1. Қазақстан Республикасының Ұлт саясаты жөнiндегi мемлекеттiк комитетi орталық аппаратының құрылымы 1-қосымшаға сәйкес осы аппарат қызметкерлерi шектi санының негiзiнде 64 адам болып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Ұлт саясаты жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне төрағаның 2 орынбасарын, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасар, сондай-ақ 7 адамнан тұратын алқа ұстауына рұқсат етiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Ұлт саясаты жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң орталық аппараты үшiн 3 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
4. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
"Қазақстан Республикасының Ұлт саясаты жөнiндегi мемлекеттiк комитетi орталық аппаратының құрылымы туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1781 P951781_ қаулысы;
"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер
мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 27 сәуiрдегi N 519 P960519_ қаулысының 2-тармағы; "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1781 қаулысына өзгерту енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 30 шiлдедегi N 950 P960950_ қаулысы. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 27 желтоқсандағы N 1655 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасының Ұлт саясаты жөнiндегi мемлекеттiк комитетi орталық аппаратының ҚҰРЫЛЫМЫ Басшылық Мемлекеттiк тiлдi дамыту, терминологиялық және ономастикалық жұмыс жөнiндегi басқарма Ұлттық саясатты талдау және үйлестiру басқармасы Сыртқы байланыстар және қазақ диаспорасымен жұмыс жөнiндегi бөлiм Ұлт тiлдерiн дамыту жөнiндегi бөлiм Бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс жөнiндегi бөлiм Кадрлармен, азаматтардың өтiнiштерiмен жұмыс және арнайы жұмыс жөнiндегi бөлiм Қаржы-экономика бөлiмi Аппарат жұмысын ұйымдастыру жөнiндегi бөлiм