1. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң телерадиокомплексi" мемлекеттiк мекемесi құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасы "Қазақстан Республикасы Президентiнiң телерадиокомплексi" мемлекеттiк мекемесiне қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiлерiнiң қызметiн жүзеге асырушы уәкiлеттi орган болып айқындалсын.
3. Уәкiлеттi орган 1996 жылдың 30 желтоқсанына дейiн "Қазақстан Республикасы Президентiнiң телерадиокомплексi" мемлекеттiк мекемесiнiң жарғысын бекiтсiн.
4. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң телерадиокомплексi" мемлекеттiк мекемесiне Президент Резиденциясындағы Қазақстан Республикасының Президентi Баспасөз-қызметiнiң Телерадиокомплексi орналасқан үй-жай мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 1995 жылғы 31 қазандағы N 330 қаулысымен оған бекiтiлген мына мекен-жайдағы: Республика алаңы, 13-үйдегi үй-жай берiлсiн, сондай-ақ оның қызметкерлерiне айрықша жұмыс режимi үшiн ай сайын төленетiн 30% мөлшерiндегi үстеме ақы мен басқа да лауазымдық жалақыға қосымша ақылар сақталсын.
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi N SМ2331В контрактi бойынша берiлген телерадиожабдығын "Қазақстан Республикасы Президентiнiң телерадиокомплексi" мемлекеттiк мекемесiнiң балансына берсiн.
6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "Қазақстан
Республикасы Президентiнiң телерадиокомплексi" мемлекеттiк мекемесiнiң қызметiн қамтамасыз ету үшiн бюджеттiк қаражат бөлсiн. 7. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi "Қазақстан Республикасы Президентiнiң телерадиокомплексi" мемлекеттiк мекемесiн белгiленген тәртiппен тiркесiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi