Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнiң патент ведомствосы туралы ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 7 ақпан N 175. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.05.23. N 875 қаулысымен. ~P970875

 


     Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

     1. Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнiң

Патент ведомствосы (Қазпатент) туралы қоса берiлiп отырған Ереже

бекiтiлсiн.

     2. "Қазақстан Республикасының Ұлттық патент ведомствосы туралы

ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы

6 наурыздағы N 284 


P960284_


  қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,

1996 ж., N 11, 82-құжат) күшi жойылған деп танылсын.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi

                                    Қазақстан Республикасы

                                          Үкiметiнiң

                                    1997 жылғы 7 ақпандағы

                                      N 175 қаулысымен

                                         Бекiтiлген


          Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда

           министрлiгiнiң Патент ведомствосы туралы

                             ЕРЕЖЕ



 
       1. Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнiң Патент ведомствосы (Қазпатент) өнеркәсiп меншiгi объектiлерiн (өнертабыстарды, пайдалы модельдердi, өнеркәсiп үлгiлерiн, тауарлық белгiлердi, қызмет көрсету белгiлерiн және тауарлардың шыққан жерлерiнiң, өсiмдiктердiң жаңа сорттары мен жануарлардың жаңа тұқымдарының атауларын) құқықтық қорғау саласында мемлекеттiк саясат жүргiзудi қамтамасыз ететiн және өз қызметiн Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнiң келiсуiмен жүзеге асыратын мемлекеттiк басқару органы болып табылады.
      2. Қазпатент өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының басқа нормативтiк-құқықтық заң актiлерiн, Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттар мен келiсiмдердi, Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнiң нормативтiк құжаттарын және осы Ереженi басшылыққа алады.
      3. Қазпатенттiң негiзгi мiндеттерi:
      Қазақстан Республикасының бiрыңғай патент жүйесiн құру және оны басқару;
      өнеркәсiп меншiгi объектiлерiне қорғау құжаттарын (алдын ала патенттер, патенттер мен куәлiктер), авторлар куәлiктерiн беру;
      өнеркәсiп меншiгiн қорғайтын заңдар мен нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын жасауға қатысу және олардың сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
      мемлекеттiк патент-ақпарат базасын қалыптастыру;
      өнеркәсiп меншiгiн қорғау саласында ақпарат және баспа қызметiн ұйымдастыру;
      республика өнеркәсiп меншiгiнiң шетелдегi объектiлерiн патенттеу жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;
      өнеркәсiп меншiгiн қорғау саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
      өнеркәсiп меншiгi объектiлерiн құқықтық қорғау саласында мамандар даярлауды ұйымдастыру, мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру, патенттiк сенiмдi өкiлдердi аттестациялау және оларды Қазпатентте тiркеу тәртiбiн белгiлеу;
      өнеркәсiп меншiгi объектiлерiн құқықтық қорғау және пайдалану саласындағы салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру болып табылады.
      4. Қазпатент өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:
      өнертабысқа, пайдалы модельдерге, өнеркәсiп үлгiлерiне патенттердi және тауарлық белгiлерге, қызмет көрсету белгiлерiне және тауардың шыққан жерiнiң атауын пайдалану құқығына куәлiктердi беруге түскен өтiнiмдердi тiркейдi;
      қорғау құжаттарын беруге түскен республикалық және шетелдiк өтiнiмдерге мемлекеттiк сараптама жүргiзудi ұйымдастырады, өнеркәсiп меншiгi объектiлерiнiң мемлекеттiк реестрiн жүргiзедi, Қазақстан Республикасының атынан қорғау құжаттарын бередi, олардың күшiнде болуын қолдау жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;
      қорғау құжаттарын беруге түскен өтiнiмдер бойынша мемлекеттiк сараптама шешiмдерiне келiспеушiлiктер мен шағымдарды, сондай-ақ жеке тұлғалардың Қазпатент құзыретiне жататын мәселелер бойынша басқа да өтiнiштерiн қарауды ұйымдастырады;
      өнеркәсiп меншiгi объектiлерiн қорғау жөнiндегi заңдар мен нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру бойынша жұмыс жүргiзедi, өнеркәсiп меншiгi объектiлерiн қорғау саласындағы заңдарды қолдану тәжiрибесiн талдап, қорытуды жүзеге асырады;
      қорғалатын өнеркәсiп меншiгi объектiлерi жөнiнде ресми бюллетеньдердi, сондай-ақ ақпараттық материалдарды және Қазпатент тiң құзыретiне жататын басқа да әдебиеттердi басып шығаруды қамтамасыз етедi;
      республика министрлiктерiмен және мемлекеттiк комитеттерiмен бiрлесiп, тиiстi атқарушы органдарға өнеркәсiп меншiгi объектiлерiн экспорттауға және импорттауға лицензиялар берудiң және ноу-хаудың орынды екенi туралы қорытындылар бередi;
      Қазпатент атқаратын заңдық маңызы бар iс-қимылдардың тiзбесi мен оларды орындағаны үшiн алынуға шамаланып отырған патенттiк баж ставкаларын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне ұсынады;
      өнеркәсiп меншiгi объектiлерiн пайдалануға лицензиялық шарттарды және Қазақстан Республикасының қорғау құжаттарын берудiң шарттарын тiркейдi;
      өнеркәсiп меншiгi объектiлерiн құқықтық қорғау саласында мамандар даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыруды, патенттiк сенiмдi өкiлдердi аттестациялауды ұйымдастырады;
      өнеркәсiп меншiгi объектiлерiн құқықтық қорғау және пайдалану саласындағы ғылыми-зерттеу және басқа да жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етедi;
      Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының, ұйымдардың және басқа да заңды тұлғалардың, олардың ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысандарына қарамастан өнеркәсiп меншiгi объектiлерiн құқықтық қорғау мен пайдалану мәселелерi жөнiндегi қызметiн үйлестiредi;
      өнеркәсiп меншiгi объектiлерiн құқықтық қорғау мен пайдалану мәселелерi бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      ведомстволық бағынысты мекемелердiң қызметiне басшылық жасайды.
      5. Қазпатентке:
      өнеркәсiп меншiгi объектiлерiн қорғау саласындағы қатынастарды құқықтық реттеу мәселелерi жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгiмен келiсiлген ұсыныстар енгiзу, өнеркәсiп меншiгi объектiлерiн қорғау мәселелерi жөнiнде өз құзыретi шегiнде түсiндiрме беру;
      өз құзыретi шегiнде нормативтiк актiлердi әзiрлеу мен бекiту;
      өнеркәсiп меншiгi объектiлерiн қорғауға байланысты құжаттардың бiрыңғай нысандарын бекiту;
      өнеркәсiп меншiгi объектiлерiн құқықтық қорғау мәселелерi жөнiнде халықаралық шарттар жасасу және оларға қосылу туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiне белгiленген тәртiппен ұсыныстар енгiзу құқығы берiледi.
      6. Қазпатенттi Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда министрлiгiнiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын Төраға басқарады. Төрағаның бiр орынбасары болады.
      7. Төраға Қазпатентке жүктелген мiндеттердiң орындалуы үшiн дербес жауап бередi, оның жұмысын ұйымдастырады және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметiне басшылық жасайды, олар туралы ережелердi бекiтедi;
      Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдармен, сондай-ақ мемлекеттiк және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынаста Қазпатенттiң мүддесiн бiлдiредi;
      қолданылып жүрген заңдардың негiзiнде әрi олардың орындалуы үшiн Қазпатенттiң және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметiне қатысты бұйрықтар мен өзге де нормативтiк актiлердi шығарады, олардың орындалуын тексерудi ұйымдастырады;
      қажет болған жағдайда басқа орталық атқарушы органдармен, сондай-ақ республиканың мекемелерiмен, ұйымдарымен бiрлесе отырып немесе келiсе отырып, орындалуы мiндеттi нормативтiк актiлер қабылдайды;
      өз құзыретi шегiнде ведомстволық бағынысты мекемелердiң басшыларын қызметке тағайындайды және босатады;
      Қазпатент қызметкерлерiнiң еңбек заңдарына сәйкес жұмыс жағдайының, сондай-ақ жұмыстар атқару, қызмет көрсету бойынша шартқа отыру тәртiбiн белгiлейдi;
      өз өкiлеттiгi шегiнде әлеуметтiк-тұрмыстық сипаттағы мәселелердi шешедi;
      Қазпатенттi және ведомстволық бағынысты ұйымдарды қаржыландыруға бөлiнген қаражатты бөлушi болып табылады.
      8. Қазпатент республикалық бюджет қаражаты, сондай-ақ өнеркәсiп меншiгi объектiлерiн қорғауға байланысты заңдық маңызы бар iс-әрекеттер жасағаны үшiн алынатын патенттiк баждар есебiнен қаржыландырылады.
      9. Қазпатент белгiленген тәртiппен статистикалық, бухгалтерлiк есептiлiк жөнiндегi мәлiметтердi әзiрлеудi және тиiстi органдарға берудi қамтамасыз етедi.
      10. Қазпатент заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген, қазақ және орыс тiлдерiнде өз атауы жазылған дөңгелек мөрi, тиiстi мөрлерi мен мөртаңбалары болады.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады