Бюджеттiк қарыздар бойынша есептеу жүргiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 31 желтоқсан N 1754

      Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, Павлодар облысында орналасқан және "Нан өнiмдерi" акционерлiк қоғамының алдында берешегi бар мекемелердiң алған азық-түлiк үшiн пайда болған берешегiн қысқарту мақсатында, Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Павлодар облысы әкiмiнiң "Нан өнiмдерi" акционерлiк қоғамының республикалық бюджетке салықтық төлемдер бойынша жалпы сомасы 35850,1 мың (отыз бес миллион сегiз жүз елу мың бiр жүз) теңге, оның iшiнде заңды тұлғаларға салынатын табыс салығы бойынша 26600,2 мың (жиырма алты миллион алты жүз мың екi жүз) теңге және қосымша құнға салынатын салық бойынша - 9249,9 мың (тоғыз миллион екi жүз қырық тоғыз мың тоғыз жүз) теңге сомасында берешегiн оның республикалық бюджеттен қаржыландырылатын және Павлодар облысында орналасқан мекемелерге берген азық-түлiктiң есебiне өтеу туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетiмен бiрлесiп республикалық бюджет пен салықтық төлемдер бойынша республикалық бюджетке берешегi бар "Нан өнiмдерi" акционерлiк қоғамы арасындағы берешектi қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес бюджеттiк мекемелерге берiлген өнiмдердiң есебiне есептесiн.
      Аталған сома тiзбеде келтiрiлген мекемелердi қаржыландыру

есебiне, олардың алған азық-түлiк үшiн "Нан өнiмдерi" акционерлiк
қоғамы алдындағы берешегiн өтеуге есептелсiн.
     3. Берешектi есептеу, аталған соманы 1996 жылға арналған
республикалық бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде көрсете
отырып жүргiзiлсiн.
     4. Павлодар облысының әкiмi жергiлiктi бюджеттен
қаржыландырылатын мекемелер бойынша осындай есептеу жүргiзу
мүмкiндiгiн қарастырсын.

     Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
      бiрiншi орынбасары 
     
                                        Қазақстан Республикасы
                                              Үкiметiнiң
                                      1996 жылғы 31 желтоқсандағы
                                           N 1754 қаулысына
                                               қосымша

            Павлодар облысының республикалық бюджеттен
           қаржыландырылатын, "Нан өнiмдерi" акционерлiк
           қоғамынан алған азық-түлiк үшiн берешегi бар
                     бюджеттiк ұйымдардың
                           ТIЗБЕСI
___________________________________________________________________
     Ұйымның атауы                     |Есептеуге қабылданатын
                                       |берешек сомасы (мың теңге)
___________________________________________________________________
Көлiк және коммуникациялар министрлiгi
N 108 орта мектеп                                  28,0
Бөлiмше ауруханасы                                 331,8

Мемлекеттiк тергеу комитетi                        1018,0

Iшкi iстер министрлiгi
Қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерi                 32413,2

Iшкi әскерлер қолбасшысының бас
басқармасы
5512 ә/б                                           976,2
6679 ә/б                                           1082,9

Республикалық мекемелердiң берешегiнiң
жиыны                                              35850,1 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады