Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 18 қарашадағы N 3223 өкiмiн жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 27 қаңтардағы N 103. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.08.19. N 857 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасында Ұлттық лотереяларды ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 18 қарашадағы N 3223 өкiмiн орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. Қоса берiлiп отырған: 
      Қазақстан Республикасының Ұлттық лотереясы туралы ереже; 
      Қазақстан Республикасында Ұлттық лотереяларды ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi Кеңес (бұдан әрi - Кеңес) туралы ереже бекiтiлсiн. 
      2. Лотереяларды ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi қызмет түрлерiне лицензия алған ұйымдастырушылар - заңды және жеке тұлғалар 1997 жылдың 15 сәуiрiне дейiн өздерiнiң қызметтiң осы түрiне арналып бекiтiлген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн белгiленген тәртiппен бекiтсiн. 
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi: 
      Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен бiрлесiп Кеңестiң қатысуымен кейбiр заң актiлерiнiң тиiстi лицензиясыз лотереялар өткiзуден алынған табыстарды алып қою бөлiгiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың жобасын әзiрлесiн; 
      үш ай мерзiмде Қазақстан Республикасының аумағында лотереяларды ұйымдастыру мен өткiзу саласында жасалған жұмыстар туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне есеп тапсырсын. 
      4. Мемлекеттiк салық комитетi мен Кеден комитетi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен бiрлесе отырып Кеңестiң қатысуымен ұлттық лотереяларды ұйымдастыру мен өткiзу жөнiнде шешiм қабылдануына байланысты "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 24 мамырдағы N  2235  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж, N 6, 43-құжат) және "Қазақстан Республикасындағы Кеден iсi туралы" 1995 жылғы 20 шiлдедегi N  2368  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж, N 13) Заң күшi бар Жарлықтарына енгiзiлетiн тиiстi өзгерiстер мен толықтырулардың жобасын әзiрлесiн. 
      5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Кеңеске оның қызметiн қамтамасыз ету мақсатында қажеттi үй-жай беретiн болсын. 
      6. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiгiне Кеңеспен бiрлесiп ұлттық лотереяны кеңiнен жарнамалауды ұйымдастыру ұсынылсын. 
      7. Министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер және өзге де орталық және жергiлiктi атқару органдары ұлттық лотереяларды таратуда қажеттi жәрдем көрсетсiн. 
      8. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат) 1-қосымшасына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 
      реттiк нөмiрi 18 және 27 жолдар мынадай редакцияда жазылсын: 
      "18. Қазақстан Республикасының Республиканың барлық 
           Үкiметi аумағында лотереяларды
           (мемлекеттiктен басқа) 
           ұйымдастыру және өткiзу; 

      27. Облыстардың және Алматы Қоғамдық тамақтандыру 
          қаласының әкiмдерi пункттерiнiң қызметi 

          Бас тiгулер мен казиноларды ұйымдастыру және
          өткiзу    
          Май құю станцияларын ұстау және пайдалану".

      9. "Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттiк лотереяларды өткiзу мен ұйымдастырудың тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 1 қарашадағы N 1344 қаулысының күшi жойылған деп танылсын. 

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы        
Үкiметiнiң               
1997 жылғы 27 қаңтардағы        
N 103 қаулысымен           
Бекiтiлген                

  Қазақстан Республикасындағы Ұлттық лотерея туралы
ЕРЕЖЕ 

      1. Ұлттық лотерея - бұл мемлекеттiк лотерея.
      2. Жергілікті өкілді органдардың лотереялар өткізуінен алынатын кірістерден басқа, ұлттық лотереяларды өткізуден алынатын кірістер республикалық бюджетке есептеледі.<*> 
       Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.04.13. N  565  қаулысымен.  
      3. Заңды және жеке, оның iшiнде шет елдiк тұлғалардан тартылған қаражаттар ұлттық лотереяларды өткiзу көзi болып табылады. 
      4. Ұлттық лотереяларды өткiзудiң нақты шарттарын Кеңес бекiтедi. 
      5. Ұлттық лотереяның мiндеттi деректемесi оның атауына "ұлттық" деген сөздiң болуы. 
      6. Ұлттық лотереяны, компьютерлiктi қоса, ұйымдастыру мен өткiзу Қазақстан Республикасында ұлттық лотереяларды ұйымдастыру мен өткiзу жөнiндегi Кеңестiң немесе Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсыруымен - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң ерекше құқығы болып табылады.
      7. Ұйымдастырушы-инвесторлармен ұлттық лотереяларды, компьютерлiктi қоса, өткiзу жөнiндегi контрактiлер тек қана тендерлiк негiзде жасалады деп белгiленсiн. 

Қазақстан Республикасы         
Үкiметiнiң               
1997 жылғы 27 қаңтардағы        
N 103 қаулысымен            
Бекiтiлген               

  Қазақстан Республикасында Ұлттық лотереяларды
ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi Кеңес туралы
ЕРЕЖЕ

  I. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасында Ұлттық лотереяларды ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi Кеңес (бұдан әрi - Кеңес) Қазақстан Республикасының аумағында ұлттық лотереяларды ұйымдастыру мен өткiзудi жүзеге асырады, ұлттық лотереяны өткiзетiн ұйымдардың қызметiне бақылау жасайды, лотереяға қатысушылардың құқықтары мен мүдделерiнiң қорғалуын қамтамасыз етедi, Ақмола қаласының құрылысы мен дамыту жөнiндегi шараларды қаржыландыруға, сондай-ақ Зейнетақы қорына арналған қосымша бюджеттен тыс қаражаттар тартады. 
      2. Кеңес өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiн басшылыққа алады. 

  II. Кеңестiң мiндеттерi мен функциялары 

      3. Ұлттық лотереяны өткiзу саласындағы бiрыңғай саясатты жүзеге асыру кезiндегi Кеңестiң басты мiндетi:
     ұлттық лотереяны өткiзудi ұйымдастыру;
     ұлттық лотереяға қатысушылардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау;
     ұлттық лотереяны өткiзудi өз құзыретi шегiнде қамтамасыз ету болып табылады.
     4. Жүктелген мiндеттерге сәйкес Кеңес мынадай функцияларды атқарады:
     лотереяларды өткiзу мен ұйымдастыру саласындағы қатынастарды реттейтiн заңдар мен өзге де нормативтiк актiлердiң жобаларын әзiрлеуге қатысады;
     ұлттық лотереяны ұйымдастырады және өткiзедi;
     Қазақстан Республикасының аумағында ұлттық лотереяларды ұйымдастыру мен өткiзу бақылау жасайды;
     Қазақстан Республикасының аумағында ұлттық лотереяларды өткiзу жағдайы мен дамытудың перспективасына талдау жасайды. 
      Ескерту. 4-тармақтың 5,6-абзацтары алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 
1998.12.23. N  1328  қаулысымен. 

  III. Кеңестiң құқықтары 

       5. Кеңес өзiне жүктелген мiндеттер мен орындайтын функцияларына сәйкес мынадай құқықтарға ие: 
      қажеттi қаржыландыру мен ұлттық лотереяларды өткiзу тәжiрибесiн алу мақсатында тендерлiк негiзде лотереялар өткiзуден әлемдiк тәжiрибесi бар шетелдiк әрiптестер таңдауды жүзеге асырады; 
      ұлттық лотереяларды өткiзуге қатысушылардың қызметiн реттейтiн мәселелер жөнiнде өз құзыретi шегiнде шешiм қабылдайды; 
      Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұлттық лотереяларды ұйымдастыру және дамыту мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетiн әрекеттердi тоқтату немесе актiлердi жою туралы ұсыныс енгiзедi; 
      мемқаржыбақылау органдарынан бақылау жұмысының нәтижелерi туралы өз құзыретi шегiнде мәлiметтер сұратады; 
      басқа мемлекеттердiң лотерея билеттерiн Қазақстан Республикасының аумағында тарату жағдайлары туралы құзыреттi органдармен келiссөздер жүргiзедi; 
      ұлттық лотереяларды өткiзудiң нақты шарттарын бекiтедi; 
      ұлттық лотереяларды өткiзуден түскен кiрiстi Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған тәртiппен Ақмола қаласының құрылысы мен Зейнетақы қорына бөлудi жүзеге асырады. 
       Ескерту. 5-тармақтың 5,6-абзацтары алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 
1998.12.23. N  1328  қаулысымен. 

  IV. Кеңестiң қызметiн ұйымдастыру 

      6. Кеңестiң Кеңеске жүктелген мiндеттердi орындауға түгелдей толық өкiлеттiгi бар және жауапты төрағасы, екi орынбасары және алты Кеңес мүшесi болады. Кеңестiң құрамын Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi. 
      7. Кеңестiң ұлттық лотерея мәселелерi жөнiндегi шешiмi Кеңес мүшелерiнiң көпшiлiк даусымен қабылданады. Шешiм хаттама түрiнде ресiмделедi. 
      8. Кеңес өз қызметiн қамтамасыз ету мақсатында қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өз бақылауында болатын және оған есеп беретiн атқарушы орган құра алады. 
      Атқарушы органның басшысы Кеңестiң құрамына белгiленген тәртiппен лауазымы бойынша кiре алады. 
      9. Атқарушы орган, ол құрылған жағдайда, өз қызметiн Кеңес бекiткен смета бойынша жүзеге асырады. 
      10. Кеңестiң төрағасы: 
      Кеңес мүшелерiнiң өзара мiндеттерiн бөледi; 
      өз құзыретi шегiнде Кеңес мүшелерi, атқарушы органдар үшiн мiндеттi болып табылатын шешiмдер қабылдайды және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады; 
      мемлекет және Үкiмет басшылығымен, орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен, сондай-ақ шет елдiк үкiметтiк және өзге де ұйымдармен, заңды және жеке тұлғалармен қатысты Кеңес атынан шығады. 
      11. Кеңес мүшелерi немесе атқарушы органның қызметкерлерi өздерiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру кезiнде қолданылып жүрген заңдарды басшылыққа алуға мiндеттi. Өз мiндеттерiн орындамағаны немесе немқұрайлы орындағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершiлiкте болады. 
      12. Кеңеске берiлген немесе оған бекiтiлген мемлекеттiк мүлiкке иелiк ету немесе пайдалану құқығы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылады. 

  V. Тарату немесе қайта ұйымдастыру 

       13. Кеңестi тарату немесе қайта ұйымдастыру белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады