1. Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгi "Маңғыстаумұнайгаз" акционерлiк қоғамына Ащыағар, Айрантақыр, Солтүстiк Аққар, Придорожное, Атамбай-Сарытөбе және Бектұрлы кен орындарында көмiрсутегi шикiзатын өндiруге және барлауға белгiленген тәртiппен лицензиялар беру туралы шешiм дайындасын.
2. "Маңғыстау облысының әлеуметтiк-экономикалық даму мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 29 қаңтардағы N 124 P970124_ қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
2-тармақтағы "Придорожное және Солтүстiк Аққар" деген сөздер алынып тасталсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi