Австрия Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшiлiгiнiң мәселелерi

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 31 желтоқсан N 1764

      "Австрия Республикасында, Испания Корольдiгiнде, Малайзияда, Түркменстанда, Жапонияда Қазақстан Республикасының Елшiлiктерiн ашу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 5 желтоқсандағы N 3255 U963255_ Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Австрия Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшiлiгiнiң штат саны 1997 жылдың 1 қаңтарынан бастап 19 адам болып бекiтiлсiн.
      2. Австрия Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшiсiне лауазымдық шетел валютасымен жалақысы 3100 АҚШ доллары мөлшерiнде белгiленсiн.
      Елшiлiк қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары Қазақстан

Республикасы Елшiсiнiң шетел валютасындағы жалақысын негiзге ала
отырып, штат кестесiне сәйкес белгiленсiн.
     3. Елшiлiк қызметкерлерiне медициналық көмек көрсетуге аударым
олардың шетел валютасындағы еңбек ақысының 3 процентi мөлшерiнде
белгiленсiн.
     4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қаржы
министрлiгiмен бiрлесiп Австрия Республикасындағы Қазақстан
Республикасы Елшiлiгiнiң штат кестесi мен шығыстар сметасын бекiтсiн.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрiнiң
        бiрiншi орынбасары 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады