Бюджеттiк борыштар бойынша есептеме жүргiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1752

      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Көкшетау облысының Шучинск қаласындағы Кадет корпусының құрылысы үшiн Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнген материалдар мен жабдық үшiн кеден баждары бойынша берешегiн қысқарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      Көкшетау облысы кеден басқармасының импорттық кеден баждарын

республикалық бюджетке есептеу бойынша 3500 мың (үш миллион бес жүз
мың) теңге сомасындағы берешегiне өтеу жүргiзсiн.
     Аталған сома әкелiнген материалдар мен жабдық үшiн кеден баждары
бойынша Көкшетау облысының кеден басқармасының берешегiн өтеуге
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiн қаржыландыру есебiне
есептелсiн.
     2. Берешек есептемесi 1996 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша
аталған сомаларды 1996 жылға арналған республикалық бюджеттiң кiрiс
және шығыс бөлiктерiнде көрсете отырып жүргiзiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрiнiң
       бiрiншi орынбасары
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады