Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылған деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 20 қаңтар N 85

      "Лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының кеден органдарында қызмет өткеруi туралы ереженi және Қазақстан Республикасының кеден органдары лауазымды адамдарының антының мәтiнiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 16 қыркүйектегi N 1119 P961119_ қаулысын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 37, 354-құжат) орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
      "Қазақстан Республикасының Кеден комитетi жүйесi мекемелерiнiң басқарушы және оперативтiк құрамдағы адамдарына дербес атақтар беру тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 4 тамыздағы N 655 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 31, 480-құжат);
      "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiн өзгерту және күшi жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 26 қарашадағы N 1192 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстердiң 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж.,

 

N 46, 555-құжат);

     "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 4

тамыздағы N 655 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" Қазақстан

Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 9 маусымдағы N 604

қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 25, 260-құжат).


     Қазақстан Республикасы

       Премьер-Министрiнiң

       бiрiншi орынбасары





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады