Демалысқа ақы төлеу немесе пайдаланылмаған демалысқа өтем төлеу үшiн орташа жалақыны есептеу тәртiбi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 13 қаңтар N 51. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.08.12. N 1251 қаулысымен. ~P971251

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Бес күндiк және алты күндiк жұмыс аптасы жағдайында демалысқа ақы төлеу, сондай-ақ пайдаланылмаған демалысқа өтем төлеу үшiн 12 күнтiзбелiк айдың орташа жалақысы есебiнен, осы кезеңдегi белгiленген үстемеақылар мен қосымша ақыларды және сыйлықтың орташа мөлшерiн ескере отырып есептеледi деп белгiленсiн.
      Сыйлықтың орташа мөлшерi демалысқа шығатын айдың алдындағы 12 күнтiзбелiк ай үшiн сыйлықтың орташа айлық процентiн (сыйлықсыз) соңғы 12 күнтiзбелiк айдың орташа жалақысына көбейту арқылы айқындалады.
      2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп және Әдiлет министрлiгiнiң келiсуiмен екi апта мерзiм iшiнде осы қаулыны қолдану жөнiнде түсiндiрме әзiрлеп, бұқаралық ақпарат құралдарында

 

жарияласын.

     3. "Демалысқа ақы төлеу немесе пайдаланылмаған демалысқа

өтем төлеу үшiн орташа жалақыны есептеу тәртiбi туралы" Қазақстан

Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 13 мамырдағы N 513

қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 22,

226-құжат) күшi жойылған деп танылсын.


     Қазақстан Республикасы

       Премьер-Министрiнiң

       бiрiншi орынбасары





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады