"1997 жылды Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу жылы деп жариялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жыл 20 қаңтардағы N 86. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002.04.03. N 397 қаулысымен. ~P020397

      "1996 жылды Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу жылы деп жариялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 30 желтоқсандағы N 3299 U963299_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске

алу жылын өткiзу жөнiндегi комиссия қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.
     2. Қоса берiлiп отырған, 1997 жылға арналған жалпыұлттық татулық
пен саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу жылын өткiзу жөнiндегi
негiзгi шаралар жоспары мақұлдансын және Қазақстан Республикасы
Президентiнiң бекiтуiне ұсынылсын.
     3. Облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi осы секiлдi
комиссиялар құрсын.
     Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрiнiң
       бiрiншi орынбасары
                                       Қазақстан Республикасы
                                             Үкiметiнiң
                                       1997 жыл 20 қаңтардағы
                                          N 86 қаулысына
                                              қосымша
         Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргiн құрбандарын
              еске алу жылын өткiзу жөнiндегi комиссияның
                               ҚҰРАМЫ
     Кекiлбаев Ә.К.         - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
                              хатшысы, комиссия төрағасы (келiсiм
                              бойынша)
     Тасмағамбетов И.Н.     - Қазақстан Республикасы Премьер-
                              Министрiнiң орынбасары, комиссия
                              төрағасының орынбасары
     Ким Г.В.               - Қазақстан Республикасының Ұлт саясаты
                              жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң
                              төрағасы, комиссия хатшысы
     Алексий                - Алматы және Семей Архиепископы (келiсiм
     (Кутепов А.Н.)           бойынша)
     Әнесов Ғ.К.            - "Арыс" қуғын-сүргiнге ұшыраған Қазақстан
                              зиялыларының мұраларын зерделеу қорының
                              президентi (келiсiм бойынша)
     Атрушкевич П.А.        - Қазақстан халықтарының ассамблеясы
                              төрағасының орынбасары (келiсiм
                              бойынша)
     Бижанов А.Қ.           - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
                              Әкiмшiлiгi Iшкi саясат бөлiмiнiң
                              меңгерушiсi (келiсiм бойынша)
     Гаркавец А.Н.          - Украин мәдени орталығының төрағасы
                              (келiсiм бойынша)
     Жолдасбеков Ө.А.       - Қазақстан Республикасы Парламентi
                              Мәжiлiсiнiң Әлеуметтiк-мәдени даму
                              жөнiндегi комитетiнiң төрағасы
                              (келiсiм бойынша)
     Жұманбеков Д.М.        - Қазақстан Республикасы Ұлттық
                              қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасы
                              (келiсiм бойынша)
     Дедерер А.Ф.           - Қазақстан немiстерi кеңесiнiң төрағасы
                              (келiсiм бойынша)
     Досмұхамбетов Т.Н.     - Қазақстан Республикасының Жастар iсi,
                              туризм және спорт министрi
     Дымов О.Г.             - Президент Әкiмшiлiгiнiң Iшкi саясат
                              бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары -
                              Қазақстан халықтары ассамблеясы
                              хатшылығының меңгерушiсi (келiсiм
                              бойынша)
     Жұрынов М.Ж.           - Қазақстан Республикасының Бiлiм
                              министрi
     Қасымов С.А.           - Парламент Сенатының депутаты
                              (келiсiм бойынша)
     Қозыбаев М.Қ.          - Қазақстан Республикасының Ғылым
                              министрлiгi - Ғылым академиясы
                              Тарих және этнология институтының
                              директоры, "Әдiлет" республикалық
                              қоғамының төрағасы
     Колпаков К.А.          - Қазақстан Республикасының Әдiлет
                              министрi
     Мамашев Т.А.           - Қазақстан Республикасының Мәдениет
                              министрi
     Мұхамеджанов О.Б.      - Қазақстан Республикасының Үкiметi
                              Аппараты Әлеуметтiк-мәдени даму
                              бөлiмiнiң меңгерушiсi
     Найманбаев Қ.Н.        - Дүниежүзi қазақтары қауымдастығы
                              төралқасы төрағасының бiрiншi
                              орынбасары (келiсiм бойынша)
     Рәтбек қажы            - Мұсылмандардың дiн басқармасының
     Нысанбайұлы              мүфтийi (келiсiм бойынша)
     Сағдиев М.Р.           - Қазақстан Республикасының ардагерлерi
                              Орталық Кеңесiнiң төрағасы (келiсiм
                              бойынша)
     Сәрсеков Б.С.          - Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк
                              кеңесiнiң хатшысы (келiсiм бойынша)
     Сәрсенбаев А.С.        - Қазақстан Республикасының Баспасөз
                              және бұқаралық ақпарат iстерi
                              жөнiндегi ұлттық агенттiгiнiң төрағасы
                              (келiсiм бойынша)
     Сүлейменов Қ.Ш.        - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер
                              министрi
     Тәжин М.М.             - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
                              Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары
                              (келiсiм бойынша)
     Школьник В.С.          - Қазақстан Республикасының Ғылым
                              министрi - Ғылым академиясының
                              президентi
     Шуткин С.И.            - Қазақстан Республикасының Бас
                              прокуроры (келiсiм бойынша)
     Цыбин Б.К.             - Орыс одағының төрағасы (келiсiм
                              бойынша)
     Цхай Ю.А.              - Корей мәдени орталығы қауымдастығының
                              президентi (келiсiм бойынша)
     Яндаров А.Д.           - "Вайнах" шешен және ингуш халықтарының
                              мәдени даму қауымдастығының президентi
                              (келiсiм бойынша)
                                       Қазақстан Республикасы
                                             Үкiметiнiң
                                       1997 жылғы 20 қаңтардағы
                                          N 86 қаулысымен
                                            мақұлданған
            1997 жылға арналған Жалпыұлттық татулық пен саяси
        қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу жылын өткiзу жөнiндегi
                           негiзгi шаралардың
                                ЖОСПАРЫ
     1. "1997 жылды Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргiн
құрбандарын еске алу жылы деп жариялау туралы" Қазақстан Республикасы
Президентiнiң Жарлығын министрлiктерде, мемлекеттiк комитеттер мен
өзге де орталық атқарушы органдарда, барлық деңгейдегi әкiмдер
аппараттарында, ұлттық-мәдени орталықтарда, қоғамдық бiрлестiктерде
насихаттау мен түсiндiрудi ұйымдастыру, оны жүзеге асыру жөнiндегi
нақты шараларды белгiлеу.
                           Президент Әкiмшiлiгiнiң Iшкi саясат
                           бөлiмi, Ұйымдастыру-бақылау бөлiмi,
                           Талдау және стратегиялық зерттеулер
                           орталығы, Үкiмет Аппаратының Аумақтық
                           даму бөлiмi, министрлiктердiң,
                           Мемкомитеттердiң, өзге де орталық
                           атқарушы органдардың басшылары, облыстар
                           мен Алматы қаласының әкiмдерi
                                 1997 жылдың 20 қаңтарына дейiн
     2. Жалпыұлттық татулық пен тұрақтылықты нығайту мақсатында
облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi жанынан (тұрақты негiзде)
саяси партиялар мен қозғалыстардың, ұлттық-мәдени орталықтардың, дiни
конфессиялардың өкiлдерiнен "дөңгелек столдар" ұйымдастыру.
                           облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi
                                 1997 жылдың 1 тоқсаны
     3. Балама экономикалық бағдарламаларды қарау үшiн экономика
министрлiгiнiң жұмыс органы етiп белгiлеп, комиссия құру.
                           Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
                           Аппараты, Экономминi
                                 1997 жылдың 1 тоқсаны
     4. Бұқаралық ақпарат құралдарында айдарлар ашу және ғалымдардың,
жазушылардың, мемлекеттiк қайраткерлерiнiң, партиялар, қозғалыстар,
ұлттық мәдени бiрлестiктер өкiлдерiнiң қатысуымен Жалпыұлттық татулық
пен саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алуға арналған телерадио
хабарлар циклын жүргiзудi ұйымдастыру.
                           Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi
                           жөнiндегi ұлттық агенттiк
                           Президент Әкiмшiлiгiнiң iшкi саясат бөлiмi
                                 жыл iшiнде
     5. Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске
алу жылына арналған бiрыңғай эмблеманы әзiрлеу.
                           Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi
                           жөнiндегi ұлттық агенттiк
                                 1997 жылдың 15 ақпанына дейiн
     6. "Ұлттық татулық, халықтың тарихи жады мен мәдениетi туралы"
күн тәртiбiмен Қазақстан халықтары ассамблеясының 4-шi сессиясын
өткiзу
                           Қазақстан халықтарының ассамблеясы,
                           Ұлтмемкомы, Мәдениетминi
                                 1997 жылдың мамыры
     7. Ақмола қаласында Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргiн
құрбандарын еске алу жылына арналған Қазақстан халықтарының II
форумын өткiзу.
                           Қазақстан халықтарының ассамблеясы,
                           Ұлтмемкомы, Мәдениетминi
                                 1997 жылдың желтоқсаны
     8. Қазақстандағы саяси қуғын-сүргiн құрбандарының Зерде
кiтабының бiрiншi томын құрастыру және басып шығару.
                           Ұлттық ғылым академиясының Тарих және
                           этнология институты, "Әдiлет" республикалық
                           қоғамы, Баспасөз және бұқаралық ақпарат
                           iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiк
                                 1997 жылдың IҮ тоқсаны
     9. Саяси қуғын-сүргiн құрбандары жерленген орындар мен оларға
қойылған ескерткiштердi тиiстi жағдайға келтiру.
                           облыстардың, Алматы қаласының әкiмдерi
                                 1997 жылдың 1 шiлдесiне дейiн
     10. Ақмола қаласында тоталитаризм құрбандарына ескерткiш орнату.
                           Ақмола облысының әкiмi,
                           Мәдениетминi,
                           Қаржыминi
                                 1997 жылдың қазаны
     11. Қазақстанда жаппай қуғын-сүргiнге және жер аударуға ұшыраған
халықтарға арналған кiтаптар сериясын дайындау және жарыққа шығару.
                           Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi
                           жөнiндегi ұлттық агенттiк, Президент
                           Әкiмшiлiгiнiң iшкi саясат бөлiмi,
                           ғылымминi - Ғылым академиясы, шығармашылық
                           одақтар, "Әдiлет" республикалық қоғамы,
                           "Арыс" қуғын-сүргiнге ұшыраған Қазақстан
                           зиялыларының мұраларын зерделеу қоры,
                           Республикалық ұлттық-мәдени орталықтар,
                           Ұлтмемкомы
                                 1997 жылдың IҮ тоқсаны
     12. Жазушылардың, ақындардың, драматургтардың, журналистер мен
сазгерлер арасында жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргiн
құрбандарын еске алуға арналған үздiк шығармаларға  конкурс өткiзу.
                           Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-
                           сүргiн құрбандарын еске алу жылын
                           өткiзу жөнiндегi республикалық комиссия,
                           Мәдениетминi, шығармашылық одақтар
                                 1997 жылдың IҮ тоқсаны
     13. Қазақстандағы жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргiн
құрбандарына арналған екi бейнефильм түсiру (көлемi - 30 мин. дейiн).
                           Президент Әкiмшiлiгінiң талдау және
                           стратегиялық зерттеулер орталығы,
                           Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi
                           жөнiндегi ұлттық агенттiк, "Қазақстан
                           теледидары мен радиосы" республикалық
                           корпорациясы, "Хабар" агенттiгi"
                           республикалық мемлекеттiк кәсiпорны,
                           Қазақстан Республикасының Үкiметi
                                 1997 жылдың III тоқсаны
     14. Республикалық ғылыми-практикалық конференциялар өткiзу:
             "Қазақстандағы саяси қуғын-сүргiндер";
             "Қазақстан Республикасының жалпыұлттық
             татулықты қалыптастыру жөнiндегi
             тәжiрибесi"
                           Ғылымминi - Ғылым академиясы,
                           Бiлiмминi
                                 жыл iшiнде
     15. Барлық облыстарда жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргiн
құрбандарын еске алу жылына арналған республикалық фестивальдар
өткiзу.
                           Мәдениетминi, Қазақстан халықтарының
                           Ассамблеясы, Ұлттық-мәдени орталықтар,
                           Үкiмет Аппаратының Әлеуметтiк-мәдени
                           даму бөлiмi
                                 жыл iшiнде
     16. Қазақстан Республикасының Парламентiне:
         "Жаппай саяси қуғын-сүргiн құрбандарын ақтау туралы"
Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер енгiзу туралы".
                           Әдiлетминi, Ұлтмемкомы, Қазақстан
                           халықтарының ассамблеясы
                                 1997 жылдың I тоқсаны
     "Қазақстан Республикасының iшкi қауiпсiздiгi туралы" заңдардың
жобаларын енгiзу
                           Iшкiiсминi, Әдiлетминi, ҰҚК
                                 1997 жылдың I тоқсаны
     17. Қазақстан Республикасында тiлдердi дамытудың мемлекеттiк
бағдарламасының жобасын әзiрлеу және Үкiметтiң қарауына енгiзу.
                           Ұлтмемкомы
                                 1997 жылдың I тоқсаны
     18. Саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу күнiн жариялау
туралы келiсiлген ұсыныс әзiрлеу және оны Қазақстан Республикасы
Президентiнiң қарауына енгiзу.
                           Қазақстан халықтарының Ассамблеясы,
                           Ұлтмемкомы, Әдiлетминi
                                 1997 жылдың I тоқсаны
     19. "Жаппай саяси қуғын-сүргiн құрбандарын ақтау туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының орындалуын тексеру жөнiндегi жұмысты
ұйымдастыру.
                           облыстар мен Алматы қаласының
                           әкiмдерi, Қазақстан Республикасының
                           Бас прокуратурасы, Еңбек және
                           әлеуметминi, Президент Әкiмшiлiгiнiң
                           Ұйымдастыру-бақылау бөлiмi, Үкiмет
                           Аппаратының аумақтық даму бөлiмi
                                 1997 жылдың 1 маусымына дейiн
     20. Халық спортының алғашқы ашық ойындарын өткiзу.
                           Жастурспортминi, Алматы қаласының
                           әкiмi, Үкiмет Аппаратының Әлеуметтiк-
                           мәдени даму бөлiмi
                                 1997 жылдың қазаны
     21. Жалпы бiлiм беретiн мектептердiң 1-9 кластарында "1997 жыл -
Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу жылы"
тақырыбына арналған ашық сабақтар:
     10-11 кластар мен кәсiптiк-техникалық мектептерде - осы секiлдi
тақырыпқа шығармалар конкурсын;
     жоғары және орта арнаулы оқу орындарында - осы тақырыпқа ашық
сабақтар өткiзу.
                           Бiлiмминi, облыстар мен Алматы
                           қаласының әкiмдерi, Үкiмет Аппаратының
                           Әлеуметтiк-мәдени даму бөлiмi
                                 1997 жылдың II тоқсаны
     22. Кiтапханаларда, мұражайларда, кинотеатрларда Жалпыұлттық
татулық пен саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу жылына арналған
көрмелер, экспозициялар, бейнефильмдер көрсетудi ұйымдастыру.
                           Мәдениетминi, облыстар мен Алматы
                           қаласының әкiмдерi
                                 жыл iшiнде
     23. Жалпыұлттық татулықты қамтамасыз ету, қоғамдық-саяси
тұрақтылықты нығайту, жеке адам мен мемлекеттiң арасындағы
қарым-қатынастарға iзгi сипат беру iсiнде ерекше көзге түскен
республика азаматтарын мемлекеттiк наградалармен наградтауға ұсыну
жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру.
                           облыстар мен Алматы қаласының
                           әкiмдерi, министрлiктердiң,
                           мемкомитеттердiң, республиканың
                           өзге де атқарушы органдарының
                           басшылары, Президент Әкiмшiлiгiнiң
                           Iшкi саясат бөлiмi
                                 Тәуелсiздiк күнiне
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады