақылауды жүзеге асыру; аймақ экономикасына қаражат салу үшiн инвесторларды тарту жөнiнде жұмыстар жүргiзу;
      жұмыспен қамтамасыз ету саласында:
      жұмыспен қамтудың облыстық бағдарламаларын және қоғамдық жұмыстарды дамытудың бағдарламаларын iске асыру; жұмыссыз азаматтарды кәсiптiк қайта бағдарлау және оқыту жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру, үйде еңбек ету мен қызметтiң әралуан түрлерiн дамыту;
      қызметтi лицензиялау саласында:
      облыстық басқару органдарының заңды түрде бекiтiлген өкiлеттiктерiне сәйкес лицензиялық қызметтi тәртiпке келтiру және оңайлату;
      зейнетақылар бойынша қарыздарды қысқарту жөнiнде:
      зейнетақы қорына төлем жасаудан жалтарушы кәсiпорындарға

қатысты iстердi прокуратураға беруге дейiнгi шараларды қатайту,
зейнетақылар бойынша борыштарды өтеу үшiн Халықтық Банктiң несиелiк
қаражатын пайдалану;
     халықты әлеуметтiк қорғау бойынша:
     халықтың неғұрлым хал-ауқаты төмен және кемшiн топтарына көңiл
бөле отырып, әлеуметтiк қорғаудың атаулылығын арттыру, халықтың
қаражатын, демеушiлердi және қайырымдылық қорларын тарта отырып,
халықты әлеуметтiк қорғаудың аймақтық бағдарламаларын жасау және
iске асыру.

                                              2-қосымша

     ____________________облысының әлеуметтiк-экономикалық
         дамуын сипаттайтын 199__жылға арналған негiзгi
       индикаторларының тоқсандар бойынша бөлiнген тiзбесi
___________________________________________________________________
N |        Көрсеткiштер            |  Мәнi   | Көрсеткiштердi
  |                                |         |келiсуге жауаптылар
___________________________________________________________________
1. 1994 жылдың салыстырмалы
   бағасының нақты көрсеткiштерiне
   сүйенiп отырып, өнеркәсiп
   өнiмдерiнiң заттай көлемiнiң
   индексi, %                                  Экономминi
2. Өткен жылдың тиiстi кезеңiмен
   алғандағы ауылшаруашылығы
   өнiмдерi,% (1994 жылдың
   салыстырмалы бағаларымен)                   Ауылшарминi
3. Тұтыну бағаларының индексi, %               Экономминi
4. Жұмыссыздық деңгейi, %                      Еңбек және әлеуметминi
5. Жыл басындағы салыстырғанда
   зейнетақы төлеу жөнiндегi
   берешектiң азаю процентi                    Еңбек және әлеуметминi
6. Жыл басындағымен салыстырғанда
   бюджет саласында еңбекақы
   төлеу жөнiндегi берешектiң
   азаю процентi                               Қаржыминi
7. Жыл басындағымен салыстырғанда
   мезгiлiнде төленбеген несиелiк
   берешектiң азаю процентi                     Ұлттықстатагенттiгi
8. Жыл басындағымен салыстырғанда
   сақтандыру жарналарын
   төлеушiлердiң зейнетақы қорына
   берешегiнiң азаю процентi                   Еңбек және әлеуметминi
9. Салықтар мен төлемдердiң                    Мемлекеттiк салық
   қамтамасыз ету процентi                     комитетi

                                                  3-қосымша

            Республикалық бюджет туралы заңға және басқа
          нормативтiк актiлерге сәйкес 199__жылғы_________
          облыстарды (Алматы қаласын) дамытуға бағытталған
          тоқсандар бойынша бөлiнген қаржы трансфертiнiң тiзбесi

                                                мың теңге
___________________________________________________________________
        Көрсеткiштер                |  Мәнi   |Көрсеткiштердi
                                    |         |келiсуге жауаптылар
___________________________________________________________________
     Облысқа бөлiнетiн қаржы
     трансфертiнiң көлемi:
 1. Республикалық бюджеттен                   Қаржыминi
     одан:
     субвенциялар                              Бұл да сол
     инвестициялар,                                 "
     соның iшiнде:
     қайтарымды негiзде                             "
     қайтарымсыз негiзде                            "
 2. Зейнетақы қоры                             Еңбек және әлеуметминi
 3. Әлеуметтiк сақтандыру қоры                 Бұл да сол
 4. Мiндеттi медициналық сақтандыру
    қоры                                            "
 5. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қоры                "
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады