1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес, осы аппарат қызметкерлерi шектi санының негiзiнде 311 адам болып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне министрдiң 6 орынбасарын, оның iшiнде 1 бiрiншi орынбасар, сондай-ақ саны 15 адамнан тұратын алқа ұстауына рұқсат етiлсiн.
3. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң орталық
аппараты үшiн 7 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн. 4. "Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1814 P951814_ қаулысының; "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1814 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 6 ақпандағы N 157 P960157_ қаулысының күшi жойылды деп танылсын. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 27 желтоқсандағы N 1657 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi орталық аппаратының ҚҰРЫЛЫМЫ Басшылық ТМД және Балтық елдерi департаментi Бас консулдық басқарма Бас қаржы-әкiмшiлiк басқармасы Халықаралық ұйымдар және халықаралық экономикалық қатынастар басқармасы Шарт-құқық басқармасы Мемлекеттiк Хаттама басқармасы Атқару Хатшылығы Америка елдерi басқармасы Еуропа елдерi басқармасы Азия елдерi басқармасы Таяу, Орта Шығыс және Африка елдерi басқармасы Мәдени байланыстар, гуманитарлық ынтымақтастық және ЮНЕСКО iстерi жөнiндегi басқарма Халықаралық қауiпсiздiк және қару-жарақты бақылау басқармасы Кадр басқармасы Ақпарат және баспасөз қызметi бөлiмi Аймақтық ынтымақтастық бөлiмi Аудармамен қамтамасыз ету бөлiмi Каспий теңiзi проблемалары және энергетикалық ресурстар жөнiндегi бөлiм Ақпаратты қорғау бөлiмi (бiрiншi бөлiм)