1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес, осы аппарат қызметкерлерiнiң шектi саны негiзiнде 72 адам болып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне төрағаның 3 орынбасарын, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасар, сондай-ақ саны 11 адамдық алқа ұстауға рұқсат етiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару
жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң орталық аппараты үшiн 4 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн. 4. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын: "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1804 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1804 қаулысына өзгерту енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 8 ақпандағы N 184 қаулысы. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 27 желтоқсандағы N 1661 қаулысына Қосымша Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi орталық аппаратының Қ Ұ Р Ы Л Ы М Ы Басшылық Инвестициялық бағдарламалар мен контрактiлердiң жүзеге асырылуын бақылау жөнiндегi бас басқарма Шаруашылық серiктестiктерiмен жұмыс жөнiндегi бас басқарма Мемлекеттiк меншiкпен жұмыс жөнiндегi басқарма Қаржы-есеп бөлiмi Заң бөлiмi Ұйымдастыру-кадр жұмысы және баспасөз қызметi бөлiмi Әкiмшiлiк-шаруашылық бөлiмi