Республика азаматтарының, қоғамдық бiрлестiктерi мен ұйымдарының көптеген өтiнiштерiн ескере отырып, жалпыұлттық татулықты, қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайту мақсатында қаулы етемiн:
1. 1997 жыл Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу жылы деп жариялансын.
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу жылын өткiзу жөнiнде комиссия құрып, саяси партиялардың, ұлттық мәдени орталықтардың, қоғамдық және дiни бiрлестiктердiң өкiлдерiне оның құрамына кiрудi ұсынсын. Облыстардың әкiмдерiне осындай комиссиялар құру тапсырылсын; P970086
2) 1997 жылдың 15 қаңтарына дейiн тиiстi шаралар әзiрлеп, оны Мемлекет басшысына табыс етсiн, бұқаралық құралдарында оларды кеңiнен және уақтылы жария етiп отыруды көздесiн;
3) жалпыұлттық татулықты қамтамасыз ету қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайту, жеке адам мен мемлекеттiң арасындағы қарым-қатынастарға iзгi сипат беру iсiнде ерекше көзге түскен Республика азаматтарын мемлекеттiк наградалармен наградтауға ұсыну жөнiндегi жұмысты ұйымдастырсын;
4) саяси қуғын-сүргiн құрбандарына жаңа ескерткiштер орнату және бұрын орнатылған ескерткiштердi, олардың жаппай жерленген орындарын тиiстi күйге келтiру жөнiнде шаралар қолдансын;
5) осы Жарлықты iске асыру жөнiнде өзге де қажеттi шаралар қолданатын болсын. U973443
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу жылына арналған тиын теңгелер шығаратын болсын.
4. Осы Жарлық жарияланған сәтiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
1997 жылды Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу жылы деп жариялау туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1996 жылғы 30 желтоқсандағы N 3299
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз